Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына арналған жүгіру

17 қазанда  Шоқан Уәлихановтың 180-жылдығына арналған марафонға қатысушылар жүгірдi. Шоқан Уәлиханов – Абылай ханның тікелей мұрагері, Қазақстан тарихында талантты тұлғалардың ішіндегі ерекшесі. Арғы аталарының бекзаттың рухы мен отаншылдығы, зерттеушіге беріліп оған кемеңгер ойшылдығы қосылды...

Ол туған елінің мүддесін қолдайтын өз заманының адамы еді.Табиғат оған ерекше қабілет берді. Білікті ғалым, зерттеуші елін қатты сүйді және сол елінің гүлденуі мен дамуын шынайы тілеп, өзінің асыл өмірін қазақ халқына арнады. Оның аты ұлт мақтанышына айналды, ал  шығармашылық мұраларының ұлттық тұрғыда өз маңыздылығы бар. Оның мұқалмас мұраты мен азаматтық ерлігі сана-сезіміндегі ұлы абыройды туғызды, ол соған масаттанды және мақтанды.

География институты Қазақстанның Ұлттық География Қоғамымен  және алматылық жүгірушілер клубымен бірлесіп Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінен бастап,  Алтынемел жотасы етегіндегі ғалым жерленген Көшен-Тоған қонысы Тезек ауылына дейін  жүгіру ұйымдастырылды. Мұнда Қазақстанның біртуар ұлының қабіріне 1958 жылы ескерткіш қойылды,  ескерткіштің жоғары жағында Шоқан Уәлихановты зерттеуші, жиһангез, білікті ғалым ретінде айқындайтын шар-глобус бар.

Жүйріктерді салттанатты жағдайда География институтының  өкілдері, сонымен қатар жақын маңдағы үйлердің көптеген тұрғындары  да қошеметпен қол соғып қарсы алды. Жас шамасы 21-ден 73 жас аралығындағы спортшылар ескерткіш маңында ғалымға құрмет көрсетті. Ұйымдастырушылар атынан тілек сөзді География институтының гляциология зертханасы меңгерушісі география ғылымдарының кандидаты Төребек Ғанибекұлы Тоқмағамбетов сөйледі.

image002

 

Алматы қ. Ш.Уәлиханов ескерткішінің жанында

Алматылық жүйріктер клубын  18 жыл басқарған бас директор – Әлім Шәріпов өз сөзінде жүгіруді ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, отандық марафоншылардың жеңісі жөнінде айтты және клубтың болашақ жоспарларымен бөлісті.

image004

 

image006

 

Трассамен жүгіру

image008

«Алтынемел» мемлекеттік мемориалдық мұражайы

image010 image012

Алтынемел жотасының етегінде Көшен-тоған шатқалындағы Ш.Уалиханов жерленген орындағы стелла