АР19678734 – Модельдеу негізінде Қазақстан өзендері бассейндерінің заманауи және болжамды гидрологиялық өзгерістерін бағалау (Бұқтырма, Есіл, Жайық өзендерінің мысалында)

Жоба жетекшісі:

Тұрсынова Айсұлу Алашқызы, г. ғ. к., қауымдастырылған профессор, Су ресурстары зертханасының басшысы.

Мақсаты:

Қазіргі заманғы ГАЖ технологиялары мен гидрологиялық модельдеуді пайдалану кезінде климаттың өзгеруі аясында су тасқыны мен меженийдің мерзімдері мен көлемі туралы сапалы болжамды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларда Қазақстан өзендерінің типтік су алаптарындағы заманауи және болжамды гидрологиялық өзгерістерді бағалау.

Күтілетін нәтижелер:

1) Гидрологиялық сипаттамаларды, Бұқтырма, Есіл, Жайық өзендері ағынының жыл ішіндегі таралуының өзгеру үрдістерін бағалау.

2) SWIM экологиялық-гидрологиялық моделі арқылы өзендер ағынын модельдеу, өзен жағдайларына бейімделу, тәуелсіз кезеңде калибрлеу және тексеру (верификация).

3) Жаһандық жылыну және мұздануды азайту жағдайында ағынның өзгеруін және оның жыл ішіндегі таралуын зерттеу.

4) Климаттың өзгеруінің қолданыстағы сценарийлерін талдау, аймаққа сәйкес таңдау. Климаттың оңтайлы проекцияларын жүктеу және өңдеу.

5) 2099 жылға дейінгі перспективада Бұқтырма, Есіл, Жайық өзендері ағынының болжамды модельденген мәндерін алу.

6) Климаттың өзгеру проекцияларын ескере отырып, зерттелетін өзендер ағынының ұзақ мерзімді перспективаға (2099 жылға дейін) жыл ішіндегі бөлінуін бағалау және талдау.

7) HEC-Ras моделі бойынша имитацияланған деректер негізінде өзендердің жайылмаларын су басу алаңдарының карталарын салу және ресімдеу.

Алынған негізгі нәтижелер:

1) Гидрологиялық сипаттамаларға, Бұқтырма, Есіл, Жайық өзендері ағынының жыл ішіндегі таралуының өзгеру тенденцияларына бағалау жүргізілді.

2) SWIM экологиялық-гидрологиялық моделінің көмегімен өзендер ағыны модельденді, өзен жағдайларына бейімделу, тәуелсіз кезеңде калибрлеу және тексеру (валидация) жүргізілді.

3) Жаһандық жылыну және мұздануды азайту жағдайында ағынды сулардың өзгеруі және оның жылдық таралуы туралы зерттеулер жүргізілді.

4) Климаттың өзгеруінің қолданыстағы сценарийлері талданып, аймаққа сәйкес келетіндер таңдалды. Климаттың оңтайлы проекциялары жүктелді және өңделді.

5) 2099 жылға дейінгі перспективада Бұқтырма, Есіл, Жайық өзендері ағынының болжамды модельденген мәндері алынды.

6) Климаттың өзгеруінің проекцияларын ескере отырып, зерттелетін өзендер ағынының ұзақ мерзімді перспективаға (2099 жылға дейін) жыл ішіндегі таралуын бағалау және талдау жүргізілді.

7) HEC-Ras моделі бойынша имитацияланған деректер негізінде өзендердің жайылмаларын су басу алаңдарының карталарын салу және ресімдеу.

Жарияланымдар:

1)  Smagulov Zh., Makhmudova L., Alimkulov S., Talipova E., Zagidullina A., Birimbayeva L., Sailaubek A. Transformation of seasonal distribution of river flow in the Zhaiyk–Caspian water basin under changing climate conditions //Journal of Water and Climate Change. – 2025. – Т. 16. – №. 2. – С. 400-429.

https://iwaponline.com/jwcc/article/16/2/400/106425/Transformation-of-seasonal-distribution-of-river

2)  Nurbatsina A., Salavatova Zh., Tursunova A., Didovets I., Huthoff F., Rodrigo-Clavero M.E., Rodrigo-Ilarri J. Flood Modelling of the Zhabay River Basin Under Climate Change Conditions //Hydrology. – 2025. – Т. 12. – №. 2. – С. 35.

https://www.mdpi.com/2306-5338/12/2/35

3)  Tursunova A., Nurbatsina A., Salavatova Zh., Huthoff F.   Sustainability Challenges in Kazakhstan’s River Systems: Assessing Climate-Induced Hydrological Changes //Sustainability. – 2025. – Т. 17. – №. 8. – С. 3405.

https://www.mdpi.com/2071-1050/17/8/3405

4)  Нурбацина А.А., Турсынова А. А., Салаватова Ж. Т. Қазақстанның типтік өзендері ағынының жыл ішіндегі таралуы (Бұқтырма, Есіл, Жайық өзендерінің мысалында) //Гидрометеорология және экология. – 2025. – №. 1 (116). – 24-37 Б.

https://journal.kazhydromet.kz/index.php/kazgidro/article/view/2349

Халықаралық конференциялар:

1)  Nurbatsina A., Tursunova A., Kanay M., Salavatova Zh., Didovets I. Adaptation of the SWIM hydrological model for forecasting the flow of the Zhabay River during floods/floods //EGU General Assembly Conference Abstracts. – 2024. – С. 3900.

https://ui.adsabs.harvard.edu/abs/2024EGUGA..26.3900N/abstract

2)  Нұрбацина А.А., Тұрсынова А. А. Бұқтырма өзенінің ағынына климаттың өзгеруінің әсері: бағалау және болжам / / "Мұздықтарды сақтау және Орталық Азияның су ресурстарын тиімді пайдалану" халықаралық ғылыми конференциясының "Мұздықтарды сақтаудың 2025-халықаралық жылына" арналған материалдары. – 2024. – 126-135 ББ

https://www.rceeca.tj/books/Mavodho_conf.pdf

Далалық және зертханалық зерттеулер: Гидрологиялық зерттеулер нәтижелерінің тиімділігін арттыру мақсатында қызығушылық тудыратын объектілерді байланыс әдістерімен зерттеу бойынша әртүрлі эксперименттерді қамтитын өлшемдер орындалды; зерттеулердің кешенділігі кейіннен геоақпараттық жүйеге біріктірілген спутниктік және жердегі деректерді пайдаланумен сипатталды.

Далалық зерттеулерді жүргізу зерттелетін бассейннің өзендерінде барлау және гидрометриялық жұмыстарды (жоғары су деңгейлерін анықтау, су шығынын өлшеу, өзеннің көлденең профильдерін салу және т.б.) көздеді.

Әлеуметтік желілерге сілтеме (Facebook. Instagram және ГСҚИ сайты)

https://www.facebook.com/share/p/1AR7KhYgKV/