Институты туралы анықтамасы

Қазақстанның «География және су қауіпсіздігі институты» Акционерлiк қоғамы;

туралы анықтамасы

  1. Тарихы.Қазақстандағы кешенді географиялық зерттеулер Ғылым Академиясының Қазақ филиалының жанындағы География секторында жүргізіле бастады өзіндік құрылым ретінде КСРО Ғылым Академиясының шешімімен 1938 жылы құрылды. Сектор 1983 жылы ҚазСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Қазақ СРО Ғылым Академиясының құрамында География институты болып қайта құрылды.
  2.  Құрылымы. Институтта 4 ғылыми бөлім жұмыс істейді: олар су мәселелері бөлімі, География және экология бөлімдері, Географиялық ақпараттық технологиялар  мен Орталық Азия гляциологиялық орталығы және  мамандандырылған 10 зертхана: гляциология, ландшафттану және табиғатты пайдалану мәселері, геоморфология және геоақпараттық картографиялау, туризм географиясы және рекреациялық география, су ресурстары; табиғи-шаруашылық жүйесін сумен қамтамасыздандыру, гидрохимия және экологиялық токсикологиялар; табиғи қауіптер; географиялық ақпараттық жүйе, геокеңістіктік экономика. Арал маңы, Балқаш маңында Солтүстік Тянь Шань тауларында далалық жыл бойғы ғылыми 5 стационар жұмыс істеуде..
  3. Штат.Қазіргі уақытта География институты – один из старейших исследовательских центров Орталық-Азия аймағындағы жалғыз әрі Қазақстанда географиялық салаларды зерттеу орталықтарының бұрынғыларының бірі. Қазіргі уақытта институт штатында - 201 адам, оның ішінде 2 ҚР ҰҒА академиктер,  10 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары, 5 PhD, 11 докторант пен 4 магистрант бар;
  • қызметкерлердің орта жасы 42 жасты құрайды;
  • зертхана жетекшілерінің орта жасы - 48 жас;
  • институт қызметкерлерінің 49,7 % – ғылыми зерттеулердің замана үй әдістерін меңгерген жас мамандар.
  1. Жабдықталуы. География институты ең жаңа құрал жабдықтармен өте жақсы жабдықталған.Өзінің 12 автокөліктен тұратын автопаркі - экспедициялық жұмыстарды жүргізуге арналған жапондық өндірістен шыққан жаңа пикаптар бар. Олардың барлығы жеке меншік қаржы есебінен сатып алынған.
  2. Географиялық зерттеулердің қажеттілігі.Біздің ғаламшарымыздың табиғаты адами әрекетінің нәтижесінде орасан зор антропогендік қысымды бастан кешуде. Бұл география ғылымының зерттейтін негізгі тақырыбы болып табылатын, табиғи орта мен қоғамның өзарасындағы бұрын соңды болмаған мәселелердің ауқымдысын өзектендіріп соған сай шиленістіруге әкелді.

География – қоғамдық-гуманитарлықты (экономикалық, әлеуметтік, саяси география, халық географиясы, еңбек ресурстары мен туризм, демография мәселелері және т.б.) және жаратылыстану (климат өзгерістері, гидрология және жербеті суының ресурстары, гляциология және геокриология, геоморфология, ландшафттану, геоэкология мәселелері) біріктіретін жалғыз ғылыми пән  ұлттық және аймақтық деңгейдегі салаларды тұрақты дамыту  мен экологиялық тұрғыдан табиғатты пайдалануды дәйектеу негізінде олардың өзара байланысын құрайды.География техникалық ғылым санатына жатпайды.

  1. Негізгі бағыттары. Қазақстанның география ғылымында өзінің 81 жылдық қызметінде География институты зерттеулердің көптеген бағыттары бойынша үлкен блогын орындады.

Бүкіл әлем бойынша әрі Қазақстанда сұранысқа ие болатын тәуелсіздік жағдайында институт зерттеуі сондай-ақ география ғылымына жаңа серпін берді. Бұл климаттың өзгеруі және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұщы су тапшылығы, мұздықтардың деградациясы, табиғи қауіптіліктердің қарқындау мәселелері және т.б (су тасқыны, сел, көшкін, қар көшкіні мен күрделі метеорологиялық қауіп-қатерлер).

Миссия, мақсат, көзқарас және Институт қызметінің негізгі бағыттары:

«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-ның миссиясы - мемлекет қызметінің негізгі бағыттарында географиялық білім саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну және енгізу арқылы дамыған әлеуметтік саласы, тиімді экономикасы және экологиялық таза табиғи ортасы бар қуатты Қазақстанды құруға ықпал ету.

«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-ның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының тұрақты даму мәселелерін шешу үшін теориялық және эксперименталды, іргелі және қолданбалы зерттеулерді біріктіретін жан-жақты ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасау арқылы табиғатты пайдалану және су қауіпсіздігі саласында мемлекет сұрайтын пәнаралық зерттеулер жүргізу.

