«Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

БҰҰ жариялаған «Су – өмір  үшін»  онжылдығының нәтижесін   қорытындылауға арналған

«Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

22-24 қыркүйек 2016 ж.

 

  1. Ұйымдастырушылар

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Швейцария Федерациясының Сыртқы істер федералдық департаментінің өкілдігі.

 

 

  1. Ортақ Ұйымдастырушылар

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті » ҰАҚ, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, ЮНЕСКО МҚБ, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросы.

 

3.Серіктестер

Дүниежүзілік банк, ЕҚЫҰ, Аралды Халықаралық (ХАҚҚ) құтқару қорының атқарушы дирекциясы БҰҰ ЕЭК, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ су шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты «Жәңгір хан атындағы  Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»ҰАҚ, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, Халықаралық гляциология қауымдастығы (ХГҚ), Caspian Services Inc.

 

 

 

  1. Орындаушылар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті » ҰАҚ География институты.

 

 

  1. Өкілдік

Орталық Азия Республикаларының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.

 

 

  1. Қатысушылар

Су ресурстары және оларды пайдалану саласының халықаралық, шетелдік және ұлттық сарапшылары.

 

7.Ұйымдастыру  комитеті

  1. Өткізу орны

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Құрманғазы көш, 40, Достық үйі, этносаралық қатынастар орталығы.

  1. Өткізу уақыты

22-24 қыркүйек 2016 ж.

 

 

  1. Конференция тұжырымдамасы

 

«Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

Орталық Азия мемлекеттерін тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері соңғы онжылдықта өткір әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және саяси сипатқа ие болып отыр, ол біріншіден ауыл шаруашылығына, өндіріске және халық қажеттілігіне су пайдаланумен байланысты антропогендік факторлардың өсуімен, екіншіден – климаттың өзгеруінен туындайтын табиғи факторлармен түсіндіріледі.

Орталық Азия елдерін сумен қамтамасыз ету саласының негізгі қауіп-қатері климаттың ғаламдық және аймақтық өзгеруі, мемлекетаралық су қатынастарындағы келіспеушіліктер, су шығындайтын технологияларды пайдалану және су үлестіру мен су реттеу техникалық құралдарының жетілмегендігі болып табылады.

Су қатерінің орын алуы салдарынан мемлекет аралық келіспеушіліктер, экологиялық тұрақсыздықтың жаңа ошақтарының дамуы, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалмауы пайда болуы мүмкін.

Ұлттық және аймақтық деңгейдегі өзекті су мәселелерін шешу мақсатында БҰҰ-ның «Су-өмір үшін»  онжылдығының нәтижесіне арналған қорытынды хабарламасына байланысты, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық университеті, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің География институтымен, сонымен қатар, Швейцаридағы серіктестермен бірлесе отырып  2016 жылдың 24-26 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізуді жоспарлауда және ол конференцияда аймақтар үшін аса маңызды тақырыптар бойынша төмендегі бағыттар талқыланады:

– Климаттың өзгеру жағдайына байланысты Орталық Азияның су ресурстары;

– Су ресурстарын басқару: қағидалары, әдістері, нәтижелері;

– Геоақпараттық жүйелер және математикалық модельдеу;

– трансшекаралық алаптардағы жер асты және жер үсті суларының су ынтымақтастығы: гидродипломатиясы, геосаясаты, су құқығы;

– Экстремалды гидрологиялық құбылыстар.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты ұлттық және аймақтық деңгейде су ресурстарын басқарудағы қазіргі тәжірибелерді тұрақты дамудың негізі ретінде көрсету және талқылау.

Конференцияға алыс шетелдерден және ТМД елдерінен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қытай, Ауғанстан және т.б.) су саласының мамандарының қатысуы күтілуде.

Конференция материалдарын үш тілде шығару (қазақша, ағылшынша, орысша) жоспарлануда.

 

  1. БҰҰ жариялаған «Су – өмір үшін»  онжылдығының                                                   нәтижесін қорытындылауға арналған   «Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу бағдарламасы

22-24 қыркүйек 2016 ж.

21 қыркүйек

«Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушыларының келуі

Қатысушыларды қарсы алу және қонақ үйлерге орналастыру

22 қыркүйек

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Құрманғазы көш, 40, Достық үйі, этносаралық қатынастар орталығы.

