Акционерлік қоғамдар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Заңның бүкіл мәтіні бойынша орыс тіліндегі "присоединение" деген сөз қазақ тілінде тиісті қосымшаларымен бірге "біріктіру" деп алынды - ҚР 19.03.2014 № 179-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Заңда бүкіл мәтін бойынша "аффилиирленген", "аффилиирленгені", "аффилиирлену" деген сөздер тиісінше "үлестес", "үлестестігі", "үлестестік" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) айқын басым көпшілік – кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;
3) акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға;
4-1) акцияларды бөлшектеу – акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының санын ұлғайту;
9) дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
11) корпоративтік интернет-ресурс – қоғамға тиесілі интернет-ресурс;
12) корпоративтік хатшы - қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және ол қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауға және өткізуге бақылау жасайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарында айқындалады;
12-1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) кумулятивтік дауыс беру - дауыс беруге қатысушы әрбір акцияға қоғам органы сайланатын мүшелерінің санына тең дауыс саны келетін дауыс беру тәсілі;
14) қоғамды корпоративтік басқару кодексі - қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында бекітілетін, қоғамды басқару процесінде туындайтын қатынастарды, оның ішінде қоғамның акционерлері мен органдары арасындағы, қоғам органдары, қоғам және мүдделі тұлғалар арасындағы қатынастарды реттейтін құжат;
14-1) қор биржасының өкілдік тізімі – бағалы қағаздар және қор биржасының ішкі құжаттарының талаптарына сай келетін олардың эмитенттерінің тізімі;
15) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
16) лауазымды адам - акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
17) миноритарлық акционер - акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он процентінен азы тиесілі акционер;
18) орналастыру бағасы - акцияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында орналастыру кезінде айқындалатын акция бағасы;
19) орналастырылған акциялар - акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың бастапқы нарығында құрылтайшылар мен инвесторлар құнын төлеген акциялары;
20) тәуелсіз директор – осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғам ұйымдарының – үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныстылығы жоқ және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағынысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционер өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарға сай келетін директорлар кеңесінің мүшесі;
21) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
22) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
23) ірі акционер - бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 № 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
2-1. Осы Заңның ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және егер "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ол бақылайтын өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Акционерлік қоғам
1. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады.
Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады.
2. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.
Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына қатысты, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі субсидиарлық жауаптылықта болады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
4. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.
6. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
4-бап.
Ескерту. 4-бап алып тасталды – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-1-бап. Жария компания
Ескерту. 4-1-бап алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-бап. Қоғамның құрылтайшылары
1. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады.
3. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-бап. Құрылтай жиналысы. Жалғыз құрылтайшы
1. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Қоғамды бір құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді ондай тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғам осы Заңда және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актілерінде белгіленген тәртіппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкін.
2. Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
1) қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
3) құрылтайшылар төлейтiн акцияның алдын ала төлем мөлшерiн белгiлейдi;
4) жарияланған акциялардың, соның ішінде құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді;
4-1) қоғамның акцияларына ауыстыруға жататын қоғамның бағалы қағаздарын айырбастаудың шарттары мен тәртібін белгілейді;
4-2) осы Заңға сәйкес қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын белгілеудің әдістемесін бекітеді;
5) жарияланған акциялар шығарылымы туралы шешім қабылдайды;
6) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
7) мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қоғам атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;
8) қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
9) қоғамның органдары құрылғанға дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
10) қоғамның жарғысын бекітеді.
3. Акциялар орналастырыла бастағанға дейін құрылтайшылардың кейіннен бірнеше жиналысын өткізуге жол беріледі. Бұл орайда құрылтай жиналыстарына құрылтай шартының барлық тараптары қатысқан жағдайда ғана бірінші құрылтай жиналысында қабылданған шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
4. Қоғамның бірінші құрылтай жиналысында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады. Егер құрылтай шартында өзгеше белгіленбесе, кейінгі құрылтай жиналыстарында әрбір құрылтайшының бір дауысы болады.
5. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға жататын хаттамамен (шешіммен) ресімделеді.
Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі
1. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде):
1) қоғамның құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) туралы мәліметтер, соның ішінде:
жеке тұлғаға қатысты: аты, азаматтығы, тұратын жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері;
заңды тұлғаға қатысты: оның атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы деректер;
8) қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
9) құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешіміне):
құрылтайшылардың шешімі бойынша;
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес енгізілуге тиісті өзге де талаптар болады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі
1. Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша нысанда ресімделіп, оған құрылтайшы немесе оның өкілі қол қояды.
Құрылтай шартын (жалғыз құрылтайшының шешімін) нотариат куәландыруға тиіс.
9-бап. Қоғамның жарғысы
1. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген адам қол қоятын, жарғыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген өзгерiстер мен толықтыруларды (оның ішінде жарғының жаңа редакциясы түрінде жазылғандарды) қоспағанда, қоғам жарғысына құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не оның өкiлдерi (өкiлi) қол қоюға тиiс. Қоғамның жарғысын, сондай-ақ оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды нотариат куәландыруға тиiс.
2. Қоғамның жарғысында мыналар:
1) қоғамның толық және қысқартылған атауы;
2) қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;
4) (алып тасталды)
5) қоғамның органдарын құру тәртібі және олардың құзыреті;
6) қоғам органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі, соның ішінде:
қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының отырыстарын шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі, соның ішінде шешімдері айқын басым көпшілік дауыспен қабылдануға тиісті мәселелердің тізбесі;
7) қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;
9) қоғам қызметінің тоқтатылу талаптары;
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы
10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады.
Осы баптың бірінші бөлігінде қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері бойынша белгіленген талаптар өз қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры және тауар биржалары ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
11-бап. Қоғамның жарғылық капиталы
1. Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.
Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде құрылған қоғамның жарғылық капиталы осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес қалыптастырылады.
2. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.
3. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары
12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер
1. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде:
1) қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;
2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;
13-бап. Акциялардың түрлері
1. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына айырбастау;
артықшылықты акцияларды бөлшектеу туралы мәселелер жатады.
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;
Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.02.13. № 135-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары
1. Қоғам акционерi:
1) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;
талап қою күніне қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған;
соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған (акционер бұрын сұратқан ақпарат толық көлемде ұсынылған жағдайда);
орындалуы акционер өтініш жасаған күні жүзеге асырылатын мәмілелер туралы ақпаратты қоспағанда, қоғам қызметінің (акционер өтініш жасаған күнге дейінгі үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне қатысты ақпаратты қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы айқындаған немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;
6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртiбiмен дау айтуға;
9) қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;
11) акционерлердің жалпы жиналысының осы Заңда көзделген тәртіппен қоғам акцияларының санын өзгерту туралы немесе олардың түрін өзгерту туралы шешім қабылдауына қатысуға құқылы.
қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің өзі (өздері) не оның үлестес тұлғалары пайда (кіріс) алу мақсатында қоғам акционерлерін қасақана жаңылыстыруға әкелу фактісін сот анықтаған кезде;
егер қоғамның директорлар кеңесінің және (немесе) атқарушы органының осы мүшесінің жосықсыз әрекеттері және (немесе) әрекетсіздігі қоғамда залал туындауына алып келгені дәлелденсе, алуға құқылы.
