Жоба жайында

111111

Жоба жайында

IMG_20170622_162209

 «Климат өзгерістері,су ресурстары мен азық-түлік қауіпсіздігі» жобасы  (CCKAZ) 2015 жылдың сәуірінде жұмысын бастап 2017 жылдың қыркүйегінде аяқталмалмақшы . Ұлыбритания – Қазақстан бұл екі жақты жобасына  төрт бірдей қатысушы ұйымдарын Ньютон – Әл-Фараби  Қоры қаржыландырған: Рединг  университеті (Рединг, Ұлыбритания), География институты (Алматы, Қазақстан), Назарбаев университеті (Астана, Қазақстан) мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан). Жоба координаторлары – доктор Мария Шахгеданова (Рединг университеті)  және профессор Игорь Северский (География институты).

Жоба мультидисциплинарлық тәсілдер мен әдістер спектрін  қолданады (оның ішінде далалық зерттеу замананүй техникалық деңгейде қашықтан зондылау және үлгілеу) келесі ғылыми мәселелерді шешу үшін:

  • Соңғы уақыттағы ауылшаруашылығының өнімділігі мен судың жеткіліктігіне гидрометеорологиялық ауытқудың әсері қандай?
  • Оңтүстік Қазақстандағы судың басты көзі мұздықтардың таралуы 20-21 ғасырда қалай өзгерді?
  • Дәнді дақылдар өнімділігі мен су балансына жер бедері өзгерісінің әсері қандай?
  • Қазақстан климаты болашақта қалай өзгеретін болады?
  • Ауылшаруашылық өндірісі мен сумен қамтамасыз етуге климат өзгерісі әлеуетті тұрғыдан қалай әсер етеді?
  • Егін шаруашылығына климат өзгерісін әлеуетті әсерін қалай жұмсартуға болады және кандай бейімдеу стратегиялары бар болуы және жасалуы мүмкін?

Жоба Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдары арасындағы тығыз ғылыми байланыс орнату мен Қазақстанда бірлескен халықаралық зерттеулер үшін орталық құруға және Қазақстанның экономикалық даму және әл-ауқаты үшін жаңа біліктілікті қалыптастыруға бағытталған.

Осы жиналыста қазақстандық қоғамдастықтардың пайдасы үшін осы біліктілікті  кім қабылдай алады және  жоба аясында қолданылған біліктіліктен кімнің кәсіби қызметіндегі артықтылықтар алуға  болатынын ғалымдар мен іс жүзіндегі мамандар біздің нәтижелерді ұсынатын болады

Жобаға 20-дан астам ғалым қатысты және Ұлыбритания-Қазақстан зерттеулеріне арналған жаңа орталық География институтында құрылған. Біз жоба кезінде көмектескендердің барлығына алғыс айтамыз, әсіресе  «Казгидромет» (РМК) – Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнына, «Казселденқорғау» ММ, " Қазақстан Фермері " ФҚ, " Қазақстанның су серіктестігі" ФҚ мен фермерлерге. Біз сіздердің пікірлеріңізге алғыс білдіретін боламыз сіздер өз пікірлеріңізді География институтына (ingeo_2009@mail.ru) жібере аласыз және біздің нәтижелеріміз сізге және сіздердің жұмыстарыңызға  көмектеседі деген үміттеміз .

Біз ынтымақтастығымыздың ары қарай жалғасуын қолдаймыз.

CCKAZ Team

Жоба сайты:

http://www.reading.ac.uk/geographyandenvironmentalscience/research/ges-MS-Kazakhstan.aspx