Актуальные события и новости института
Біздің еліміз, бүкіл Орталық Азия аймағы және әлем үшін су ең маңызды және ең құнды табиғи ресурстардың біріне айналуда. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-ы 2024 жылдың 14 маусымында Алматы қаласында Қазақстандағы суы ең тапшы өзен бассейндерінің бірі Арал-Сырдария бассейніне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация (СРИМ) министрі Нұржан Нұржігітов Молдиярұлы «ҚР ҒЖБМ География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-на (Институт) жұмыс бабымен келді. Институттың басшылығымен және су профилі зертханаларының меңгерушілерімен кездесу өткізді. Бұл сапардың мақсаты институт қызметімен танысу болды.
"География және су қауіпсіздігі институты" АҚ өкілдері Басқарма Төрағасы, г. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Медеу А. Р., Аймақтық климаттық өзгерістер зертханасының басшысы, PhD Ж. К. Наурызбаева және гидрохимия және экологиялық токсикология зертханасының АҒҚ PhD Д. М. Бурлибаева. 2024 жылдың 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы ұйымдастырған Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында (Алматы облысы Алмалыбақ ауылы, Қарасай ауданы) "Ауыл шаруашылығын орнықты дамыту: Су ресурстарын тиімді және қауіпсіз басқару" тақырыбындағы Дала күніне және форсайт-сессияға қатысты.
Начните вводить текст для поиска...