ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ ЗЕРТХАНАСЫ

  Зертхана жетекшісі – география ғылымының кандидаты, Әбітбаева  Айнагүл  Дуйсенқызы E-mail: ainagul_1982@mail.ru

Тарихы. Халықтың тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгi мен табиғи - шаруашылық жүйелерін тұрақты даму үшiн бедерлi ортаны iргелi және ғылыми қолданбалы зерттеу Қазақстандағы геоморфология ғылымының қазiргi зерттеулерінің негiзгi мақсаты болып табылады.

Зертхана 1991 жылдың тамызында институт директоры профессор Н. К. Мукитанов пен директор орынбасары А. Р. Медеудің бастамасымен Қ.И.Сәтпаев атындағы геология ғылымдары институтының физикалық география және геоморфология секторының базасынан ашылды. Зертхананың бірінші жетекшісі  iргелi және қолданбалы зерттеулер бағытын, оның негiзгi даму жолдарын анықтаған Э.И.Нурмамбетов болды

1999 жылдан бастап  институтта тұңғыш рет институттың барлық құрылымдық бөлiмшелерiнде қазiргі кезде кең қолданылатын зертхана базасында ГАЖ-мен карта жасау дами бастады.

Зертхана бүгiнде Қазақстандағы геоморфология бойынша жалғыз мамандандырылған ғылыми бөлiмше болып табылады және Қ.И.Сәтпаев атындағының геология ғылымдары институтының Г.Ц.Медоевпен құрған геоморфология мектебiнiң құқылы мирасқоры болып есептеледі.

Зертханаға екi тақырыптық топтар қосылған: геоморфология және топонимикалар.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары

Зертхана қызметкерлерi халықтың тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгi мен табиғи-шаруашылық жүйелерінің тұрақты даму мақсаттарындағы рельефтерді  iргелi және ғылыми - қолданбалы зерттеумен шұғылданады:

  • Қазақстанның қазіргі табиғи-антропогенді геоморфогенезі;
  • Қазақстанның қазіргі табиғи-антропогенді рельефтүзуші процесстерді картаграфиялау және зерттеу;
  • аудандарындағы шаруашылықты қарқынды игеруді экологиялық - геоморфологиялық зерттеу;
  • қауiптi экзогендi процесстердiң дамуын және қауiп-қатердiң пайда болуын бағалау;
  • шөлденудiң активизациядағы геоморфология процесстер рөлдерін зерттеу;
  • бедерлi ортаның геоақпараттық тақырыптық және атластық картасын жасау;
  • қалпына келтiрiлген тарихи географиялық атауларды транслитерациялау және этимологияны ғылыми талдау.

Зертхананың кадрлық құрамында  16 маман бар, оның ішінде, 3 ғылым кандидаты, 7 география және жаратылыстану ғылымының магистрлары, 3 студент PhD докторанты, 2 магистратура студенттері ғылыми зерттеу сабақтастығын қамтамасыз ететін тұрақты ұжымды қалыптастырмақ. Зертхана қызметкерлерінің орта жасы 39 жас. Iргелi және қолданбалы жобалардың шеңберiнде кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру мақсатына бағытталған жобаларына зертхана белсене қатысады. Зертхана құрамы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің геоморфология және картография кафедрасын бiтiрушiлер мен студенттер ішінен жас қызметкерлермен үнемi толытырылады.

геморф2

 

  • Қазақстанның қазіргі геоморфогенезін зерттеу;
  • Қазақстандағы тұрақсыз аймақтарды экологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан зерттеу;
  • Қауіпті рельеф түзуші үрдістердің қауіп-қатер туғызуын зерттеу;
  • Қалалық аумақтардың геоморфологиясы;
  • Жер деградациясы мен шөлдену үрдістерін зерттеу;

Жарияланымдары

Абдрахманов С.А., Базарбаев К.Б., Медеу А.Р. Казахско-русский толковый словарь народных географических терминов. Алматы. 2012 г., 208 с.

Акиянова Ф.Ж., Аскарова М.А., Искаков Н.А., Медеу А.Р., Мальковский И.М., Скоринцева И.Б., Токмагамбетова Р.Ю. Национальный атлас Республики Казахстан – картографическая основа устойчивого развития // Материалы международной конференции «Национальные атласы в формировании глобального информационного пространства», 12-15 сентября 2012 г., Киев. 2012. – С. 25-32.

Есжанова А.С., Сейдакулова Н.К. Подходы и критерии качественной и количественной оценки воздействия рельефообразующих процессов на опустынивание./ Материалы международной научно-практической конференции "Современные проблемы гуманитарных и естественных наук". Москва, 2012. – С. 346-350.

Әбдірахманов С.Ә., Макенова А.М. Суверенному Казахстану – суверенная топонимика // Журнал «Вопросы географии и геоэкологии». – 2013.– №2. – С. 48-57.

Есжанова А.С., Халыков Е.Е. Критерии оценки воздействия водной эрозии на обеспечение продовольственной безопасности Казахстана // «Вопросы географии и геоэкологии». – 2013.– № 1 – С. 36-43.

ЕсжановаА.С., АбитбаеваА.Д. Критерии оценки воздействия процессов засоления на обеспечение продовольственной безопасности Казахстана // Вопросы географии и геоэкологии.- Алматы, 2012.- №3. – С.15-20.

Лый Ю.Ф. Аспекты изучения эколого-геоморфологических условий Казахстана // «Вопросы географии и геоэкологии». – 2013.– № 3.-С.9-13.

