ЮНЕСКО-ның гидрология бойынша ұлттық комитетінің төрағасы, «География институты» ЖШС директоры, ҚР ҰҒА академигі А.Р.Медеу мен ЮНЕСКО-ның гидрология бойынша ұлттық комитетінің құрметті төрағасы ҚР ҰҒА академигі И.В. Северскийдің Париж (Франция) қаласындағы қызметтік іссапар туралы
Іссапар мақсаты: о.ж. маусымының 20-нан 22-сі аралығында гидрологиялық бағдарламалар бойынша ЮНЕСКО -ның ХГБ Бюросы 55 сессия жұмысына қатысу, сондай-ақ мәселелерді шешу:
1) Орталық-Азиаттық аймақтардағы су мәселелеріне байланысты ұсынылған жоба бойынша ЮНЕСКО-ның қолдау мүмкіндігін анықтау;
2) Сол қар-мұз ресурстары бойынша;
3) ЮНЕСКО қамқорлығымен монографияды басып шығару жөнінде келіссөздер барысы;
4) Сел мәселелеріне арналған конференциялар жөнінде сөйлесу.
A.Р. Медеу сөйлегенен кейін көптеген сұрақтар қойылды. Содан соң ЮНЕСКО-ның бөлімінің бастығы Алиса Аурелимен егжей-тегжейлі талқылау жасалып, біздің ұсынысымыз үлкен қызығушылықпен қабылданады. А.Aурели өз сөзінде жобаны дайындау негізінде ОАР сарапшыларын іріктеумен әлеуетті донорлар туралы рәсім жөнінде келісті, өз тарапынан бастапқы қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі кеңесте халықаралық сарапшыларға төлем жасауды ЮНЕСКО өз міндетіне алатынын айтты.