МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АТЛАСЫ

atlas mangistau

Атласта толық ақпараттар беріліп, кеңістіктік заңдылықтарды көрсететін облыстың әлеуметтік-экологиялық карталарының жинағы жасалды:

  • Аймақтың табиғи-ресурстық әлеуеті,
  • Аймақты игеру мен пайдалану жағдайлары;
  • халық;
  • аймақ шаруашылығы мен оның даму мүмкіндігі.

Геодинамикалық құбылыстарды картографиялық талдауға негізделген және экологиялық қауіпсіздік мәселесін шешуге бағытталған геоморфологиялық үдерістер мен табиғатты пайдалану тәуекелінің карталары алғаш рет құрастырылды.

Облыс үшін алғаш рет ландшафттар және геожүйелер карталары жасалды.

Атлас аймақтық сипаттағы басқармалық шешімдерді жасауда, сондай-ақ стратегиялық ірі іс-шараларды жүргізуде жаңа ғылыми-ақпараттық, әдіснамалық және фактілік еңбектердің жинағы болып табылады.

 

БӨЛІМ –  Табиғи жағдайлары мен ресурстары

Төмендегі карталар сериясы бойынша 70 картадан тұрады:

  • жер қыртысының құрылымы
  • жерасты және жербеті сулары
  • Климат
  • Каспий теңізі
  • Топырақ
  • Өсімдік
  • Жануарлар дүниесі
  • Ландшафттар
  • Экожүйелер

II БӨЛІМ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Төмендегі карталар сериясы бойынша 60 картадан тұрады:

  • Демография
  • Әлеуметтік сфера
  • Өнеркәсіп пен көлік
  • Ауыл шаруашылығы
  • Тарих және туризм
  • Сыртқы экономикалық байланыстар
  • Аудандар экономикасы

III БӨЛІМ – Қоршаған ортасы және экологиясы

Төмендегі карталар сериясы бойынша 68 картадан тұрады:

  • Табиғи қауіптер
  • Антропогендік әсер көздері
  • Шөлдену мен жер деградациясы
  • Адам экологиясы
  • Табиғатты қорғау
  • Экологиялық қауіпсіздік