AP19677559 «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерді құралдық-әдістемелік бағалау».

Жобаның жетекшісі: география ғылымдарының кандидаты Егембердиева Камшат Баратовна.

Жобаның мақсаты: Шарын МҰТП-гі табиғи құбылыстар мен үдерістерге олардың қауіптілік дәрежесін бағалау және табиғатты қауіпсіз пайдалану іс-шараларын әзірлеу үшін мониторинг жүргізу болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

  • 2023 жыл: Шарын МҰТП қауіпті табиғи құбылыстар мен процестерге мониторинг жүргізудің әдістемелік негіздері;
  • 2024 жыл: Бағалау карталарының сериясымен Шарын МҰТП-гі геологиялық-геоморфологиялық үдерістердің, климаттық және гидрологиялық құбылыстардың қауіптілік дәрежесін бағалау. Таңдамалы телімдер бойынша Шарын МҰТП-де қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерге мониторинг жүргізу. БҒССҚК ұсынған рецензияланған шетелдік немесе отандық басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу. Web of Science базасының Science Citation Index Expanded жүйесінде индекстелген және (немесе) Scopus дерекқорында CiteScore процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын рецензияланатын ғылыми журналдарда 1 (бір) мақала (немесе) шолу.
  • 2025 жыл: Шарын МҰТП-гі қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістердің ықтимал көздерінің 1:200 000 масштабтағы кешенді картасы. Шарын МҰТП-гі қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістердің туындау және даму мүмкіндігін анықтау бойынша іс-шаралар. Таңдамалы телімдер бойынша Шарын МҰТП-де қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерге мониторинг. Web of Science базасының Science Citation Index Expanded жүйесінде индекстелген және (немесе) Scopus дерекқорында CiteScore процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) мақала (немесе) шолу.

Алынған негізні нәтижелер:

2023

  1. Шарын МҰТП-гі табиғи қауіпті құбылыстар мен үдерістердің мониторингін жүргізу әдістері анықталды;
  2. Шарын МҰТП-де қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерге мониторинг жүргізудің таңдамалы телімдері анықталды;
  3. Шарын МҰТП-де қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерге мониторинг жүргізудің бағдарламасы әзірленді;
  4. Таңдамалы телімдер бойынша Шарын МҰТП-де қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерге мониторинг жүргізілді;

2024

  • Шарын МҰТП-гі климаттық құбылыстардың қауіптілік дәрежесіне бағалау жүргізілді;
  • Таңдамалы телімдер бойынша Шарын МҰТП-де қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерге мониторинг жүргізілді;
  • Шарын МҰТП-гі гидрологиялық құбылыстардың қауіптілік дәрежесіне бағалау жүргізілді және ГАЖ көмегімен бағалау картасы құрастырылды;
  • Шарын МҰТП-гі геологиялық-геоморфологиялық үдерістердің қауіптілік дәрежесіне бағалау жүргізілді және ГАЖ көмегімен бағалау карталарының сериясы құрастырылды;
  • БҒССҚК ұсынған рецензияланған шетелдік немесе отандық басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланды;
  • Web of Science базасының Science Citation Index Expanded жүйесінде индекстелген және (немесе) Scopus дерекқорында CiteScore процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын рецензияланатын ғылыми журналдарда 1 (бір) мақала (немесе) шолуды жарияланды;

2025

  1. Шарын МҰТП-гі қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістердің ықтимал көздерінің 1:200 000 масштабтағы кешенді картасы әзірленді;
  2. Таңдамалы телімдер бойынша Шарын МҰТП-де қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерге мониторинг жүргізілуде;
  3. Табиғатты қауіпсіз пайдалану және басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін Шарын МҰТП-гі қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістердің туындау және даму мүмкіндігін анықтау бойынша іс-шаралар әзірленеді;
  4. Шарын МҰТП-гі қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістердің туындау және даму мүмкіндігін анықтау бойынша іс-шаралар картасы әзірленеді;
  5. Web of Science базасының Science Citation Index Expanded жүйесінде индекстелген және (немесе) Scopus дерекқорында CiteScore процентиль көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) мақала (немесе) шолуды жарияланады.

Жарияланымдар:

1. Sharapkhanova Zh.M., Lyy Y.F., & Yegemberdiyeva K.B. Assessment and mapping of the mudflow phenomena intensity in Charyn State National Natural Park // Geojournal of Tourism and Geosites, 2024. – vol. 55, no. 3. – P. 1148–1155. https://doi.org/10.30892/gtg.55315-1287. CiteScore 3,9/ SJR 0.323/ SNIP 0.699, Q3, 65-процентиль.

2. Абитбаева А.Д., Бектурсынова А.А., Шарапханова Ж.М., Егембердиева К.Б. Оценка и картографирование степени опасности геолого-геоморфологических процессов Чарынского ГНПП //География и водные ресурсы. – Алматы, 2024. – №3. – С. 58-67. https://doi.org/10.55764/2957-9856/2024-3-58-67.26.

Далалық зерттеу жұмыстары: Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілетін мониторингтің мақсаты қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістердің даму динамикасын бақылау, сондай-ақ оларды болдырмауға және жағымсыз салдарын азайтуға бағытталған ұсыныстар мен басқарушылық шешімдерді әзірлеу болып табылады. Далалық зерттеу жұмыстарының міндеттері – Шарын МҰТП аумағында таңдалған 12 таңдамалы телімдерде қауіпті табиғи құбылыстар мен үдерістерді тұрақты бақылау. Қолданылатын әдістер жоғары дәлдіктегі құралдармен жүргізілетін аспаптық өлшеулерге негізделген: SOUTH Galaxy G9 және Trimble GNSS қабылдағыштары, Riegl VZ-4000 жерүсті лазерлік сканері, Autel Robotics EVO 3 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ лазерлік қашықтық өлшегіш пайдаланылады.

Геотуризм және геоморфология зертханасының қызметкерлерінің Шарын МҰТП директоры Г.Н. Нысанбаевамен кездесуі
South Galaxy G9 GNSS-қабылдағышының базалық станциясын орнату
Таңдамалы телімдердің геоморфологиялық жағдайларын сипаттау
Шарын шатқалында жерүсті лазерлік сканерлеу жұмыстарын жүргізу
Темірлік өзенінің беткейіндегі жыраларды зерттеу. №4 таңдамалы телімі
Үлкен Бұғыты тауының шығыс беткейіндегі опырылымдық-қорымдық үдерістерді бақылау

Әлеуметтік желілердегі сілтемелер (Facebook. Instagram және ГСҚИ)

Instagram желісіндегі зертхананың парағы https://www.instagram.com/geotourism_geomorphology?igsh=bGVydGZ0eXM5b2Nl

һFacebook желісіндегі зертхананың парағыhttps://www.facebook.com/share/1EYEK1knUz/?mibextid=wwXIfr