Гляциология зертханасы

Зерхана жетекшісігеография ғылымының кандидаты

Төребек Ғанибекұлы Тоқмағамбетов

Іргелі және қолданбағы зерттеулердің

ғылыми жетекшісі –География ғылымының

докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі,

ЮНЕСКО халықаралық бағдарламалары

бойынша ҚР Ұлттық комитетінің төрағасы,

Халықаралық Гляциологиялық

Ассоциоциясының вице-президенті

Игорь Васильевич Северский

Тарихы

География секторындағы гляциологиялық зерттеу Н. Н. Пальговтың басшылығымен 1939 жылы басталды, Гляциологиялық зерттеулер әсiресе ХГЖ - Халықаралық геофизика лық жылдың кезеңдерiнде қарқынды түрде дамыды (1957-1959 жж)., ХГБ  Халықаралық гидрология бағдарламалары мен Халық аралық гидрологиялық он жылдығы - ХГО  (1965 - 1974 жж) бұрынғы КСРО басқа географиялық орталықтармен бiрлесiп Қазақстанның барлық таулы - мұздық тар аудандарын кешендi гляциогидроклиматтық  зерттеуді толық жасаған болатын. «Мұздықтар режимінің өзгерулері» халықаралық  бағдарламалар әсері мен КСРО мұздықтарының Каталогын құрастыру 1963 жылдан бастады. ҚазСРО ҒА География секторының ғалымдары 1965–1974 жж  ХГО бағдарламасына қатысты.  1980-ші жылдары  үшін «Дүниежүзіндегі қар-мұздықтар ресурстарының атласы» 80-ге жуық гляциологиялық карталар құрастырыл ған болатын. Гляциологиялық зерттеулердің әртүлі кезеңдерінде  Қазақстанның барлық таулы аудандары қамтылды Жоңғар және Іле Алатауы ең көп зерттелген аудандары болып табылады. Бұл ауданда  Шумский мен Тұйықсу – этолонды мұздықтар өзгерулерінің Дүниежүзілік қызметі орналасқан.

Гляц3

 

Негізгі бағыттары

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:

  • ағындардың қалыптасы зонасындағы криосфера құрамбөліктерін дамыту мониторингі (қар жамылғысы, мұздықтар, жерасты мұзы);
  • мұздықтар ресурстары мен мұзбасу ауқымдарын жеткілікті түрде нақты анықтау үшін бақылау бассейндерінің көлеміндегі жаңа мұздықтар каталогын жасау;
  • XX ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басында мұздықтар эволюциясының климаттық жағдайын зерттеу, абляция және ағындар;
  • трансшекаралық бассейндер аумақтарындағы климаттық қар шекарасы биіктігінің таралу картасын жасау және есептеу;
  • қар шекарасы биіктігіндегі қатқыл жауын-шашындар аккумуляциясының жылдық таралу картасын жасау және есептеу;
  • трансшекаралық бассейндердегі мұздықтар жүйесінің қазіргі және болжамдық өзгерістерін бағалау ;
  • көпжылдық тоң жыныстарының температуралық режиміндегі климатқа байланысты өзгерістерін бағалау.

Орындалған іргелі және қолданбалы  бағдарлама ғылыми зерттеулерде төмендегі негізгі нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді:

  • 1956, 1975, 1979 және 1990 жж. мұздықтар каталогтарының  салыстыр малы талдаудың негiзде аэрофото түсiрілімдерінің материалдар бойынша жасалған және 1955 жылдан 2011жылбар аралығындағы таулы аймақтардың мұзбасу динамикасын зерттеудің келесі кезеңдерінің ғарыштық түсiрілімдері мен 2050 жылға дейiнгі кезеңдердегі мұздық ресурстарының өзгерiстерiнiң ықтималды болжамы берілген;
  • мұзбасу деградацияларының екпiндерi соңғы жарты ғасыр iшiнде тұрақты болып қалмағандығы анықталды. Максимумнан кейiн 70-шi жылдардың ортасында олар айтарлықтай азайды деп санауға негіз бар өйкені дәл қазiргі уақытта азаю процессі жалғасып жатыр;
  • таудағы мұз қорларының (40 жыл бойы үштен бiрінен көп) түбегейлi қысқаруына қарамастан, соңғы он жыл iшiндегі ағындар нормаларының айтарлықтай өзгермегені айқындалды.Бұл мерзiм ағымында ағындардың қалыптасу зонасындағы жоғарғы қар қорлары мен атмосфералық жауын-шашындар нормалары тұрақты болып қалғандығы қандайда бір компенсациялық механизмнің бар болуын болжауға негіз береді;
  • жер бетiндегi мұзбасу қорларымен салыстырыл атын қорлары жер асты мұздарының еріген сулары ағынына түсуінің орынын толтырылатынын, мұз басу деградациясына қатысты ағынның жоғалуын дәлелденді. Орта Азия елдеріндегі су ресурстары жақын он жылдықтағы біршама тұрақтанып қалып, мұз басудың, климат өзгерiстерiнің үрдісінің сақтауында жауын-шашын  мен  қар қорларының жоғары сомаларына үмiттенуге негіз береді.

Мамандар

Қазіргі кезде зертханада 25 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, 1 доктор және 6 география ғылымының кандидаты, 2 ғылыми қызметкер, 3 кғқ, 7 жетекші инженер мен 2 техника бар.

 

Даму болашағы

ҚР-ның Үкiметі уәкiлі мен ЮНЕСКО бас директорының Астанада 2012 жылдың 29 мамырында қол қойылған ҚР-ның Үкiметі мен ЮНЕСКО арасындағы Келісімге сәйкес География институтты жанындағы гляциология зертханасы базасында құрылатын  ЮНЕСКО-ның құзырымен Орта- Азия Аймақтық гляциология орталығы институт глициологтарының мәртебелі куәлiгі болып табылады. Мұндай орталық әлемде тұңғыш рет жасалды.

Жарияланымдары

  1. Н.Н. Пальгов. Современное оледенение в Заилийском Алатау. Алма-Ата, 1958.
  2. Каталог ледников СССР. Л., 1965-70.
  3. Г.А. Токмагамбетов. Ледники Заилийского Алатау (формирование, строение, свойства, динамика). Алма-Ата,1976.
  4. К.Г. Макаревич, Е.Н. Вилесов, Р.Г. Головкова. Ледник Туюксу. Л., 1984.
  5. П.А. Черкасов. Радиационный баланс физической поверхности горного ледника в период абляции. Алма-Ата, 1980.
  6. Атлас снежно-ледовых ресурсов мира. М., 1990.
  7. П.А. Черкасов. Расчет составляющих водно-ледового баланса внутриконтинентальной ледниковой системы. Алматы, 2004.
  8. Severskiy I.V., Kokarev A.L., Severskiy S.I., Tokmagambetov T.G., Shagarova L.V., Shesterova I.N. Contemporary and prognostic changes of glaciation in Balkhash Lake basin. Almaty, 2006.
  9. Fluctuations of Glaciers. Paris, 1965-2000.
  10. Glacier Mass Balance Bulletin. Zurich, 1988 – 2004.
  11. Severskiy I.V. (Ed). Current and projected changes of glaciation in Central Asia and their probable impact on water resources// Assessment of Snow, Glacier and water Resources in Asia. Selected papers from the Workshop in Almaty, Kazakhstan, 2006. Koblenz, 2009.
  12. Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление: В 21-м томе. – Алматы, 2012. ISBN 978-601-7150-3. – Т. VI: Северский И.В. Снежно-ледовые ресурсы Казахстана /Северский И.В., Кокарев А.Л., Пиманкина Н.В. ISBN 978-601-7150-55-6. – 246 c.

Зертхана қызметкерлері 2 докторлық және 9 кандидаттық диссертациялар қорғады.

Экспедициялық және далалық зерттеу

Зертхананың эксперименттік базын жыл бойғы бақылау кешенімен Солтүстік Тянь-Шаньдағы 3 тау стационары құрайды, олар: 2500, 3400 м сәйкес  Үлкен Алматы өзенi бассейніндегі Жосалы Кезең геокриологиялық және «Үлкен Алматы көл » гидрофиз икалық,  3400м биіктіктегі Кіші Алматы өзеннiң бассейніндегі «Тұйықсу мұздығы»  гляциологиялық стационарлары. Мұздықтардың өзгертулерін бақылауға Дүниежүзілiк желiлерге жыл сайын түсетiн Тұйықсу мұздығы массасын құрайтын балансты  жыл бойы бақылаулары ТМД-елдеріндегi бақылаудың  өте ұзақ кезеңдері «Тұйықсу» стационарында сақталған болатын.«Жосалы Кезең асуы» стационарында көп жылдық тоң грунттарының температуралық режиміне бақылаулар жүргiзiледi және олардың жағдайына климаттық өзгерiстердің әсерi зерттеледi.