«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-ның мақсаты - қоршаған ортаны рационалды басқару саласында ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық, жобалау және іске асыруды біріктіретін, негізгі мақсатына қол жеткізу үшін республикада танымал халықаралық беделге ие, көп функционалды, тұрақты дамып келе жатқан және ізденетін орталық құру.

Институт зерттеулерінің көрсетілген бағыттары қатарына жататын стратегиялық және біріктірілген төрт негізгі блоктан тұрады:

  • Шаруашылық қызметін әрі климаттың өзгеруін есепке ала отырып,Қазақстан Республикасының жер беті суларының режимі мен ресурстарын болжау және бағалау, Қазақстан Республикасын тұрақты дамытудың негізі ретінде су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің географиялық негіздерін жасау.
  • Экологиялық қауіпті және табиғи апаттардың табиғи ортаның өзгерістеріне, олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалай келе қауіпті сұрапыл құбылыстардың таралуы мен қалыптасу заңдылықтарын анықтау,
  • Республиканың табиғи-ресурстық әлеуетін бағалау, ұлттық және аймақтық табиғатты тиімді пайдалану бағдарламасының ақпараттық-талдамалық базасын жасау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық тұрғыда тұрақсызданған табиғи-шаруашылық жүйелерін қалпына келтіру.
  • Заманаүй геоақпараттық технологиялар пайдалана келе географиялық жүйелерді ұлттық, аймақтық және салалық деңгейде цифрландырылған, атластық және WEB- картаға түсіру.

Соңғы 10 жыл ішінде республиканы зерттеу үшін аса маңызды және ауқымды тек осы бағыттар тұрғысында істер атқарылды, оның ішінде төмендегі мәселері бойынша:

а)  Қазақстандағы су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Су қауіпсіздігінің мәселелері - соңғы он жыл ішінде оның зерттеу тақырыбына міндетті түрде ұсынылған институт жұмысының басым бағыттарының бірі. Олардың кейбіреулерін атап шығу.                                                                         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес География институтына Көксарай су қоймасының құрылысын салу мен жобалау жөніндегі ғылыми-қолданбалы негіздеу тапсырылды. Институт нәтижелерінен алынуға тиісті жүзеге асқан жоба Қызылорда облысы ауыл шаруашылығының тұрақтылығын жоғарылату мен Сырдария өзен сағасындағы тұрғын үй алқаптар деңгейінің көбеюінен  алдымен жыл сайынғы қысқы су тасқынын болдырмауға іс жүзінде мүмкіндік беру. Жоба Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқауы бойынша жүзеге асырылды.

Оның тікелей тапсырмасы бойынша Қазақстандағы су қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мәселесі бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілді. Олардың нәтижелері Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында тыңдалды және бекітіледі. Мұндай ауқымды жұмыс республиканың тарихында алғаш рет жүзеге асырылды, оның қорытындысы бойынша «Қазақстанның су ресурстары: бағалау, болжау, басқару» 30-томдық монография жарияланды. Сол тұрғыда Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен « 2050 - Қазақстан Республикасының даму стратегиясы» мақсатты міндеттерге сәйкес қазіргі уақытта институтта« 2050-стратегиясы» мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізу механизмдерімен «Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі стратегиясын» ғылыми тұрғыда негіздеу бойынша  және «Қазақстанның су ресурстары және оларды пайдалану» мәселелі- бағдарланған геокеңістік ақпараттық жүйесін құру бойынша  екі бағдарлама  жасалауда. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің 22.06.2018 ж. №370 қаулысына сәйкес институт екі трансшекаралық бассейн бойынша арнайы жобаны жүзеге асыруда.

б) Табиғи қауіптілік. Қауіпті табиғи құбылыстарға кеңістіктік болжау мен бағалау жасалды : селдерге, қар көшкініне, жылжымаларға, су тасқынына және т.б. Материалдарды зерттеу негізінде табиғи әрі техногендік қауіпті және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қауіп-қатерлерінің атласы жасалды. Сел тәуекелдерін басқарудың теориялық негіздерін әзірлеу негізінде, сел процестерінің туындау тәуекелі және олардың әсер ету тәуекелінің мониторинг жүйесі ұсынылды.

Сел ағындары мен қар көшкіндерінің  алдын алу үшін алдын алу әрекеттерінің бағдарламасын жасау бойынша кешенді іс-шаралар негізделді. Бұл жүйе посткеңестік кеңістікте алғаш рет Алматы маңындағы аймақта жасалды. Институттың әдістемелік әзірлемесі,С. Шойго басқаратын, атқарушы кеңестің төрағасы В. Путин болып табылатын Орыс Географиялық Қоғамының "Хрустальный компас" ОГҚ беделді ұлттық сыйлығымен марапатталды.

