ІЛЕ ӨЗ. АТЫРАУЫНДАҒЫ ГИДРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЫ ТІРЕК ОРНЫНЫҢ «АРХАР»МОНИТОРИНГІ

Гидроэкологиялық стационары эксперименталды гидроэкологиялық және метеорологиялық бақылау жүргізу үшін Алматы облысының Іле өз.атырауындағы Архар ауылында 1986 жылдың екінші жартысында құрылған болатын. Мемкомгидрометтің КазСРО Іле өз. атырауындағы гидрологиялық бақылау желілері 8 гидрометеопосттарында жүргізілді. Бұл посттар атыраудан шығатын және кіретін ағындар режимінің негізі көзі болатын. Атыраудың орталық бөлігі әсіресе Жиделі бағыттағы азырақ зерттелген болып табылып, мұнда күрделі жүйедегі ағынсулар сипатталады. Осыған орай  КазСРО ҒА ГИ, қазіргі ҚР БҒМ ГИ  Асаубай  көліндегі 1 дәрежелі пост (1сурет) және бұдан 7 ағынсуға (тарамдарында, тармақтарында) 8 пунктте гидрометрлік бақылау ұйымдастырылған болатын Режим деңгейінде бақылау су шығындарын өлшеуден 5 орныда бір мезгілде бастады,олардың посты мұз қатпайтын кезеңдегі су деңгейін өзі жазатын ГР-38 жабдықталған, ал Архар аулында - Жиделі постына жетекшілік ететін, су деңгейін өздігінен жазатын «Валдай» орнатылды. Гидрометқызметі жүйесінде қолданылатын стандартты гидрологиялық құралдар мен жабдықтар су шығындарын өлшеуді жүзеге асырды.

Архар