08.00 – 08.30 Конференция қатысушыларын тіркеу

 

08.30 - 08.50

08.50 – 09.30

Конференцияға қатысушылардың фототүсірілімі

Конференцияның салтанатты ашылуы

09.30 – 11.00 Жалпы отырыс
11.00 – 11.30 Кофе-брейк

 

11.30 – 12.30 Жалпы отырыстың жалғасы
12.30 – 13.00 БАҚ өкілдерімен сұхбат
13.00 – 14.30 Түскі ас
14.30 – 16.00 Секциялық отырыстарға, сол уақытта

Дөңгелек үстелге жоғары дәрежеде қатысу (Достық Үйі) Дөңгелек залы

1-Сессия. Геоақпараттық жүйелер мен математикалық үлгілеу (Достық Үйі, Пресс-залы)

2-Сессия. Климаттың өзгеру жағдайына байланысты Орталық Азия су ресурстары (Алматы қ., Құрманғазы к-сі,44, Қабылдау Үйі, Жасыл залы

16.00 – 16.30 Кофе-брейк
16.30 – 18.00 Секциялық отырыстарға, сол уақытта

Дөңгелек үстелге жоғары дәрежеде қатысу "Орталық Азиясу ресурстарының болашағы "Көрмесіне шығу Rixos Almaty Қонақ Үйі

1-Сессия. Геоақпараттық жүйелер мен математикалық үлгілеу (Достық Үйі, Пресс-залы)

2. Сессия. Су ресурстарын басқару: қағидалары, әдістері, нәтижелері (Алматы қ., Құрманғазы к-сі,44, Қабылдау Үйі, Жасыл залы

 

18.30 Достық кешкі ас

 

23 қыркүйек

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Құрманғазы көш, 40, Достық үйі, этносаралық қатынастар орталығы.

«Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

09.00 – 11.00 Секциялық отырыстарға, сол уақытта 3.Сессияның жалғасы Су ресурстарын басқару: қағидалары, әдістері, нәтижелері  (Достық Үйі, Дөңгелек-залы)  5.Сессия Экстремалды гидрологиялық құбылыстар (Достық Үйі, Пресс-залы)

 

11.00 – 11.30 Кофе-брейк

 

11.30 – 13.30 Секциялық отырыстарға, сол уақытта 4.Сессия. Трансшекаралық алаптардағы жерасты және жер беті суларының су ынтымақтастығы: гидродипломатиясы, геосаясаты, су құқығы (Достың үйі Дөңгелек залы)
  5. Сессияның жалғасы. Экстремалды гидрологиялық құбылыстар (Достық Үйі, Пресс-залы)

 

13.30 – 14.30 Түскі ас

 

14.30 – 16.00 4.Сессияның жалғасы. Трансшекаралық алаптардағы жерасты және жер беті суларының су ынтымақтастығы: гидродипломатиясы, геосаясаты, су құқығы (Достың үйі Дөңгелек залы)
   
16.00 – 16.30 Кофе-брейк

 

16.30 – 18.00 Жалпы отырыс

Конференция қорытындысын талқылау

Шешім қабылдау

 

 

24 қыркүйек

Келу-кету кестелеріне сәйкес қатысушылардың кетуі

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 12Конференцияға қатысу шарттары

 

 «Орталық Азия су ресурстары және оларды пайдалану»

________________________________________________________________

 

Қазақстан Респуликасының Ауыл шаруашылық Министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық университеті  БҰҰ-ның «Су – өмір  үшін»  онжылдығының нәтижесін қорытындылауға арналған   «Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Конференция 2016 жылдың 22-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында жоғарғы билік өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Конференция сессиялары:

– Климаттың өзгеру жағдайына байланысты Орталық Азияның су ресурстары;

– Су ресурстарын басқару: қағидалары, әдістері, нәтижелері;

– Геоақпараттық жүйелер және математикалық модельдеу;

– Трансшекаралық алаптардағы жер асты және жер беті суларының су ынтымақтастығы: гидродипломатиясы, гидросаясаты,су құқығы;

– Экстремалды гидрологиялық құбылыстар.

Сізді ғылыми-тәжірибелік конференцияға өз Еліңізден 5 адам құрайтын делегациямен қатысуыңызды сұраймыз. Жол ақысын, қонақ үйде тұру және тамақтану шығындарын қабылдайтын жақ қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушылар қосымша шығындарды, яғни фильм көру шығындарын, қонақ үйдегі тамақ пен сусындарды, телефон қоңырауларын, сонымен қатар қаладағы өзіндік жол жүру шығындарын қарастырмайды. Қатысушылар өздерінің Алматы қаласына (Қазақстан Республикасы) келулерін 2016 жылдың 22-24 қыркүйек аралығына жоспарлауы қажет.

Сіздің ұйымыңыз конференцияға қатысушылар тізімін және де қатысушының жалпы баяндасын  2016 жылдың «01» тамызына дейін ұсынуын сұраймыз. Сапарды растау үшін әр қатысушының толық атын төлқұжат мәліметтері бойынша жіберуіңізді аса құрметпен өтінеміз. Сонымен қатар олардың мекемесінің/министрліктің атауын, қызметін, негізгі міндеттерін, телефон номерін, электрондық поштасын және пошта мекен-жайын көрсетуіңізді сұраймыз. Ұйымдастырушылар ұсынылған қатысушылар тізімін 2016 жылдың «15» тамызына дейін қарастырып, олардың қатысу жайлы өз растауларын электрондық пошта бойынша жібереді.

