Logo

Институт географии
и водной безопасности

Компания туралы

Миссия · Біздің қызметтер · Біздің жетістіктер

Компания туралы

«ҚазАвтожол» ҰК АҚ - жалпы ұзындығы 25 мың километр болатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару жөніндегі Ұлттық оператор.

Ұлттық операторға халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп ұстау жөніндегі бақылау және трассалар бойында жол жиегіндегі сервистік объектілерді дамыту функциялары жүктелген. «ҚазАвтожол» АҚ сондай-ақ ақылы қозғалыс ұйымдастырушысы болып табылады.

Миссия

Аймақтарды байланыстыра отырып, экологияны қорғау және мемлекет шығындарын азайту арқылы барлық автомобиль жолдары пайдаланушыларына жылдам, қауіпсіз және ыңғайлы жүруді қамтамасыз ету.

Біздің қызметтер

Біз ақылды көлік жүйелері саласында заманауи шешімдерді ұсынамыз, соның ішінде: жабық, гибридті және ашық ақылы жүру жүйелері. Ашық кодқа және микросервистік архитектураға негізделген өз бағдарламалық жасақтамамыз. Біздің шешімдер Қазақстанның қолданыстағы 4 ақылы учаскесінде қолданылады. Тұрғын үй кешендері, сауда орталықтары, ақылы автотұрақтар және ақылы автомобиль жолдары үшін автокөліктің кіру/шығуын бақылау және тіркеу жүйелерін ұйымдастыру жөніндегі шешімдерді ұсынамыз.

Біздің жетістіктер

13192 км
Салынған жолдар
819 км
Жолдарды күрделі жөндеу
9122 км
Жолдарды орташа жөндеу
3251 км
Жолдарды реконструкциялау

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 28 ақылы учаске жұмыс істейді, олардың жалпы ұзындығы 6 290,59 км, оның ішінде: 1 техникалық санаттағы 13 учаске, ұзындығы 2 898,04 км және 2-3 техникалық санаттағы 15 учаске, ұзындығы 3 392,55 км.

Бірінші учаске – «Астана - Щучинск». Бұл автожол 2013 жылдан бастап ақылы болды.

2019 жылғы қаңтардан бастап «Астана - Теміртау», «Алматы - Хоргос» және «Алматы - Қонаев» трассалары ақылы негізде жұмыс істей бастады.

2021 жылғы 23 қарашадан бастап «Астана - Павлодар», «Тараз - Қайнар», «Шымкент - Қызылорда», «Шымкент - Тараз», «Шымкент - Өзбекстан шекарасы», «Қонаев - Талдықорған», «Щучинск - Көкшетау» трассалары ақылы негізде жұмыс істей бастады.

2023 жылы 8 қазаннан 1 желтоқсанға дейін кезең-кезеңімен тағы 6 ақылы учаске ақылы негізде жұмыс істей бастады: «Павлодар - Қалбатау»; «Бейнеу - Ақжігіт», «Орал - Самара»; «Павлодар - Омбы»; «Көкшетау - Петропавл»; «Орал - Саратов».

2025 жылы «Қызылорда-Арал», «Қостанай – РФ шекарасы (Троицк)», «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор)», «Қостанай - Денисовка», «Тараз қаласын айналып өту», «Балқаш - Бурылбайтал», «Шу - Бурылбайтал», «Қандыағаш – Мақат» және «Үшарал - Достық» учаскелері ақылы негізде жұмыс істей бастады.

2026 жылғы 10 шілдеден бастап «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал», «Бурылбайтал-Құрты» учаскелері ақылы негізде жұмыс істей бастады.

2026 жылғы 11 шілдеден бастап «Талдықорған-Өскемен» учаскесі ақылы негізде жұмыс істей бастады.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 1 274 бірлік немесе жол жиегіндегі сервистік объектілердің 83%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келтірілді.

Автожол пайдаланушыларына жолдар туралы өзекті мәліметтер беру мақсатында Sapar қосымшасы әзірленді, ол республикалық жолдар мен жол жиегіндегі сервистік объектілердің цифрлық картасын қарастырады.

Поиск по сайту

Начните вводить текст для поиска...