География институтында 2013-2014 жылдары алғаш рет «Атырау облысының атласы » жасалды.
Атласта аймақтағы табиғи-шаруашылық жүйесінің қазіргі жағдайы туралы ақпараттық-аналитикалық және картографиялық көрнекілік материалдары бар. Осылайша «Табиғи жағдайлар мен ресурстар» тарауында 74 карта болса, екінші тарауда да 74 карта бар және «Әлеуметтік-экономикалық даму» картасы кірген, 3 тарау «Қоршаған орта және экология» 82 картаны құрайды.
Атластың барлық тарауларында жаңа компьютерлік технологиялар мен карталарды жасаудың заманаүй әдістерін пайдалана келе картаграфиялық ақпараттарды біртұтас түрде жинақтаудағы әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ахуалдар саласын табиғи-ресурстар бойынша қаралып болған және нақты ақпараттардың бар екенін атап өту қажет. Атлас ғылыми зерттеулердің негізінде жасалып және табиғи-ресурстық әлеуеттің ахуалына байланысты экологиялық және әлеуметтік-экономиялық жағдайды дамытудың мүмкіндігі суреттелген. кешенді ғылыми-анықтамалық " Атырау облысының атласы " экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғатты қорғау мөлшерін жобалауға,қоршаған ортаға адамның қол сұғу салдарын болжау мен табиғи ресурстарды меңгерудің жоспарларын жасауға, ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттеуге, сондай-ақ аумақтарды басқару мен бағалауға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану міндеттерін дәйекті түрде шешуге арналған.