БҰҰ-ның 2020 жылға арналған су ресурстарының жай-күйі туралы Дүниежүзілік баяндамасының таныстыруы

30.04.2020 жылы "Су ресурстары және климаттың өзгеруі" атты БҰҰ-ның 2020 жылға арналған су ресурстарының жай-күйі туралы Дүниежүзілік баяндамасының онлайн-таныстыруы өтті. Оны ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кеңсесі «Орнықты даму орталығы» қоғамдық қорымен және CAR@WAN су ресурстарының әлеуетін арттыру жөніндегі Орталық Азия аймақтық желісімен бірлесіп ұйымдастырды. «Қазақстандағы су ресурстарына климаттың өзгеруінің әсері мен климаттың өзгеруіне бейімделу және оның салдарын азайту бойынша ұсынылған шаралар» баяндамасын Қазақстан Республикасының «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, табиғи-шаруашылық жүйесін сумен қамтамасыздандыру және математикалық үлгілеу зертханасының меңгерушісі, г.ғ.д., әл-Фараби атындағы 2019 ж. Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Толеубаева Л.С. жасады.