Митрофанова А. Н., Калита Р. Ш. Экзогенные процессы и экологическое состояние межгорных впадин Алматинской области (Балкашская, Алакольская, Илийская) // «Вопросы географии и геоэкологии.– 2013. – № 3. – С. 15-21.

Митрофанова А.Н., Калита Р.Ш. Развитие антропогенных процессов на территории Алматинской области // Журнал «Вопросы географии и геоэкологии». – 2014. – № 1. – Алматы: ТОО «Институт географии», изд-во ТОО «Арко», 2014. – С. 15-20.

Akiyanova F.Zh., Yegemberdiyeva K.B., Abitbayeva A.D., Temirbayeva R.K. Problems of desertification of the territory of Kazakhstan: Status and forecast // Life Science Journal. – 2014.-Vol. 11.-Iss.10s.-P.341-345.

Akiyanova F.Zh., Temirbayeva R.K., Bekkuliyeva A.A. Functional zoning of the Kazakhstan's part of the Caspian sea shore for optimization of nature management // Life Science Journal. – 2014.-Vol.11.-Iss.10s.-P.465-470.

Тулепова А.А., Есимбеков Г.А., Лый Ю.Ф. Воздействие линейного транспорта на природно-хозяйственную среду Алматинской области // Журнал «Вопросы географии и геоэкологии» – 2014. – № 2. – Алматы: ТОО «Институт географии», изд-во ТОО «Арко», 2014. – С. 50-58.

Митрофанова А.Н., Калита Р.Ш. Геоморфологические условия, связанные с опасными экзогенными процессами на территории Алматинской области // Журнал «Вопросы географии и геоэкологии», 2014. – № 1. – C.72-76.

Митрофанова А.Н., Калита Р.Ш. Формирование парагенезов опасных геодинамических  процессов Рудного Алтая под влиянием техногенных факторов // Известия  Национальной Академии Наук Республики Казахстан. Серия геологии и технических наук (в печати).

Джамалова Г.А., Еликбаев Б.К., Халыков Е.Е., Мусабекова К.О. Техногенное воздействие промышленности на воздушный бассейн Казахстана // Труды Международных Сатпаевских чтений «Роль и место молодых ученых в реализации стратегии «Казахстан-2050». – 2014. – Т. 2. – Алматы: изд-во Казахский национальный технический университет им. К.И. Сатпаева, 2014. – С. 514-523.

Абитбаева А.Д. Современные рельефообразующие процессы территории заповедника Аксу-Жабаглы // Республиканская научно-практическая конференция «Сохранение и эффективное управление экосистемами как основа перехода к «Зеленой экономике»» (25-26 июля – Каркаралинск-2013) Караганда: «Гласир», 2013. – С. 5-8.

Егембердиева К.Б., Темирбаева Р.К. // Картографический метод оценки природных рекреационных ресурсов для организации отдыха и туризма // Республиканская научно-практическая конференция «Сохранение и эффективное управление экосистемами как основа перехода к «Зеленой экономике»» (25-26 июля – Каркаралинск-2013) Караганда: «Гласир», 2013. – С. 49-52.

Абитбаева А. Д., Валеев А.Г., Егембердиева К.Б. Мониторинг абразионных процессов (на примере озера Алаколь Республики Казахстан) // Международная научно-практическая конференции молодых ученых, посвященная 95-летию Национальной академии наук Украины «Потенциал современной географии в решении проблем развития регионов» (3-5 октября 2013 г.).– Киев: Логос, 2013. – С.324-330.

Беккулиева А.А. Маңғыстау түбегінде карст қалыптасуының негізгі жағдайлары және оның өзгеруіне ықпал ететін антропогендік әсер ету көздері // VII «Жандаев оқулары». Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (17-18 сәуір). – Алматы, 2013. – Б. 56-60.

Беккулиева А.А. Карсттық карта түрлері мен картографиялық әдістің қолданылуы // Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы материалдары (17-19 сәуір). – Алматы, 2013. – Б. 205-207.

Экспедициялық және далалық зерттеулер

Алматы облысы маңында геоморфология және геоақпараттық картографиялау  зертханасында жыл сайын далалық зерттеу жасалады. Далалық зерттеулердің мақсаты  мониторингтік желі жасау шең берінде бақылау реперлерін орнату мен Алматы облысы маңындағы  таулы және жазық  аумақтардың қазіргі экзогенді рельеф түзуші үрдістердің динамикасын бағалау болып табылады. Далалық жұмыстар мынадай үрдіс бойынша жасалды: опырылымдық-қорымдық, жылжымалық, денудация, жазықтықтық шайылуы, эрозиондық үрдістер, жыралық эрозия мен абразия. Бөлінген үлесімдерде реперлер орнатыл ған болатын, фотофиксация мен сипаттама жасалады.

Таулы және жазық аумақтарда табиғатты пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында негатив зардаптарының әсер ету үрдістерін азайтуға  және қауіпті рельеф түзуші үрдістердің дамуын болдырмауға арналған кепілдеме жасау үшін Алматы облысы аумақтары бойынша олардың дамуы мен болжамдарын жасау, белсенді үрдістердің пайда болуы мен даму жағдайын зерттеу мақсатында рельеф түзуші үрдістерге мониторинг жасалды.

геморф3

Жазықтықтық шаюға арналған Терісбұтақ шатқалы беткейіне реперлерді орнату

геморф4

Екі репер арасындағы керілген арқанмен  қақпақты бояу