ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ С. С. ҚОЖАНИЯЗОВТЫҢ САПАРЫ

2021 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Қожаниязов Серік Салауатұлы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ жұмыс сапарымен болды.

С.С. Қожаниязовтың Институттың жетекші ғалымдарымен кездесуінде Қазақстанның су мәселелері талқыланды, елдің су қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

222222

Суретте Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі С. С. Қожаниязов және «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, г. ғ. д. А. Р. Медеу.