2. Ірі акционердің, сондай-ақ:
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
4) өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.08.07 № 321, 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Қоғам акционерлерінің міндеттері
1. Қоғамның акционері:
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алу құқығы
1) қоғамның директорлар кеңесінің мүшелеріне акциялармен немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздармен сыйақы төлеу;
2) қоғам қызметкерлерін акциялармен немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздармен көтермелеу;
3) қызметін Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасында қоғамның акцияларын немесе осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттарды бастапқы орналастыруды жүргізу жағдайларында қабылдауға құқылы.
Қоғамның акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай орналастыру (өткізу) тәртібі, шекті саны және мерзімдері акционерлер жалпы жиналысының шешімінде немесе қоғамның жарғысында айқындалады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (01.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Алып тасталды - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
18-бап. Қоғамның акцияларын орналастыру
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі
1. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi орталық депозитарий ғана жүзеге асыра алады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп
1. Қоғам уәкілетті органға қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін акцияларды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік қырық бес күн ішінде ұсынуға міндетті.
Қатарынан күнтізбелік он екі ай акцияларды орналастырудың есепті кезеңі болып табылады.
2. Егер есепті кезеңде қоғамның акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.
3. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, қоғам уәкілетті органға қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті осындай айырбастау күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасау
Осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге қолданылмайды.
3. Акцияларды орналастырған кезде қоғамға:
1) орналастырылатын акцияларды сатып алуға;
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Қоғамның акциялары бойынша дивидендтер
1. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді қоспағанда, қоғамның акциялары бойынша дивидендтер акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның дауыс беретін акцияларының жай көпшілігімен дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда ақшалай немесе қоғамның бағалы қағаздарымен төленеді.
Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша бағалы қағаздармен дивидендтер төлеуге жол берілмейді.
5. Қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша:
2-1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы" және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда;
3) (алып тасталды)
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
23-бап. Жай акциялар бойынша дивидендтер
1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан, жартыжылдық немесе жыл қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана қоғамның тиісті кезең үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Акционерлердің жалпы жиналысының жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мәліметтер:
1) қоғамның атауы, орналасқан жері, банк және өзге де реквизиттері;
2) дивидендтер төленетін кезең;
3) бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;
4) дивидендтер төлеудің басталатын датасы;
5) дивидендтер төлеудің тәртібі мен нысаны;
6) төлем агентінің атауы (төлем агенті болған кезде) қамтылуға тиіс.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер
1. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін талап етпейді.
Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.
Дивидендтерді төлеу дивидендтерді алу құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.
Артықшылықты акциялар бойынша есептелетін дивидендтердің мөлшері жай акциялар бойынша осы кезең үшін есептелетін дивидендтердің мөлшерінен аз болмауға тиіс.
Дивидендтер алу құқығы бар және қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар акционерлерге артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер толық төленбейінше жай акциялары бойынша дивидендтер төленбейді.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-бап. Тұлғаның бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алуы
Қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныста атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған тұлға туралы және оның үлестес тұлғалары және акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс. Акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы ретінде төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаға (тұлғаларға) қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның ұсынысын қабылдаған акционер қоғамның өзіне тиесілі акцияларын осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруды қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға акционердің қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісімін алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы акцияларды төлеуге міндетті.
1) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті;
2) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізгенше қоғамның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті жасауға және (немесе) қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі дауыс беретін акциялары бойынша дауыс беруге құқылы емес.
8. Осы Заңның 25-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайға осы баптың талаптары қолданылмайды.
9. Осы баптың 2, 3, 4, 6 және 7-тармақтарының талаптары:
тұлғаның (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын өзі дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта иеленетін және осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған) бағалы қағаздардың қайталама нарығында өзінің үлестес тұлғаларынан (қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын көрсетілген тұлғамен жиынтықта иеленетін және қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы;
үлестес тұлғаның (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) бағалы қағаздардың қайталама нарығында басқа үлестес тұлғадан (қоғамға бұрын жіберілген хабарламада көрсетілген және қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын осы бапта белгіленген міндеттерді бұрын орындаған тұлғамен жиынтықта иеленетін) осы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
25-1-бап. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын не жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі болға осы тұлға, сатып алу күнінен кейін алпыс жұмыс күні ішінде қоғамның қалған акционерлерінен осы қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы.
Қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын сату туралы акционерлерге талапта атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оған (оларға) тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді және орталық депозитарийге, сондай-ақ қор биржасына (қоғамның акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) алынған талап туралы хабарлайды.
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша қалған акционерлер қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға қалған акционерлердің талабы бойынша оларды акцияларды сату бағасының айқындалғанын растайтын құжатпен таныстыруға міндетті.
Акционерлердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде, осы акцияларға құқықтар кепілін тоқтату және сенімгерлік басқаруды тоқтату жөніндегі мәмілелерден, сондай-ақ осындай акциялардан тыйым салуды алып тастау жөніндегі операциялардан басқа, қоғамның дауыс беретін акцияларымен өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауына тыйым салынады.
4. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаның талабы бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы төменде келтірілгендердің ең жоғары бағасы ретінде айқындалады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты:
нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты:
акциялардың Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық бағасы;
не нәтижесінде осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болған мәміле бойынша акциялар бағасы.
5. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларына осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалып ұсынылған сатып алу бағасы бойынша ақы төлеуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға басқа акционерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мәліметтері бар, осы акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотына аударылады.
Акционердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетін ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шоты туралы мәліметтер қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде болмаған жағдайда, ие болған қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.
6. Акционерлердің қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша сату жөніндегі мәмілені тіркеу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде осы тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның ауыртпалық салынған дауыс беретін акцияларын акционердің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жеке шотынан есептен шығару, сондай-ақ олардың ақысын төлеу ауыртпалық алынған күннен кейін бір айдың ішінде жүзеге асырылады.
Мәмілелерді тіркеуге және олардың ақысын төлеуге байланысты шығыстарды қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алатын тұлға көтереді.
7. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілелерді тіркеу күні қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша төленбеген дивидендтерді алу құқығы осы тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерде сақталады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуіне сәйкес қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерге қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша дивидендтерді төлеу осы Заңның 22 және 23-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
8. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасында көрсетілген акциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өздері бойынша дауыс беру құқығы берілетін, орналастырылған, номиналды ұстаудағы және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде өзі туралы мәліметтер жоқ меншік иесіне тиесілі жай акциялар және (немесе) артықшылықты акциялар осы баптың мақсаттарында қоғамның дауыс беретін акциялары деп түсініледі.
Ескерту. 6-тарау 25-1-баппен толықтырылды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
26-бап. Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу
1. Орналастырылған акцияларды сатып алу оларды кейіннен сату мақсатында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамның жарғысына қайшы келмейтін өзге де мақсаттарда қоғамның бастамасы бойынша акционердiң келiсiмiмен жүргізілуі мүмкін.
Орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алу қоғам акцияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сатып алған жағдайларды қоспағанда, қоғамның оларды сатып алған кезінде акциялардың құнын айқындаудың осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітілген әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
2. Егер осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында өзгеше белгіленбесе, қоғамның бастамасы бойынша орналастырылған акцияларын қоғамның сатып алуы директорлар кеңесінің шешімі негізінде жүргізіледі.
1) акционерлердің бірінші жалпы жиналысын өткізгенге дейін;
2) акцияларды құрылтайшылар арасында орналастыру қорытындылары туралы бірінші есеп бекітілгенге дейін;
3) егер акцияларды сатып алу нәтижесінде қоғамның өз капиталының мөлшері осы Заңда белгіленген ең төменгі жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болса;
4) егер акцияларды сатып алу кезiнде қоғам Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi не дәрменсiздiгi белгiлерiне сай келсе не аталған белгiлер қоғамда оның барлық талап етiлетiн немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесiнде пайда болса;
5) егер сот немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы оны тарату туралы шешім қабылдаса;
6) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуға құқығы жоқ.
4. Егер қоғамның бастамасы бойынша оның сатып алынатын орналастырылған акцияларының саны акцияларды сатып алу-сату мәмiлесi (мәмiлелерi) жасалғанға дейiнгi олардың жалпы санынан бір процент асатын болса, ол өз акционерлеріне осындай сатып алу туралы хабарлауға міндетті.
Қоғамның өзі орналастырған акцияларын сатып алуы туралы хабарламасында өзі сатып алатын акциялардың түрлері, саны, бағасы, мерзімі туралы және оларды сатып алу талаптары туралы мәліметтер болуға тиіс және ол қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
5. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуға жариялаған акциялардың санынан асып түскен жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы
1. Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды:
1) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған (егер акционер қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
1-1) акционерлердің жалпы жиналысы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған (егер акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе);
1-2) сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
2) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында белгiленген тәртiппен қабылданған iрi мәмiле жасау туралы шешiммен және (немесе) жасалуында қоғамның мүддесi бар мәмiле жасау туралы шешiммен келiспеген;
3) акционерлердiң жалпы жиналысы қоғамның жарғысына осы акционерге тиесiлi акциялар бойынша құқықтарды шектейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдаған (егер акционер осындай шешiм қабылданған акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмнiң қабылдануына қарсы дауыс берсе);
4) акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған (егер акционер осындай шешім қабылданған акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, көрсетілген шешімнің қабылдануына қарсы дауыс берсе) жағдайларда өзіне қойылуы мүмкін қоғам акционерінің талабы бойынша жүргізуге тиіс.
Қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесінің мазмұнын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында осы әдістемеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда осы тармақшаның ережесі қолданылмайды.
1-1. Орналастырылған акцияларды акционердiң талап етуi бойынша қоғамның сатып алуы қоғамның акцияларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында сатып алуы кезiнде олардың құнын айқындаудың осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда акционер өзіне тиесілі акцияларды акционерлердің жалпы жиналысы акциялардың құнын айқындау әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін қолданыста болған, қоғам оларды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында сатып алған кездегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі редакциясына сәйкес сатып алуды талап етуге құқылы.
2. Акционер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға талап қоюға құқылы.
Аталған өтініш алынған күннен бастап отыз күн ішінде қоғам акционерден акцияларды сатып алуға міндетті.
3. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны қоғам сатып алуы мүмкін акциялардың санынан артық болған жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.
Ескерту. 27-бапқа өзгертулер енгізілді – ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
28-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы бойынша шектеулер
1. Қоғам сатып алған және сатып алатын орналастырылған акциялардың жалпы саны орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс, ал қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алуға жұмсайтын шығыстары:
1) орналастырылған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алған кезде:
акционерлердің жалпы жиналысында осы Заңның 27-бабы 1-тармағының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында көрсетілген шешімдер қабылданған;
сауда-саттықты ұйымдастырушы қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
оның жасалуында қоғамның мүддесі бар ірі мәміле және (немесе) мәміле жасасу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша;
2) орналастырылған акцияларды қоғамның бастамасы бойынша сатып алған кезде - қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша оның өз капиталы мөлшерінің он процентінен аспауға тиіс.
1-1. Осы баптың 1-тармағының талаптары банктің Қазақстан Республикасының Үкіметінен не ұлттық басқарушы холдингтен "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабына сәйкес, өздері бұрын сатып алған өз акцияларын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
2. Қоғам сатып алған акциялар оның акционерлері жалпы жиналысының кворумын анықтаған кезде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
29-бап.
Ескерту. 29-бап алып тасталды – ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
30-бап. Эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге де ақшалай міндеттемелерін қоғамның жай акцияларына айырбастау
1. Қоғам өзінің жарғысында айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару мүмкiндiгi көзделген жағдайда ғана мұндай шығаруға құқылы.
1) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектісі;
Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19. № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-1-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау
Ескерту. 30-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-2-бап. Қоғамның акцияларын бөлшектеу
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешiмi бойынша қоғам акцияларға бөлшектеу жүргізуге құқылы.
Акцияларды бөлшектеу қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің өзгеруіне алып келмейді.
Акцияларды орналастыру қорытындысы туралы есепке өзгерістер енгізу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
1) бөлшектеуге жататын акциялардың түрі;
3) бөлшектеуді жүргізу мерзімдері;
Жай акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның артықшылықты акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
Артықшылықты акциялар бөлшектелген жағдайда, қоғам дәл осы коэффициент бойынша мыналарды жүргізуге міндетті:
қоғамның жай акцияларын бөлшектеу;
қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшерін азайту.
Ескерту. Заң 30-2-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
31-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу
1. Қоғамның бағалы қағаздарын кепілге салу құқығын қоғам жарғысының ережелерімен шектеуге немесе алып тастауға болмайды.
2. Қоғам өзі орналастырған бағалы қағаздарды:
1) кепілге берілетін бағалы қағаздар толық төленген;
Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары есебiнен өтеу
1. Егер жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн (бұдан әрі - мерзімі өткен берешек) төлеу мерзімі үш айдан астам өтіп кетсе, Қазақстан Республикасының мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органы (бұдан әрі - мемлекеттік орган) қоғамның мерзімі өткен берешегін өтеткізу мақсатында:
Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. № 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.13. № 11(күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
33-бап. Қоғамның органдары
1. Мыналар қоғам органдары болып табылады:
1) жоғары орган - акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акциялары бір акционерге тиесілі қоғамда - сол акционер);
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган - алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға.
4) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және (немесе) қоғам жарғысына сәйкес өзге де органдар.
2. (алып тасталды).
2-1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен акционерлік қоғам банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
3. Бұрын мемлекеттiк қызметшi болған және өзінің қызметтік функциялары бойынша қоғам қызметіне мемлекет тарапынан бақылау мен қадағалау жөнінде өкілеттігі болған жеке адам осындай өкілеттік тоқтатылған күннен бастап бір жыл ішінде, дауыс беретін акцияларының кемінде он проценті мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі қоғамның органдарын қоспағанда, осы қоғамның органына сайлана алмайды.
Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13. № 135-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
34-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамды басқару ерекшеліктері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-1-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ерекшеліктері
Ескерту. Заң 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.09 № 535 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.06.2021 № 48-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
35-бап. Акционерлердің жалпы жиналысы
1. Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.
Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында қоғамның директорлар кеңесі сайланады.
2. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
1) қоғамның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс.
Ескерту. 35-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
36-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті
1. Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне мына мәселелер жатқызылады:
1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда) корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді;
2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
3-2) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау;
6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
7) аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті бекіту;
9) қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;
11) (алып тасталды)
12) (алып тасталды)
13) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу;
15) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
17) "алтын акцияны" енгізу және оның күшін жою;
Осы баптың 1-тармағының 3-5) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша акционерлердің жалпы жиналысының шешімі қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Егер осы Заңда және (немесе) қоғам жарғысында өзгеше белгiленбесе, акционерлердiң жалпы жиналысының өзге мәселелер бойынша шешiмдерi қоғамның дауыс беруге қатысушы дауыс беретiн акцияларының жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
Акционерлердiң жалпы жиналысы орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау бөлігінде осы баптың 1-тармағының 3-3) тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша шешiм қабылдаған кезде артықшылықты акцияларды иеленетін акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін шешім орналастырылған (сатып алынғандары шегеріле отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі осындай шешім үшін дауыс берген жағдайда ғана қабылданды деп есептеледі.
Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру тәртібі
1. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.
2. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
2) ірі акционердің бастамасы бойынша шақырылады.
Ерікті түрде таратылу процесіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, әзірлеуі және өткізуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы міндетті түрде шақырылатын жағдайлар көзделуі мүмкін.
3. Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
2) қоғаммен жасалған шартқа сәйкес орталық депозитарий;
4) қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.
4. Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру, әзірлеу және өткізу жөніндегі шығындарды қоғам көтереді.
5. Қоғамның органдары акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақырудың осы Заңда белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, акционерлердің жылдық жалпы жиналысы кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімі негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
Егер қоғам органдары акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы қоғамның ірі акционерінің талабын орындамаса, қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы оның талап-арызы бойынша қабылданған сот шешімінің негізінде шақырылуы және өткізілуі мүмкін.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
38-бап. Ірі акционердің бастамасы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу ерекшеліктері
1. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ірі акционердің талабы қоғамның атқарушы органының орналасқан жері бойынша тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы директорлар кеңесіне қойылады, онда мұндай жиналыстың күн тәртібі болуға тиіс.
2. Қоғамның директорлар кеңесі ірі акционердің талабы бойынша шақырылған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі мәселелерінің тұжырымдамаларына өзгерістер енгізуге және ұсынылған өткізу тәртібін өзгертуге құқылы емес.
Қойылған талапқа сәйкес акционерлердің кезектен тыс жиналысы шақырылған кезде директорлар кеңесі жалпы жиналыстың күн тәртібін өз қалауы бойынша кез келген мәселелермен толықтыруға құқылы.
3. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты ірі акционер (акционерлер) қойған жағдайда, мұндай жиналысты шақыруды талап етуші акционерлердің (акционердің) есімдері (атаулары) және оған тиесілі акциялардың саны, түрі көрсетілуге тиіс.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапқа акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуші адам (адамдар) қол қояды.
4. Директорлар кеңесі аталған талапты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешім қабылдауға және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы талапты қойған адамға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы не оны шақырудан бас тарту туралы хабарлама жіберуге міндетті.
5. Қоғамның директорлар кеңесінің ірі акционердің талап етуі бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешімі:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талапты қоюдың осы бапта белгіленген тәртібі сақталмаған;
2) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылдануы мүмкін.
Қоғамның директорлар кеңесінің акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудан бас тарту туралы шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
6. Егер қоғамның директорлар кеңесі осы Заңда белгіленген мерзім ішінде қойылған талап бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімді қабылдамаса, оның шақырылуын талап етуші адам қоғамды акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізуге міндеттеу талабымен сотқа жүгінуге құқылы.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.07.05 № 58-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
39-бап. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі
1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiндегi деректер негізінде орталық депозитарий жасайды. Аталған тізімді жасау күні жалпы жиналысты өткізу туралы шешім қабылданған күннен ерте белгіленбеуі керек.
Акционерлердің тізіміне енгізілуге тиісті мәліметтерді уәкілетті орган белгілейді.
2. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердiң тiзiмi жасалғаннан кейiн, осы тiзiмге енгiзiлген тұлға қоғамның оған тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен айырса, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл орайда акцияға меншік құқығын растайтын құжаттар табыс етілуге тиіс.
Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
40-бап. Жалпы жиналыстың өткізілетін күні, уақыты және орны
1. Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн мен уақыт оған қатысу құқығы бар адамдардың неғұрлым көпшілігі жиналысқа қатыса алатындай етіп белгіленуге тиіс.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
41-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы ақпарат
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама акционерлерге қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
4) акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
5) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібі;
7) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі;
8) сырттай дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
4) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталған және аяқталған күні;
5) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні;
6) қоғам акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі;
7) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
8) дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы соған сәйкес өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары қамтылуға тиіс.
Миноритарлық акционердің өтініш жасау және орталық депозитарийдің басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
42-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізу
1. Акционерлердің жалпы жиналысын қайталап өткізуді акционерлердің бастапқы (болмай қалған) жалпы жиналысы белгіленген күннен кейінгі келесі күннен ерте тағайындауға болмайды.
43-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі
4. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының күн тәртібіне:
1) қоғам акционерлері жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей толықтырулар туралы хабардар етілген жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер немесе директорлар кеңесі ұсынған осындай толықтырулар;
2) егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде тоқсан бес пайызын жиынтығында иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі енгізілуіне дауыс берсе, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
44-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарда осы мәселелер бойынша негізделген шешімдер қабылдауға қажетті ақпарат болуға тиіс.
1) аты-жөні, сондай-ақ тілегі бойынша - әкесінің аты;
2-1) қоғамға үлестестігі туралы мәліметтер;
3) соңғы үш жылдағы жұмыс орны және атқарған қызметі туралы мәліметтер;
4) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат болуға тиіс.
3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар:
1) қоғамның жылдық қаржы есептілігі;
2) жылдық қаржы есептілігіне аудиторлық есеп;
3-2) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 44-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2007.02.19. № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы
2. Акционерлердің өтпей қалған жалпы жиналысы орнына қайталап өткізілетін жалпы жиналысы, егер:
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
46-бап. Есеп комиссиясы
2. Есеп комиссиясы үш адамнан кем болмауға тиіс. Есеп комиссиясына қоғамның алқалы органдары мүшелерінің, сондай-ақ қоғамның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның кіруіне болмайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін уақытта есеп комиссиясының мүшесі болмаған жағдайда жиналыс өткізілетін уақытқа есеп комиссиясының мүшесін қосымша сайлауға рұқсат етіледі.
1) акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін келген адамдардың өкілеттігін тексереді;
2) акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркейді және оларға акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды береді;
3) сырттай дауыс беру үшін алынған бюллетеньдердің дұрыстығын анықтайды және дұрыс бюллетеньдер мен күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша оларда көрсетілген дауыстарды санайды;
4) акционерлердің жалпы жиналысы кворумының, оның ішінде жиналыс өткізілген барлық уақыттың ішінде болуын да анықтайды және кворумның болғаны немесе болмағаны туралы хабарлайды;
5) акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің құқықтарын іске асыру мәселелерін түсіндіреді;
6) акционерлердің жалпы жиналысында қаралған мәселелер бойынша дауыстарды санайды және дауыс берудің қорытындысын шығарады;
7) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасайды;
8) дауыс беру бюллетеньдерін және дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманы қоғамның мұрағатына береді.
4. Есеп комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдердегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
47-бап. Акционерлердің жалпы жиналысындағы өкілдік
1. Акционер жеке өзі немесе өз өкілі арқылы акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге құқылы.
Қоғамның атқарушы органы мүшелерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ.
Мұндай өкілдік акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша дауыс беру туралы нақты нұсқаулары бар сенімхатқа негізделген жағдайларды қоспағанда, қоғам қызметкерлерінің акционерлердің жалпы жиналысында акционерлердің өкілдері ретінде сөз сөйлеуге құқығы жоқ.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүддесін білдіруге құқығы бар тұлға үшін акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге сенімхат талап етілмейді.
Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
48-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі
Ескерту. 48-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі осы Заңға, қоғамның жарғысына және қоғамның ішкі қызметін реттейтін өзге де құжаттарға сәйкес не акционерлердің жалпы жиналысының тікелей шешіммен белгіленеді.
2. Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзінің өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуге тиіс.
Шешімдері аралас дауыс беру арқылы қабылданатын акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау кезінде сырттай дауыс берген акционерлердің (акционерлер өкілдерінің) бюллетеньдері ескеріледі.
Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысына келген акционер (акционердің өкілі) тіркелуге міндетті.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Қоғамның артықшылықты акцияларының меншік иесі болып табылатын акционер акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысына қатысуға және онда қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
Егер қоғамның жарғысында немесе акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының шешімінде өзгеше белгіленбесе, оған өзге адамдар шақырусыз қатыса алады. Акционерлердің жалпы жиналысында мұндай адамдардың сөз сөйлеу құқығы қоғамның жарғысында немесе акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде белгіленеді.
2-1. Егер дауыс беру үшін бұрын бюллетень жіберген акционер аралас дауыс беру пайдаланылатын акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру үшін келген болса, оның бұрын жіберген бюллетені акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыстарды есептеу кезінде есепке алынбайды.
3. Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда хабарланған уақытта ашылады.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытынан ерте ашылмауы керек.
4. Акционерлердің жалпы жиналысы жалпы жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды.
Акционерлердің жалпы жиналысы ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша) дауыс беру нысанын белгілейді. Егер қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе, акционерлердің жалпы жиналысының төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлау туралы мәселе бойынша дауыс беру кезінде әрбір акционердің бір дауысы болады, ал шешім қатысушылар санының жай көпшілік даусымен қабылданады.
Жиналысқа қатысушы акционерлердің барлығы атқарушы органға кіретін жағдайларды қоспағанда, атқарушы органның мүшелері акционерлердің жалпы жиналысында төрағалық ете алмайды.
5. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы қаралып отырған мәселе бойынша жарыссөзді тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс берудің әдісін өзгерту туралы ұсынысты дауысқа салуға құқылы.
Төрағаның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуіне, мұндай сөздер акционерлердің жалпы жиналысының регламентін бұзуға әкеп соғатын немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, бөгет жасауға құқығы жоқ.
6. Акционерлердің жалпы жиналысы өзінің жұмысында үзіліс жариялау туралы және жұмыс мерзімін ұзарту туралы, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген мәселелердің қаралуын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
7. Акционерлердің жалпы жиналысын күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялауға болады.
8. Акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толық және дұрыс болуы үшін жауап береді.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
49-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының сырттай дауыс беру арқылы шешімдер қабылдауы
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері сырттай дауыс беруді өткізу арқылы қабылдануы мүмкін. Сырттай дауыс беру акционерлердің жалпы жиналысына қатысып отырған акционерлердің дауыс беруімен (аралас дауыс берумен) бірге не акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткізілмей қолданылуы мүмкін.
2. Қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі барлық немесе жекелеген мәселелер бойынша шешімдерді сырттай дауыс беру арқылы қабылдауға тыйым салу белгіленуі мүмкін.
3. Сырттай дауыс беруді өткізген кезде дауыс беру үшін бірыңғай нысандағы бюллетеньдер акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға жіберіледі (таратылады).
Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру нәтижелеріне ықпал ету мақсатымен қоғамның дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жекелеген акционерлерге таңдап жіберуге құқығы жоқ.
4. Дауыс беруге арналған бюллетень акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға:
1) пошта байланысының құралдары қолданылған кезде – акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей;
2) хабарлама электрондық тәсілмен жіберілген немесе ол қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған кезде – акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Акционерлерінің саны жүз және одан көп қоғамда сырттай дауыс беру кезінде осы қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламамен бірге акционерлердің жалпы жиналысында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді жариялауға міндетті.
5. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) жиналысты шақырудың бастамашысы туралы мәліметтер;
3) сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді берудің нақты күні;
4) акционердің жалпы жиналысы жабылатын күн;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселелер болса, сайлауға ұсынылатын кандидаттардың есімдері;
7) дауыс берілетін мәселелердің тұжырымдалуы;
8) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс берудің "жақтайды", "қарсы", "қалыс қалды" деген сөздермен білдірілген нұсқалары;
9) күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру (бюллетеньді толтыру) тәртібінің түсіндірмесі болуға тиіс.
6. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға – акционер (жеке тұлға – акционердің өкілі) осы адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиіс.
Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетенге оның басшысы (заңды тұлға – акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.
Акционердің өкілі сырттай дауыс беру үшін бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттілігін растайтын сенімхаттың немесе өзге құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Жеке тұлға – акционердің не заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің не заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз деп есептеледі.
Дауыстарды есептеу кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасы қойылған мәселелер бойынша дауыстар есептеледі.
7. Егер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы мәселелер болса, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньде жекелеген кандидаттарға берілген дауыстардың санын көрсететін орын болуға тиіс.
7-1. Егер акционерлердің жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілген жағдайда тиісті түрде толтырылған бюллетеньдер барлық акционерлерден дауыстарды санау белгіленген күннен бұрын келіп түскен болса, онда дауыстарды уақытынан ертерек күні санауға жол беріледі, бұл дауыс беру қорытындылары туралы хаттамада көрсетіледі.
8. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
50-бап. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру
1. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру:
1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда бір акционерге берілетін акциялар бойынша дауыстардың ең көп санын шектеуді;
2) директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді;
3) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, "бір акция - бір дауыс" принципі бойынша жүзеге асырылады.
2. Акциялар бойынша берілетін кумулятивтік дауыс беру кезінде дауыстарды акционер директорлар кеңесінің мүшелігіне бір кандидат үшін толық беруі немесе ол директорлар кеңесінің мүшелігіне бірнеше кандидат арасында бөліп беруі мүмкін. Дауыстар саны ең көп берілген кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған болып танылады.
3. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысында дауыс беру жасырын әдіспен жүргізілген жағдайда мұндай дауыс беруге арналған бюллетеньдер (бұдан әрі осы бапта - қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер) дауыс беру жасырын тәсілмен жүргізілетін әрбір жекелеген мәселе бойынша жасалуға тиіс. Бұл орайда қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньде:
1) мәселенің тұжырымдалуы немесе жиналыстың күн тәртібіндегі оның рет нөмірі;
2) мәселелер бойынша "жақтайды", "қарсы", "қалыс қалды" деген сөздермен білдірілген дауыс беру нұсқалары немесе қоғамның органына әрбір кандидат бойынша дауыс беру нұсқалары;
3) акционерге тиесілі дауыстар саны болуға тиіс.
4. Акционер бюллетеньге өзі қол қоюға, оның ішінде өзіне тиесілі акцияларды осы Заңға сәйкес сатып алу туралы қоғамға талап қою мақсатында тілек білдірген жағдайды қоспағанда, акционер қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қоймайды.
Қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер бойынша дауыстарды есептеу кезінде дауыс берушілердің бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібі сақталған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасы қалдырылған мәселелер бойынша дауыстары есепке алынады.
51-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама
1. Дауыс беру қорытындылары бойынша есеп комиссиясы дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасап, оған қол қояды.
2. Акционердің дауыс беруге қойылған мәселе бойынша ерекше пікірі болған жағдайда қоғамның есеп комиссиясы хаттамаға тиісті жазба енгізуге міндетті.
3. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама жасалып, оған қол қойылғаннан кейін қатысып жасырын және сырттай дауыс беру үшін толтырылған (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер де), соның негізінде хаттама жасалған бюллетеньдер хаттамамен бірге тігіледі және қоғамда сақталады.
4. Дауыс беру қорытындылары туралы хаттама акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
5. Дауыс беру қорытындылары акционерлердің дауыс беру өткізілген жалпы жиналысының барысында жария етіледі.
6. Акционерлердің жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары немесе сырттай дауыс беру нәтижелері акционерлердің назарына акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында оларды қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы және қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен (осындай тәртіп болған кезде) жеткізіледі.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
52-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы
1. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуға тиіс.
2. Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасында:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) акционерлердің жалпы жиналысының өткізілген күні, уақыты және орны;
4) акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;
6) акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;
7) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқасы) және хатшысы;
8) акционерлердің жалпы жиналысына қатысқан адамдардың сөйлеген сөздері;
10) дауысқа қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
11) акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер көрсетіледі.
3. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының хаттамасына:
1) акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы (төралқа мүшелері) мен хатшысы;
2) есеп комиссиясының мүшелері (болған кезде) қол қоюға тиіс.
3) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 52-бапқа өзгертулер енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
53-бап. Директорлар кеңесі
1. Осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, директорлар кеңесі қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;
2-1) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу нысанын айқындау;
5) қоғамның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекіту;
5-1) директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелерді бекіту;
7) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талаптарын айқындау, сондай-ақ оларды шығару туралы шешімдер қабылдау;
8) атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
9) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) лауазымдық айлықақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы және сыйлықақы төлеу талаптарын айқындау;
10) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау;
10-1) корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттік мерзімін айқындау, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;
11) қаржылық есептіліктің аудиті үшін аудиторлық ұйымның, сондай-ақ қоғамның акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміле нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;
12) (алып тасталды)
13) қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды (бұған қоғам қызметін ұйымдастыру мақсатында атқарушы орган қабылдайтын құжаттар қосылмайды), оның ішінде аукциондар өткізу және қоғамның бағалы қағаздарына қол қою шарттары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжатты бекіту;
14) қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;
15) қоғамның басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан да көп пайызын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн) сатып алу (иелігінен шығару) туралы шешімдерін қабылдау;
15-1) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) он және одан да көп проценті қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
16) қоғамның міндеттемелерін оның өзіндік капиталы мөлшерінің он және одан да көп проценті болатын шамаға көбейту;
17) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен
18) қоғам немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметі туралы ақпаратты айқындау;
19) жасасу туралы шешім осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына және 73-бабының 3-1-тармағына сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын ірі мәмілелерді қоспағанда, ірі мәмілелер және жасауға қоғам мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;
20) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген, акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де мәселелер.
3. Тiзбесi осы баптың 2-тармағында белгiленген мәселелердi атқарушы органның шешуiне беруге болмайды.
3-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі құзыретінің ерекшеліктері "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.
4. Қоғамның жарғысына сәйкес оның атқарушы органының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша директорлар кеңесінің шешім қабылдауға, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
5. Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.
1) мүдделердің ықтимал қақтығысын, оның ішінде қоғам меншігін заңсыз пайдалануды және мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелерді жасасқан кезде асыра пайдалануды лауазымды адамдар мен акционерлер деңгейінде қадағалауға және оларды мүмкіндігінше жоюға;
2) қоғамдағы корпоративтік басқару практикасының тиімділігін бақылауды жүзеге асыруға тиіс.
Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13. № 135-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
53-1-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
2. Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды:
5) қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер.
Директорлар кеңесінің жеке комитеті қарайтын ішкі аудит мәселелерін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған мәселелерді қарау директорлар кеңесінің бір немесе бірнеше комитетінің құзыретіне жатқызылуы мүмкін.
3. Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.
Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Тәуелсіз директорлар функцияларына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) болып табылады.
Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
Ішкі аудит мәселелері жөніндегі комитет тек қана директорлар кеңесінің мүшелерінен тұруға тиіс.
4. Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың саны, сондай-ақ сандық құрамы қоғамның директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжатында белгіленеді.
Ескерту. 53-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19. № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
54-бап. Директорлар кеңесінің құрамы
1. Жеке адам ғана директорлар кеңесiнiң мүшесi бола алады.
Директорлар кеңесінің мүшесі осы Заңға және (немесе) қоғамның жарғысына сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге адамдарға беруге құқылы емес.
2. Директорлар кеңесiнiң мүшелерi:
1) акционерлер – жеке адамдар;
2) директорлар кеңесiне акционерлердiң өкiлдерi ретiнде сайлауға ұсынылған (ұсыным берiлген) адамдар;
3) қоғамның акционері болып табылмайтын және директорлар кеңесiне акционердiң өкiлi ретiнде сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берiлмеген) жеке адамдар арасынан сайланады.
3. Директорлар кеңесінде бір орынға бір кандидат сайлауға түсетін жағдайды қоспағанда, акционерлер директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауды дауыс беруге арналған бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге асырады. Кумулятивтік дауыс беру бюллетенінің мынадай бағандары болуы тиіс:
1) директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидаттардың тізбесі;
2) акционерге тиесілі дауыстар саны;
3) акционердің директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылған кандидатқа берген дауыстарының саны.
Кумулятивтік дауыс беруге арналған бюллетеньге "қарсы" және "қалыс қалды" деген дауыс беру нұсқаларын енгізуге тыйым салынады.
