НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР
Қазақстандағы аймақтық ерекшеліктерді есепке ала келе оның ішінде судың, географиялық жүйені оңтайландыру және болжау, бағалау әдістері мен теориялық негіздерін толық жетілдіру:
- Қазақстан Республикасын ұлттық, салалық және аймақтық деңгейдегі атластық картографиялаудың теориялық-әдістемелік негіздері;
- климаттағы ықтималды өзгерістерді есепке ала келе мұздықтар жүйесінің динамикасын болжау әдістемесін, мұздықтар жүйесінің ішкі контитенталді сулы-қар балансын құрайтындарды есептеу әдістері мен теориясы;
- қарлылықтың көрсеткішін картографиялау оның ішінде зерттелмеген аудандарда есептеу әдістері мен теориясы;
- шаруашылық қызметі мен климаттық өзерістерді есепке ала келе оның ішінде Орталық Азияның көлдік суқоймаларын, ағынсыз бассейндердегі су жүйесінің экологиялық тұрақтылықтарының теориялық негіздері;
- Қазақстандағы табиғи-шаруашылық жүйесін сумен қамтамасыз етудің тұжырымдық негіздері, ҚР сумен қамтамасыздандырудың сценарийлерін бағалау әдістері;
- селдер, көшкін жылжыма, су тасқындары және басқалар экстремалді гидрометеорологиялық құбылыстар - табиғи қауіптіліктерді картографиялау мен бағалау әдістері және критерийлері, теориялық негіздері;
Іс жүзінде табиғатты тиімді пайдалану мен табиғи ресурстарды қорғау ҒЗЖнегізгі нәтижелерін нығайту:
- су ресурстарын жедел басқаруға және жобалауға, жоспарлауға, болжауға бағытталған «Водные ресурсы Казахстана: оценка, прогноз, управление» 30-томдық монографиясы;
- Көксарай қоймасы құрылысының жобасында жасалған Арал теңізі бассейнінің қазақстандық бөлігіндегі Сырдария өзен ағынын қарсы реттеудің гидроэкологиялық негіздемесі;
- су шаруашылық инфрақұрылымдары мен атыраулық көлдік жүйелерді қалпына келтіру жобасында қолджанылатын Сырдария атырауындағы су ресурстарын ықпалды басқарудың гидрологиялық негіздемесі.
Іргелі және қолданбалы жұмыстар аясындағы География институтының нақты ғылыми зерттеулері:
- Қазақстанды сумен қамтамасыздандыру және су ресурстарын бағалау мәселелері бойынша 06.03.2012 жылы қауіпсіздік Кеңесінің отырысында зерттеу нәтижелері баяндалып қолдау тапты. Қазақстанда алғаш рет барлық кеңестік кеңістік посттарында зерттеу нәтижелерінің 30 томдық монографиясы жарыққа шықты.
- География институты Үкіметтің тапсырмасы бойынша Көксарай су қоймасы құрылысына және жобалауға қажетті ғылыми негіздемені орындады (№944 от 23.08.2005 ж Қаулымен.).
- Үлкен блок жұмыстарының нәтижелері Орталық Азияның іргелес елдері мен Қазақстандағы қар-мұздықтар ресурстарын зерттеуге байланысты, шетелдік жетекші мамандардан қолдау тауып, ЮНЕСКО құзіретіндегі Орталық-Азия Аймақтық гляциологиялық орталығын География институтының жанынан құру туралы 29.05.2012 жылғы ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы Келісімі негізінде мұрындық болды.
- Қазіргі кезде қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес Институт «Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі: «Қазақстанның су ресурстары және оларды пайдалану»геокеңістіктік ақпараттық жүйесі ірі ғылыми-техникалық бағдаламаны дамыта түсті.
- Институтпен Іле мен Ертіс өзендерінің трансшекаралық бассейндеріндегі ҚХР мемлекет аралық су бөлу жөніндегі келіссөз барысында ғылыми қамтамасыздандырумен жауапты жұмыс атқарылды .
География институтындағы су мәселелері жөніндегі зерттеулердің одан әрі дамуы Қазақстан Республикасын тұрақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық аспектілеріне, су шаруашылығының, геосаясаттың,ғылыми қамтамасыздандыруына байланысты. Мемлекет пен іргелес жатқан аумақтардағы трансшекаралық ағындардың шаруашылыққа өзара әсер етуі мен су ресурстарының күтілетін климаттық өзгерістері жағдайында республика аймақтарының табиғатын, өндірісін, халқын тұрақты сумен қамтамасыздандыру жөніндегі стратегиялық шаралары институттың негізгі ғылыми бағыты болып табылады.
Географиялық ҒЗЖ төңірегінде жер деградациясы мен шөлдену, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі жөніндегі талапты ірі зерттеулер жүргізіліп, әртүрлі атластық карталар алғаш рет жасалды