 

Конференцияны сәтті өткізуге тілектеспіз.

Біздің зор құрметімізді қабыл алыңыздар.

Ұйымдастыру комитеті

 

  1. Қатысушыларға арналған шақыру

 

 

«Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

ШАҚЫРУ

 

 

Өткізілу орны мен уақыты: Алматы қ., 22-24 қыркүйек 2016 ж.

 

 

Құрметті _______________________________________!

 

Сізді БҰҰ жариялаған «Су – өмір  үшін»  онжылдығының нәтижесін   қорытындылауға арналған   «Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) 2016 жылдың 22-24 қыркүйек аралығында өтеді.

Конференция сессиялары:

– Климаттың өзгеру жағдайына байланысты Орталық Азияның су ресурстары;

– Су ресурстарын басқару: қағидалары, әдістері, нәтижелері;

– Геоақпараттық жүйелер және математикалық модельдеу;

– Трансшекаралық алаптардағы жер асты және жер беті суларының су ынтымақтастығы: гидродипломатиясы, гидросаясаты,су құқығы;

– Экстремалды гидрологиялық құбылыстар.

 

 

Құрметпен,

 

Ұйымдастырушы Комитет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ақпараттық хат

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

БҰҰ жариялаған «Су – өмір  үшін»  онжылдығының нәтижесін   қорытындылауға арналған «Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

22-24 қыркүйек, 2016 ж., Алматы қ., Қазақстан Республикасы

 

 

 

Құрметті әріптестер!

Сізді БҰҰ жариялаған «Су – өмір  үшін»  онжылдығының нәтижесін   қорытындылауға арналған «Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға жұмыстарына қатысуыңызды сұраймыз.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты ұлттық және аймақтық деңгейде су ресурстарын басқарудағы қазіргі тәжірибелерді тұрақты дамудың негізі ретінде көрсету және талқылау.

Конференция сессиялары:

– Климаттың өзгеру жағдайына байланысты Орталық Азияның су ресурстары;

– Су ресурстарын басқару: қағидалары, әдістері, нәтижелері;

– Геоақпараттық жүйелер және математикалық модельдеу;

– Трансшекаралық алаптардағы су ынтымақтастығы;

– Экстремалды гидрологиялық құбылыстар.

Конференция материалдарын үш тілде шығару (қазақша, ағылшынша, орысша) жоспарлануда.

 

Тезистерді дайындауға қойылатын талаптар

 

Жариялауға берілген барлық материалдар теориялық және тәжірибелік құндылыққа ие болу керек, сонымен қатар таңдалған сессия тақырыбына сәйкес болуы қажет.

Келесі талаптарды ескерген материалдар жариялауға қабылданады:

Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген бірдей қағаз нұсқасымен бірге электрондық түрдегі материалдар. Жоғарғы және төменгі жолақтар  – 2,4 см, оң және сол жақ – 2,2 см. Негізгі мәтін бір бағанға орналасады, оның шрифті «Times New Roman», мөшері 12 pt, аралығы 1.0, азат жолдағы бос жер 0,6.

Басылым мынадай мәліметтерге ие болуы тиіс.

Атауы. «Times New Roman» шрифтімен, мөлшері 12 pt, аралығы 1.0 бас әріппен.

Автор (лар) туралы мәлімет. ТАӘ (толық), ғылыми дәрежесі мен атағы, ұйымның толық атауымен жұмыс орны мен қызметін көрсету, байланыс E-mail, телефон, факс, сурет.

Негізгі мәтін. Басылым көлемі бос орын аралығымен 50 000 белгіден (12 парақ) аспауы және бос орын аралығымен 20 000 (4 парақ) белгіден кем болмауы тиіс.

Тегістеу. Барлық мәтін сол жақ жиек бойынша (мақала атауы мен мақаланың басы) тасылмалсыз болуы тиіс.

 

 

 

Өтініш формасы

География институтының www.ingeo.kz сайтында рәсімделу жүргізіледі.

 

Тіркеу формасы

 

Тегі, аты және әкесінің аты (толық)  
Ғылыми дәрежесі, атағы  
Қызметі  
Мекеменің толық атауы  
Ел, аймақ, қала  
Мекеме мекен-жайы (индекспен)  
Телефон/факс (қала кодымен)  
E-mail  
Мақала атауы (баяндама)  
Бірлескен авторлар  
Қатысудың жоспарланған түрі  
Болжанған сессия  
Қонақ үйді брондап қою қажеттілігі (ия/жоқ)  
Сурет