Шоқан Уалихановтың 180-жылдығына

вап

Алматы қ.                                                                 20 қараша 2015 ж.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2015 жылы 20 қарашада сағат 11:00 Алматы қаласында Қабанбай батыр көшесі, 69 мекенжайы бойынша орналасқан Қ.И.Сатпаев атындағы геология ғылымдары институтының Үлкен мәжіліс залында Шоқан Уалихановтың 180-жылдығына арналған дөңгелек үстел және «Шоқан Уәлиханов. Құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға кеткен», «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» кітаптарының таныстырылымы өтеді. 

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар:  «География институты» ЖШС, «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» (ҚҰГҚ) РҚБ, «Алтын кітап» редакциясы.

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов (1835-1865жж.) – қазақтың ұлы ғалымы, ХІХ ғасырдың алдыңғы қатарлы мәдениетінің жарқын өкілі, қазақ ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы, көптеген ғалымдардың негізін салушы, Орыс географиялық қоғамының мүшесі.

Уалихановтың еңбектері – зерттеулеріне негізделген, ғалымның ақиқатты, толқытатын әңгіме. Қазақ халқының алғашқы дарынды географтары бола отыра, Шоқан өзінің қысқа ғұмырында тек қана Қазақстанның емес, сонымен қатар көршілес жатқан аумақтардығ географиясына елеулі үлес қосты. Ғылыми нәтижелері оның: «Іле Алатау өлкесінің географиялық очерктері», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Кульда қаласы», «Жоңғария очерктері» жолжазба очерктерінде көрініс алған. Нағыз ғылыми ерлігі бұл Шоқан Уалихановтың Қашғарға сапары болып табылады. Осы сапардың нәтижесінде «Алтыншардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды, мұнда ол өзін географияда терең білімдеріне ие, байқағыш, білімді ғалым ретінде танытты. Тұңғыш рет Марко Полодан (XIII век) кейін Орталық Азияны зерттеудегі отандық шығыстанудың алтын қорына кірген ғылым үшін Қашғардан анық мәліметтер әкелді.

2014 жылы Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Қашғарияға экспедиция ұйымдастырды, нәтижесінде «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» кітабы жарық көрді.

Ш.Ш.Уалихановтың зор беделі туралы тек қана Ресейдегі жария көрген еңбектері емес, сонымен қатар шетелде жария көрген еңбектері куәландырады  (оның еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылымға шыққан).

Ерекше құнды карталар, сұлбалар, Шоқанның мәтіндік материалдарын толықтыратын, суреттемелері болып табылады. Ұлы ғалымның 180 жылдығына орай География институты «Алтын кітап» редакциясымен бірлесіп, ғалымның дарындылығының көп жақтығын көрсету үшін, олардың суреттерге түсініктемелер ретінде фотоальбом түрінде басып шығаруға шешім қабылдады.

Шоқан Уалиханов алғашқы қазақ ғалымы, ориентологы (шығыстанушы) болды, оны «Шығыстың сәулесі» деп атады.

«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгендей» – деп атақты ғалым Н.И. Веселовский жазған. Осы толқындыратын сөздер Ш.Ш.Уалихановтың қызметін бағалайтын көпке танымал сөзге айналды.

Мерейтойға байланысты Қазақстан ғалымдары дөңгелек үстел өткізуде, оның шеңберінде «Шоқан Уәлиханов. Құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға кеткен». (автор г.ғ.к. К.Ш.Диярова) және «Ұлы Шоқанның керуен жолымен» (авторлары И.А. Иминов және г.ғ.д. О.Б.Мазбаев) кітапрадың таныстырылымы өтеді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына 50 аса мамандар (географтар, тарихшылар, археологтар, жазушылар, мәдениеттанушылар) қатысады, сонын ішінде ғылыми мекемелер мен жоғарғы оқу орындарының, әкімшілік органдарының және Қазақстан Республикасы ведомстваларының өкілдері.

2013 жылғы қазан айында құрылған ҚҰГҚ, негізгі бес басымшыл бағытта жұмыс жасайды: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биотүрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; таризи-мәдени мұра, этнография.

ҚҰГҚ Еуразиялық (ERG), «Шығыс түсті металлургия» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС компаниялардың демеушілік қолдауымен жобаларын іске асырады.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін байланыстар:

«География институты» ЖШС

Мекенжайы: Алматы қ.,  Қабанбай батыр/Пушкин көш., 67/99

Тел: +7(727) 291 81 29, 291 88 69

Email: ingeo_2009@mail.ru

 

«Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ
Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 39 блок, 89 кеңсе
Тел: +7(7172) 70 65 98, 70 66 07

Email: kazgeography@nu.edu.kz