23.12.2023. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІНІҢ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ СУ ҚАУІПСІЗДІГІ ИНСТИТУТЫНА САПАРЫ

Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация (СРИМ) министрі Нұржан Нұржігітов Молдиярұлы «ҚР ҒЖБМ География және су қауіпсіздігі институты» АҚ-на (Институт) жұмыс бабымен келді. Институттың басшылығымен және су профилі зертханаларының меңгерушілерімен кездесу өткізді. Бұл сапардың мақсаты институт қызметімен танысу болды.

«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма Төрағасы академик Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы «Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету: су ресурстарын басқару» тақырыбы бойынша ауқымды баяндама жасады, сондай-ақ, Ертіс, Балқаш-Алакөл және Арал-Сырдария өзендерінің алаптары бойынша Институт жасаған зерттеулерге де тоқталды. Сонымен қатар, барлық ірі су жобалары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылғандығын атап өтті. Сапар барысында Министр институттың құрылымдық бөлімшелеріне кіріп, ол жерде әрбір басшы өзінің ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің атқаратын қызметі туралы қысқаша ақпарат берді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Молдиярұлы институт ұжымының ғылыми жұмысын жоғары бағалап, одан әрі табысты жұмыс жасауды тіледі және де Су ресурстары және ирригация министрлігімен, атап айтқанда Су ресурстары комитетімен (СРК) өзара бірлесіп, белсенді жұмыс жасауға шақырды. 

Су ресурстары және ирригация министрлігінің делегация мүшелері:

  • Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы – Су ресурстары және ирригация министрі
  • Жиенбаев Мүсілім Рысмаханұлы – ҚР СРИМ Ғылым және инновация департаментінің директоры;
  • Ерікұлы Жайық – Жер асты сулары департаментінің директоры;
  • Мукатаев Серікқали Мухаметкаримович – ЭТРМ экс вице-министрі, ҚР СРИМ су шаруашылығы комитетінің ИДЖЖ-2 Бағдарламасының (жобасының) техникалық кеңесші;
  • Балғабаев Нұрлан Нұрмаханович  – «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (ҚР СРИМ ҚазСШҒЗИ) ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша директор.

Су саласындағы ғылыми және жобалау ұйымдарының өкілдері:

  • Темирбек Сауле Каюмовна – ҚР АШҒА Президентінің кеңесшісі, ҚР АШҒА білімді тарату орталығының басшысы;
  • Абсаметов Малис Кудысович – У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» директоры.
  • Рябцев Анатолий Дмитриевич – «Казгипроводхоз» ЖШС Бас директоры, Water Hub ҚазҰАЗУ Халықаралық зерттеу орталығының директоры».
Институттың су жөніндегі еңбектерімен танысу
Министрді Институттың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен – су ресурстарын зерттеуге және оны шешу жолдары туралы еңбектермен таныстыру
Су ресурстары және ирригация министрі Н. М. Нұржігітовке «География және су қауіпсіздігі институты» Басқарма Төрағасы Медеу А.Р. институттың қызметі жайлы түсіндіруде
«Гидрохимия және токсикология» зертхана жетекшісі А.С. Мадибеков ғылыми-зерттеу қызметтері туралы қысқаша ақпарат беруде      
«Геоақпараттық технологиялар» зертханасында
Институттың су жөніндегі еңбектерімен танысу