 

в) Атластық картографиялау және ГАЖ- қамтамасыздандыру. Республикадағы демографиялық үрдістер мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің географиялық негіздері жасалды, табиғатты тиімді пайдаланудың геоақпараттық жүйелері бойынша, экологиялық тұрғыда тұрақсыз табиғи-шаруашылық жүйесін қайта қалпына келтіру және табиғи ортаны қорғау. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының Ұлттық атласына енгізілген түгендеу,бағалау және болжау карталар топтамасынан көрініс таппақ. Атырау және Маңғыстау облыстарының атластары жасалды және басып шығарылды, сонымен бірге Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қауіп-қатерлері мен Қазақстан көлдерінің  табиғи  және техногендік қауіптілігінің салалық атласы жасалды.

г) Экологиялық-географиялық зерттеу. Қазақстан аймақтары бойынша шөлейттенудің  ірі масштабты зерттеулері жүргізілді, Маңғыстау облысының бірқатар елді мекендерде құм ұстау бойынша маңызды әлеуметтік жоба іске асты, Қазақстанның тоқыраған ауылдық елді мекендеріне экологиялық-демографиялық бағалау жасалды, «Қазақстанның барлық облыстарындағы географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы »36 томдық кітап  болып баспадан шықты.

д) Институттың халықаралық байланыстары. Институт дүниежүзілік география ғылымының орталықтарымен тығыз байланыста, Алманияның, Францияның, Швейцарияның, Швецияның, Финляндияның, Италияның, Жапонияның, Қытайдың ғалымдарымен бірлесе ортырып 20-дан аса халықаралық жобалар жасауға  қатысты және қазіргі заманғы географиялық ғылымның маңызды орталығы ретінде дүниежүзілік ғылыми қауымдастық лайықты деп қабылдайды. Институт қазіргі уақытта төрт халықаралық жобалар  жасауға қатысады. Оның екеуі азық-түлік қауіпсіздігі  мен су мәселелері бойынша Ньютон-әл-Фараби бағдарламасы аясында орындалуда (серіктестер - Рэдинг және Абериствит-Ұлыбритания университеттері), үшіншісі – «Greta” Ташкент маңындағы трансшекаралық сулы қабаттардың су ресурстарын пайдалану және бағалау жөніндегі Колорадо Университетімен, АҚШ және ЮНЕСКО-ның жобасы. ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы қол қойылған келісімге сәйкес « Су бағалаудың халықаралық орталығы»(СБХО) ЕҚЫҰ-ның аймақтық құрылымдары ретінде Институтының базасында құру жөніндегі келіссөздерге бастама жасалды және ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Орталық Азия аймақтық гляциология орталығын біздің институттың базасында құру қездейсоқ емес.

География институты елдік және аймақтық деңгейде мемлекеттік басқару органдарымен белсенді және нақты өзара іс-қимыл жасайды. Институт олардың тапсырысы бойынша бірқатар қолданбалы бағыттағы ірі ғылыми жобаларды орындады.

Институт ірі ғылыми форумдарды   ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады.  Ағымдағы жылдың 22-23 қыркүйегінде АШМ, ҚР БҒМ қамқорлығымен География институты бірлескен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ЮНЕСКО-мен ұйымдастырылуымен «Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» ірі ғылыми-практикалық конференциясы табысты өткізілді. Орталық Азия елдерінің бес секторындағы су экономикасы басшылықтары,  СІМ өкілдері, Швейцария, халықаралық ұйымдарды (ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, БҰҰ ЕЭК, Дүниежүзілік банк және т. б.) және, алыс және жақын шет елдердің жетекші ғалымдар конференция жұмысына қатысуды қабыл алды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты  логикалық және ақылға қонымды болып көрінеді:

- «БҰҰ ЕЭК Хельсинки конвенциясы аясында Суды бағалаудың халықаралық орталығын құру туралы» География институтының базасында құру жөніндегі мәселені пысықтау;

– ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Орталық-Азия аймақтық гляциология орталығын География институты жанынынан құру туралы ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы келісімді жүзеге асыру.

Мемлекеттік ғылыми-зерттеу құрылымдарына сай ЕҚЫҰ мен ЮНЕСКО-ның ережелеріне  сәйкес екі ұйымы дербес заңды тұлға болуы тиіс. География институты тиімді жұмыс істейтін Астана қаласында филиалы бар осындай жоспардағы жалғыз ұйым болып табылады.

География институты бүгінде – сұраныстағы, өзін-өзі қамтамасыздандырған, табиғи-ғылыми және қоғамдық саладағы табысты ғылыми ұйым болып табылады. Институт ғылыми-зерттеу мекемесі тәуелсіз мәртебеге ие. Бұл мәртебені сақтау қажет, География институтының қызметі Қазақстан үшін аса өзекті маңызды стратегиялық мәселелерді шешуге бағытталған болып табылады, себебі шешеді күй, алынуы тиіс. Институттың болашақта ғылыми-зерттеу нәтижелерінің сұранысы артуына күмән жоқ.