21.12.2018 ж. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Ә. Сағынтаев ғылыми ұйымдар мен ЖОО-ның жас ғалымдарымен, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым Министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Әңгіме барысында Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікірлермен бөлісті. Ғылымды басқару жүйесі мен докторантура бағдарламасын дамыту, жоғары білім беру мекемелерін қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықтау, ғылыми дәреже беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
География институтынан кездесуге директордың орынбасары, г. ғ. к., С. К. Әлімқұлов және геоэкономика зертханасының меңгерушісі, г. ғ. д., А. А. Медеу қатысты.