“ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒАРЫШ КҮНДЕРІ: БАЙҚОҢЫР – ӘЛЕМДІК ҒАРЫШКЕРЛІК БЕСІГІ” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСҚАН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЗЕРТХАНАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ІС-САПАРЫНАН ЕСЕПТЕМЕ

"Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі" халықаралық форумына қатысқан ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЗЕРТХАНАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ іс-сапарынан есептеме

12-13 қараша күндері ЭКСПО Конгресс орталығы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің  ұйымдастыруымен "Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр - әлемдік ғарыш бесігі" атты халықаралық форум өтті.

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы әр жыл сайын 2013 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы жылғы іс-шараның ашылу салтанатына  ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысты, сондай-ақ, форумға әлемнің 25-тен астам елінен 650 адам қатысты - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылары, ҚР Парламентнің Мәжіліс және Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері, шетелдік мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері, "Роскосмос", "Airbus Defence and Space" корпорацияларының өкілдері, отандық және шетелдік ұйымдар: "М. В. Хруничев атындағы МҒҒӨО", "М.Ф. Решетнев атындағы АЖЖ" АҚ, "Транстелеком", "One Web", "Thales Alenia Space", SES, "Leica Geosystems, Satrec Initiative", "Eutelsat" және тағы басқа ұйымдар қатысты.

1

2

География Институты атынан форумға қатысу үшін географиялық ақпараттық жүйелер зертханасының қызметкерлері: г.ғ.к. Қарағұлова Р.Қ және ғылыми қызметкер Искалиева Г.М. іс-сапарға жіберілді.

Форумда «Байқоңыр» ғарыш кешенінің даму болашағы, экономика саласындағы мәселелерді шешуде ғарыштық өнімдерді тиімді пайдалану, соңғы 10 жылдағы Қазақстандағы ғарыш қызметінің нәтижелері, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық және саланың дамуы талқыланды.

Форум үш бағытта өтті: Байқоңыр Космодром: Қайта жүктеу; Ғарыштан және спутниктік навигациядан қашықтықтан зондтау технологиялары; Болашақ спутниктік байланыстар. «Ғарыштан және спутниктік навигациядан қашықтықтан зондтау технологиялары» блогы бойыша әртүрлі тақырыптарда жалпы отырыстар болды.  Форумның бірінші күнінде «Ғарыштық технологияны қолдана отырып, Қазақстан Республикасындағы су объектілерін бақылауда спутниктік кескіндер мен географиялық ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесі» тақырыбындағы жалпы отырыста географиялық ақпараттық жүйелер зертханасының жетекшісі г.ғ.к. Қарағұлова Р.Қ «ГАЖ технологиясын қолдану арқылы қашықтықтан зондтау деректері негізінде су объектілерін бақылау» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада География институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарында ғарыштық түсірімдерді қолдану тәжірибесі мен  қашықтықтан зондтау деректері негізінде су объектілерін бақылау бойынша атқарылған жұмыстар нәтижелері туралы айтты.

3 4