Акционер өзіне тиесілі акциялар бойынша дауысты директорлар кеңесінің мүшелігіне бір кандидатқа толығымен беруге немесе оларды бірнеше кандидаттар арасында бөліп беруге құқылы. Ең көп дауыс санын жинаған кандидаттар директорлар кеңесіне сайланған болып есептеледі. Егер директорлар кеңесінің мүшелігіне екі және одан көп кандидат тең дауыс санын жинаған болса, бұл кандидаттарға қатысты тең дауыс санын жинаған кандидаттар көрсетілген кумулятивтік дауыс беру бюллетеньдерін акционерлерге ұсыну арқылы қосымша кумулятивтік дауыс беру өткізіледі.
4. Атқарушы органның басшысынан басқа мүшелерi директорлар кеңесiне сайлана алмайды. Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесiнiң төрағасы болып сайлана алмайды.
5. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң саны кемiнде үш адам болуға тиiс. Қоғамның директорлар кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс.
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
55-бап. Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі
1. Директорлар кеңесінің құрамына сайланған адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе, қайта сайлануына шек қойылмауы мүмкін.
2. Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді.
Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттіктері акционерлердің жалпы жиналысы оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
56-бап. Директорлар кеңесінің төрағасы
1. Егер қоғам жарғысында өзгеше көзделмесе, директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы оның мүшелері арасынан сайланады.
57-бап. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру
1. Директорлар кеңесiнiң отырысы оның төрағасының немесе атқарушы органның бастамасы бойынша, не:
1) директорлар кеңесiнiң кез келген мүшесiнiң;
2) қоғамның iшкi аудит қызметiнiң;
3) қоғамға аудиттi жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның;
4) iрi акционердiң талап етуi бойынша шақырылуы мүмкiн.
Директорлар кеңесiнiң отырысы аталған талапты қойған адамды мiндеттi түрде шақыра отырып өткiзiледi.
Ескерту. 57-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
58-бап. Директорлар кеңесінің отырысы
1. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу үшін кворум қоғамның жарғысында белгіленеді, бірақ ол директорлар кеңесі мүшелері санының жартысынан кем болмауға тиіс.
2. Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің бір даусы болады.
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) отырыстың өткізілген күні, уақыты және орны;
3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
7) директорлар кеңесінің шешімі бойынша өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.07.05 № 58-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
59-бап. Атқарушы орган
1. Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етеді. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Ескерту. 59-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.15 № 253, 2008.07.05 № 58-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
60-бап. Атқарушы орган басшысының өкілеттігі
Атқарушы органның басшысы:
1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді;
5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
61-бап. Ішкі аудит қызметі
1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
Ескерту. 61-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
62-бап. Қоғамның лауазымды адамдары қызметінің принциптері
1. Қоғамның лауазымды адамдары:
2. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері:
Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
63-бап. Қоғамның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
1. Қоғамның лауазымды адамдары өздерінің іс-әрекеттерінен және (немесе) әрекетсіздігінен келтірілген зиян үшін және қоғамға келтірілген залалдар үшін:
1) қателесуге әкеп соқтыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат беру;
2) осы Заңда белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзу;
6. Осы баптың мақсаты үшін айқындама деп мыналар түсіндіріледі:
Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-тарау. Қоғамның үлестес тұлғалары
64-бап. Қоғамның үлестес тұлғасы
1. Мыналар:
4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға;
7) қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға;
1) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
Ескерту. 64-бапқа өзгертулер енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 № 72-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
65-бап.
Ескерту. 65-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
66-бап. Үлестес тұлғалардың қатысуымен мәмілелер жасасу ерекшеліктері
1. Үлестес тұлғаларының қатысуымен қоғамның мәмілелер жасасу ерекшеліктері осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленеді.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
67-бап. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді ашу
1. Қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды.
4. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-тарау. Жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген қоғамның мәмілелері
68-бап. Ірі мәміле
1. Мыналар:
3) қоғамның жарғысында ірі мәміле деп танылатын өзге де мәміле ірі мәміле деп танылады.
2) бір шартпен немесе өзара байланысты бірнеше шартпен ресімделетін мәмілелер;
Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
69-бап. Мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің құны
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Нәтижесінде қоғам активтері мөлшерінің он және одан да көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәмілені жасасу туралы шешім Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес бағалаушы айқындаған осы мүліктің нарықтық құны ескеріле отырып қабылдануға тиіс.
3. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
70-бап. Қоғамның ірі мәміле жасасуы
1. Жасасу туралы шешім осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына және 73-бабының 3-1-тармағына сәйкес қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданатын мәмілелерді қоспағанда, қоғамның iрi мәмiлелер жасасуы туралы шешiмдi директорлар кеңесi қабылдайды.
Кредиторларға, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешім қабылданған күннен кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялауға мiндеттi.
Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
71-бап. Қоғамның мәміле жасасуға мүдделілігі
1. Қоғамның үлестес тұлғалары, егер олар:
1) мәміле жасаушы тарап болса немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысса;
3) қоғамды осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру;
Ескерту. 71-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
72-бап. Қоғамның мәміле жасасуына мүдделілік туралы ақпарат
Осы Заңның 71-бабының 1-тармағында аталған тұлғалар:
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
73-бап. Мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілені жасасу тәртібіне қойылатын талаптар
1. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәмiленi жасасуы туралы шешiм, осындай мәміленің үлгілік шарттарын қоғамның директорлар кеңесі бекіткен жағдайларды қоспағанда, оның жасалуына мүдделi емес директорлар кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
2. Мүдделiлiк болуына орай қоғамның мәміленi жасасуы туралы шешiмдi акционерлердiң жалпы жиналысы:
1) қоғамның директорлар кеңесiнiң барлық мүшелерi мүдделi тұлғалар болып табылған;
4. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 73-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
74-бап. Қоғамның жасалуына қатысты ерекше талаптар белгіленген мәмілелер жасасуының салдары
1. Ірі мәмілені және жасалуына мүдделілік болған мәмілені жасасу кезінде осы Заңда көзделген талаптарды сақтамау, сондай-ақ өзге де мәмілелерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жасасу осы мәмілелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп тануға алып келуі мүмкін.
Егер мәміле жасасу туралы шешім қабылдау кезінде сатып алынған немесе иеліктен шығарылған мүліктің құны оның "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған нарықтық құнына анық мөлшерлес емес екені дәлелденетін болса, жасалуына мүдделілік болған, нәтижесінде қоғам құны өзінің активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алған немесе иеліктен шығарған, лауазымды адамның және (немесе) оның үлестес тұлғаларының пайда (кіріс) алуына алып келген және жасалуы нәтижесінде қоғамға зиян келтірілген мәміле қоғамның дауыс беретін акцияларының бес немесе одан көп пайызын иеленетін (жиынтығында иеленетін) акционердің (акционерлердің) талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
3-1. Ірі мәмілені және (немесе) жасалуында мүдделілік болған мәмілені жасау кезінде осы Заңда белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.13 № 135-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-тарау. Қоғамның қаржылық есептілігі мен аудиті
75-бап. Қоғамның қаржылық есептілігі
1. алып тасталды.
Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 235(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
76-бап. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігі
1. Атқарушы орган жыл сайын акционерлердiң жалпы жиналысына талқылау және бекiту үшiн аудитi Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет жөнiндегi заңдарына сәйкес жасалған өткен жылғы жылдық қаржылық есептiлiктi табыс етедi. Атқарушы орган қаржылық есептiлiктен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есептi табыс етедi.
2. алып тасталды.
Ескерту. 76-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.28 № 235(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
77-бап.
Ескерту. 77-бап алып тасталды – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
78-бап. Қоғамның аудиті
1. Сот банкрот деп таныған қоғамды, сондай-ақ уәкілетті орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесіндегі банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда, қоғам жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-тарау. Қоғамның ақпаратты жария етуі. Қоғамның құжаттары
79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуі
Қоғам "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органың нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында жария етуге міндетті.
Ескерту. 79-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
80-бап. Қоғамның құжаттары
1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналысының хаттамалары;
5) алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен;
7) қоғамның өз балансында тұратын (тұрған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
8) қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері;
10) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
12) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін табыс етілген акционерлер тізімі;
14) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары;
15) бар болған жағдайда, корпоративтік басқару кодексі сақталуға тиіс.
4. Қоғам мынадай жағдайлардың кемінде біреуі болған:
1) акционер талап қойған күнге сұратылған құжаттың электрондық нұсқасы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған;
2) акционердің құжат беру туралы бірінші талабын қоғам толық көлемде орындаған жағдайда, ол соңғы үш жыл ішінде қайта сұратылған;
3) орындалуы акционердің талаппен жүгінген күні жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (талаппен жүгінген күнге дейін үш жылдан астам) өткен кезеңдеріне жататын;
4) орындалуы тұлғаның қоғам акцияларын иелену кезеңінде жүзеге асырылатын мәмілелер жөніндегі құжаттарды қоспағанда, құжат қоғам қызметінің (тұлға қоғам акцияларына ие болған күнге дейін он екі айдан астам) өткен кезеңдеріне (бұл норма қоғамға жүгінген күнге дейінгі он екі айдан кейін қоғам акционерлері болған тұлғаларға қолданылады) жататын кезде, осы баптың 3-тармағында аталған акционердің талабы қоғамға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей құжаттардың көшірмесін беруден бас тартуға құқылы.
Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19 № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
10-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және тарату
81-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру
1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, біріктіру, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2005.07.08. № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
82-бап. Қоғамдардың бірігуі
1. Екi немесе бiрнеше қоғамның өз қызметiн тоқтатып, бiрiгу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiлерiне сәйкес өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтарын және мiндеттерiн беру арқылы жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бiрiгуi деп танылады.
6. Бiрiгу туралы шартқа қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың барлық акционерлерi қол қоюға тиiс.
Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
83-бап. Қоғамның біріктірілуі
Қосылу жүзеге асырылатын қоғам өз акцияларын қосылатын қоғамның акционерлеріне осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасының қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасына арақатынасына пропорционалды түрде орналастыру (өткізу) арқылы қосылатын қоғамның акцияларын сатып алады.
Қосылатын қоғамның барлық акциялары сатып алынғаннан кейiн көрсетілген акциялар жойылады.
Еншілес ұйымының орналастырылған акцияларының жүз пайызы тиесілі негізгі ұйым акционерлерінің (жалғыз акционері) жалпы жиналысы жарғылық капиталын ұлғайтпай өзіне еншілес ұйымды біріктіру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің бірлескен жалпы жиналысының қосылу туралы шешімінде қосылуға қатысатын қоғамдардың әрқайсысының атауы, орналасқан жері, қосылатын қоғам акцияларының сатылу бағасы, қосылу жүзеге асырылатын қоғамның акцияларын орналастыру (өткізу) бағасы туралы мәліметтер, қосылудың өзге де шарттары мен тәртібі қамтылуға тиіс.
Кредиторларға жазбаша хабарламалар жіберу туралы талап банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларына қолданылмайды. Өздерінің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктерді қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы ақпарат кредиторларды өткізу актісімен таныстыру уақыты, орны және тәртібі көрсетіле отырып, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
7. Біріктірілетін қоғам акцияларын сату бағасына және біріктірілу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (сату) бағасына қатысты осы баптың ережелері (оның ішінде біріктірілетін қоғамның акцияларын сатып алу жөніндегі ережелер) еншілес ұйымның орналастырылған акцияларының жүз пайызын иеленетін негізгі ұйымға еншілес ұйымды біріктіру кезінде қолданылмайды.
Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
84-бап. Қоғамның бөлінуі
1. Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады.
Ескерту. 84-бап жаңа редакцияда – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
85-бап. Қоғамның бөлініп шығуы
1. Қайта ұйымдастырылатын қоғам қызметiн тоқтатпай, оның мүлкiнiң, құқықтары мен мiндеттерiнiң бiр бөлiгiн бөлiну балансына сәйкес бере отырып, қоғамның бiр немесе бiрнеше қоғам құруы қоғамның бөлiнiп шығуы деп танылады.
Бөлiнiп шығу кезiнде қайта ұйымдастырылатын қоғамның жарғылық капиталы кемiтілуге жатпайды.
Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамдарды әділет органдарында немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тiркеу жөнiндегі iс-шараларды жүзеге асырады.
2. Қайта ұйымдастырылатын қоғам бөлiнiп шыққан қоғамның жалғыз құрылтайшысы болып табылады.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Ескерту. 85-бап жаңа редакцияда – ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
86-бап. Қоғамды қайта құру
1. Қоғам (акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымды қоспағанда) шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы, қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен мiндеттерi өткiзу актiсiне сәйкес оған ауысады.
Ескерту. 86-бапқа өзгертулер енгізілді - ҚР 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 № 230(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 № 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.06.2014 № 208-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 104-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
87-бап. Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы сот шешімін орындамаудың салдары
1. Егер қоғамның сот шешімі бойынша бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілетті органдары қайта ұйымдастыруды осындай шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот біліктілік талаптарына сай келетін сенімгер басқарушы тағайындайды және оған бөліну немесе бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.
88-бап. Қоғамды тарату
1. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кредиторлармен келісімдер бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады.
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.
3. Соттың немесе жалпы жиналыстың қоғамды тарату туралы шешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.
Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
89-бап. Таратылатын қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу
1) бірінші кезекте - осы Заңға сәйкес сатып алынуға тиіс болатын акциялар бойынша төлемдер;
2) екінші кезекте - артықшылықты акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу;
3) үшінші кезекте - жай акциялар бойынша есептелген және төленбеген дивидендтерді төлеу.
4) алып тасталды - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
5) алып тасталды - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қалған мүлік ақшалай нысанда және (немесе) мүлікті заттай беру арқылы, осы Заңның 13-бабы 2-тармағының талаптары ескерiле отырып, барлық акция иелерінің арасында оларға тиесілі акциялардың санына қарай бөлінеді.
Таратылатын қоғамда және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, осы акционерге төленуге жататын ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.
Ескерту. 89-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
90-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған қоғамдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш жыл iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзуге және қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн осы Заң қолданысқа енгiзiлген күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып, осы Заңның 10-бабына сәйкес келтiруге не қоғамды қайта ұйымдастыруға немесе оны таратуға мiндеттi.
Ескерту. 90-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. № 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
91-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Президенті |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК