Category Archives: Новости-kz

Ғылым қызметкерлері күні

Күні: 12 сәуір 2022 ж. Өтетін орны: Нұрсұлтан қаласы, Д. Қонаев көшесі 7, RixosPresident Astana. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов "Ғылым қызметкерлері күні" кәсіби мерекеге арналған іс-шарада сөйлеген сөзінде біздің ғалымдарымыздың ғылыми жетістіктері бүгінде тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де танымал болып отырғанын атап өтті. Министр сондай-ақ ғылыми жобаларды қаржыландыру…
Читать далее

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2022 жылдың 11 сәуірінде сағат 11-00-де Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасының конференц-залында (3 қабатта) ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығының тұсаукесері өтті. ЮНЕСКО қамқорлығымен Орта Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (бұдан әрі – Орталық) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы келісім негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша…
Читать далее

ИГОРЬ МИХАЙЛОВИЧ МАЛЬКОВСКИЙ: ҒЫЛЫМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

2022 жылдың ақпан айында Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы ғылым ардагері, өзін  толықтай Қазақстан Республикасының ғылыми еңбек жолына арнаған жан және ерен еңбек ері Игорь Михайлович Мальковскийдің туған күнін атап өтті. Игорь Михайлович ғылымға деген сүйіспеншілікті өзінің әкесі Михаил Павлович Мальковскийден үйренген (1901 – 1978 жж.) – энтомолог-ғылыми қызметкерден, Қазақстанның түрлі өңірлерінде өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау…
Читать далее

Қар көшкінінің алдын-алу

2022 ж 14-16 наурызда география және су қауіпсіздігі институтының табиғи қауіп-қатерлер зертханасының қызметкерлері Іле Алатауындағы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аңғарларындағы қар көшкінінің алдын алу шараларына қатысты. Алдын алу жұмыстарын Қазселденқорғау, Қазгидромет және Қазвзрывпром жүргізді. Алматы-Космостанция және Шымбұлақ – Тұйықсу жолдарына қауіп төндірген екі қар көшкіні жарылыспен жойылды.  Алматы-Космостанция жолындағы көшкін Көшкін түсу аймағындағы жарылыс Шымбұлақ-Тұйықсу жолындағы көшкіннің басталған…
Читать далее