«География институты» ЖШС-ң Астана қ. филиалы

Директор  - география ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰЖҒА-ң академигі Ақиянова Фарида Жианшықызы

Тарихы

Филиал "Парасат" ҰХТХ-ң 2014 жылғы 13 ақпандағы Басқарма отырысының №89 қаулысы мен "География институты" ЖШС директорының 2014 жылғы 14 ақпандағы №03-Б бұйрығына сәйкес құрылды, келесі мекенжай бойынша негізделеді: 010000, Алматы ауданы, Республика даңғылы 24, 501, 504 офистер.

Филиал 2014 жылғы 6 наурызында ашылды. Институт барлық Қазақстан аумағы, соның ішінде Орталық және Солтүстік Қазақстан бойынша  іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулермен айналысады. 2014 жылға дейін Институт Қазақстанның оңтүстік және бастыс бөліктерінде орналасқан 6 стационарға басшалық жасады, сондықтан қалған аумақтарға жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізе алмады. Сонымен қатар, Қазақстанның астанасы –Астана қаласында орналасқан іргелі және қолданбалы жобаларға тапсырыс берушілермен – орталық атқарушы органдармен, экологиялық маманданған, сәулет-құрылыс ұйымдарымен өзара тиімді байланыс жасауда филиалды құрудың өндірістік маңызы болды.

Сондықтан, Астана қаласында Филиалды ашу жөнінде шешім қабылданды. Осылайша, 2014 жылдың мамыр айында оның мерекелі ашылуы болып өтті.

Географиялық орталықтан Қазақстанның орталық және солтүстік аймақтарының кеңістіктік қолжетімділігіне байланысты, Филиал тек уақытты ғана емес, қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Ғылыми қызметі

Филиал келесідей ғылыми-зерттеу жобаларымен айналысады:

 

2015-2017 жылдарға арналған бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру бойынша:

  1. «Қазақстан халқының қоныстану жүйесін жетілдірудің географиялық негіздері» жобасы «5. Жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулер» ғылым дамуының басым бағыты бойынша, «5.7. География» басым бағыты бойынша. Ғылыми жетекшісі г.ғ.д., проф. Ақиянова Ф.Ж. Жоба Институттың Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасымен бірге орындалады;
  2. 2015-2017 жж. арналған «Қазақстан аумағы арқылы еуразиялық транзиттің максималды мүмкін нұсқаларының ғылыми-техникалық негіздері» жобасы, басымдылығы бойынша: «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу». Бөлімнің ғылыми жетекшісі г.ғ.д., проф. Ақиянова Ф.Ж. Жоба Институттың Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасымен бірге орындалады;

 

2015-2017 жж. арналған гранттық қаржыландыру:

  1. «Климаттың өзгеру жағдайындағы Қазақстан Республикасының агроклиматтық ресурстары», басымдылығы бойынша: 1.«Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу». Басымдылық бағыты: 1.5 «Экология мен табиғатты тиімді пайдаланудың мәселелері». Ғылыми жетекшісі г.ғ.к., доцент Байшоланов С.С.
  1. «Агломерациялық даму жағдайында Астана қ. қала маңы зонасы аумағын экологиялық-геоморфологиялық бағалау», басымдылығы бойынша: 1. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу. Қолданбалы ғылыми зерттеудің басым бағыты бойынша: 1.5 Экология мен табиғатты тиімді пайдаланудың мәселелері. Ғылыми жетекшісі г.ғ.д., проф. Ақиянова Ф.Ж.

2015 ж. Филиал «Қазэкожоба» ЖШС-мен (ҒЗЖ) 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 2014-0231/5 Келісімшарты бойынша «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің жағалау сызығының қазіргі жағдайын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізу» тақырыбының «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің, Техникалық міндетте көрсетілген координат шегіндегі жекелеген аумақтардың экожүйесінің қазіргі жағдайының сипаттамасы» бөлімі бойынша жұмыс жасады.

2015 ж. Филиал Институттың Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының қызметкерлерімен және басқа да ғылыми ұйымдармен бірге «Іле-Балқаш және Арал-Сырдария жобаланған аймақтарының функционалдық зоналауын жасау» БҰҰДЖБ жобасымен айналысады.

Негізгі бағыттары

  1. Қазақстанның табиғи-шаруашлық жүйесіндегі шөлдену үдерісін бағалау, болжау және басқару;
  2. Қауіпті геоморфологиялық үдерістердің қалыптасуының заңдылығын анықтау, олардың әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау және зиянын төмендету бойынша ұсыныстар жасау;
  3. Халықтың қоныстану жүйесін жетілдіру, туризм мен рекреацияны дамыту мақсатында аумақты тұрақты ұйымдастырудың географиялық негіздері;
  4. Қашықтықтан зоналау мәліметтерін қолдана отырып, табиғи-шаруашылық жүйелерін геоақпараттық картографиялау.

Мамандар

Филиал штаты геоэкожобалау лабораториясының штаты негізінде жасақталған, 20 қызметкерден тұрады. Олардың ішінде ғылым докторы мен кандидат, география, экология, геодезия және картография, қолданбалы математика және бағдарламалау магистрлері мен бакалаврлары бар. Келешекте іргелі және ғалами-қолданбалы міндеттерді шешу мен атқарылатын жұмыс көлеміне сәйкес штат құрамын кеңейту жоспарланып отыр.IMG_1019

Экспедициялық және далалық зерттеулер.

Орталық, Батыс, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтарындағы экологиялық-геоморфологиялық, гидрологиялық және экологиялық жағдайларды және қауіпті экзогендік үдерістердің қауіптілігін зерттеу бойынша экспедициялық жұмыстар жүргізу үшін География институты тарапынан жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік - пикап Toyota Hi Lux берілді.

Құрал-жабдықтар.

Филиал қажетті компьютерлік және зертханалық құралдармен, офистік жиһаздармен, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлікпен және экспедициялық құралдармен жабдықталған.