2021 жылдың 11-12 наурызында Алматы қаласында ҚР БҒМ "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ, ҚР АШМ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен,Халықаралық Аралды құтқару қорымен, У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институтымен , Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен, Қазақстан-Неміс университетімен, М.Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетімен бірлесіп, профессор Л. Е. Тәжібаевтың туғанына 105 жыл толуына арналған «ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция экономиканың жаһандануы жағдайында цифрландыру және қоғамдық сананы жаңғырту дәуіріндегі су шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы ғылымындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.
Конференция жұмысына ҚР АШМ АҚМҚ, ХАҚҚ, ҰАҒБО, ҚР СІМ, ҚР ЭГТРМ су ресурстары комитетінің басшылары мен сарапшылары, әлемнің 30-дан астам елдерінің жетекші шетелдік университеттері мен ғылыми орталықтарынан - Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Израиль, Италия, Қытай, Нидерланды Корольдігі, Малайзия, Польша, Румыния, Сербия, Словакия, АҚШ, Түркия , Франция, Швейцария, ТМД елдері және басқа қаржы және бизнес құрылымдарының өкілдері, салалық қауымдастықтар, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, ауылшаруашылық құрылымдары, республиканың аграрлық секторының әртүрлі ұйымдары қатысты.