АЛАКӨЛ КӨЛІНІҢ ЖАҒАЛАУЫН ДАЛАЛЫҚ МАРШРУТТЫҚ ЗЕРТТЕУ

2018 ЖЫЛ БОЙЫНША ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ДАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

«Қарқынды рекреациялық игеру аймағы – Алакөл көлінің жағалау зонасындағы қолайсыз экзогеодинамикалық үдерістерді мониторингтік зерттеу» жобасы бойынша далалық маршруттық зерттеулер 2018 ж. маусымның 1-нен 26-сы аралығында жүргізілді.

Далалық зерттеу жұмысы қатысушыларының құрамы. Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының қызметкерлері: отряд басшысы, АҒҚ – Абитбаева А.Д., ҒҚ Валеев А.Г., ҒҚ Халықов Е.Е., ҒҚ Беккулиева А.А., ҒҚ Радуснова О.В., КҒҚ Тоғыс М.М., КҒҚ – Уксукбаева С.А., КҒҚ Шарапханова Ж.М.

Мақсаты: Алты таңдамалы телімдердің жағалау зонасындағы экзодинамикалық үдерістерге мониторинг жүргізу арқылы Алакөл көлінің жағалауын далалық маршруттық зерттеу.

Далалық зерттеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі мен негізделуі Алакөл көлі жағалау зонасындағы, сонымен қатар қарқынды рекреациялық игерілген жағалауларда қазіргі экзодинамика жөніндегі нақты материалдарды жинақтау үшін қажет болды. Далалық зерттеулер жағдайында жағалаудағы бедердің түзілуін зерттеудің лазерлік сканерлеу, батиметрия және т.б. сияқты икемделген жаңа және классикалық далалық зерттеу әдістері пайдаланылды. Келесі аспаптық өлшеуіш құралдары қолданылды: жер үсті 3D лазерлік сканері, дәлдігі жоғары GNSS Trimble R 8-4 координат қабылдағышы, әмбебап GARMIN GPSMAP 276Cx қабылдағышы, Lowrens эхолоты, тасымалды метеостанция, лазерлік қашықтық өлшеуіші. Алынған нәтижелер жобаның міндеттерін шешуде пайдаланылды.

Жүргізілген жұмыс түрлерінің мазмұны: маршруттық және маусымдық далалық зерттеулер жүргізілді; мониторингтік телімдер, сонымен қатар фондық телімдер таңдалды және ұйымдастырылды; аспаптық жұмыстар атқарылды; физикалық-химиялық құрамын анықтау үшін грунт сынамалары алынды; абразиялық жағалауды жер үстілік 3D сканермен түсірім жасалды; жағалық су асты беткейіне батиметриялық түсірім жүргізілді; метеорологиялық бақылаулар жүргізілді; жағалауды рекреациялық игеру бойынша статистикалық мәліметтер жинақталды; бедертүзуші үдерістер, геоморфология және т.б. карталардың контурлары нақтыланды; Алакөл көлі жағалауының геологиялық-геоморфологиялық құрылымының басты ерекшеліктері анықтылды және сипатталды; Алакөл көлі жағалауындағы бедертүзуші және антропогендік үдерістердің қазіргі дамуы сипатталды; картографиялық материалдарға түзетулер енгізілді, Алакөл көлі жағалауының рекреациялық әлеуетінің әрі қарай дамуы үшін қазіргі жағдайлар анықталды; таңдамалы телімдерде абразиялық жағалаулардың морфометриялық және морфографиялық сипаттамалары алынды; күнделіктер толтырылды; таңдамалы телімдердің қималары мен сызбалары құрастырылды.

Слайд1

Слайд2

Слайд3

Слайд4

Слайд5

Слайд7

Слайд8Далалық зерттеу нәтижесінде алынған материалдар: картографиялау бойынша камералдық жұмыстар үшін GPS-қабылдағыш көмегімен абразиялық жағалаулардың көрсеткіштері мен координаталары нақтыланды; физикалық қасиеті нәтижесімен грунт сынамалары, кертпеш ашылымдарының қималары; жер үстілік 3D сканермен абразиялық жағаларды түсірім нәтижесінде нүктелер бұлты түріндегі мәліметтер; таңдамалы телімдерде су асты жағалық беткейдің батиметриялық карта-сызбасы мен көлденең қимасы; жағалауды рекреациялық игеру жөніндегі мәліметтер; бедертүзуші үдерістер, литологиялық құрамы және басқа да контуры нақтыланған инженерлік-геологиялық карта; Алакөл көлі жағалауының геологиялық-геоморфологиялық құрылымының басты ерекшеліктерінің сипаттамасы; Алакөл көлі жағалауындағы бедертүзуші және антропогендік үдерістердің қазіргі дамуының сипаттамасы; таңдамалы телімдерде Алакөл көлі жағалауының жел-толқын жағдайларын талдау үшін метеорологиялық деректер; жағалаудағы абразияның динамикасын анықтау үшін мониторингтік үлескілердің сызбасы; далалық жұмыстар күнделігі; таңдамалы телімдердің фотоматериалдары.

Слайд6