2018 Ж. ҚАРАШАНЫҢ 5-І МЕН 9-Ы АРАЛЫҒЫНДА ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫНДА RIEGL VZ-4000 ЖЕР ҮСТІ ЛАЗЕРЛІК СКАНЕРІН ПАЙДАЛАНУ МЕН RIEGL 3D СКАНЕРІНІҢ ӨЛШЕУ МӘЛІМЕТТЕРІН КАМЕРАЛДЫҚ ӨҢДЕУ ҮШІН RISCAN PRO БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛУЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ БОЙЫНША ОҚЫТУ КУРСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

2018 ж. қарашаның 5-і мен 9-ы аралығында География институтында RIEGL VZ-4000 жер үсті лазерлік сканерін пайдалану мен RIEGL 3D сканерінің өлшеу мәліметтерін камералдық өңдеу үшін RiSCAN PRO бағдарламалық жабдықталуында жұмыс істеу бойынша оқыту курсы жүргізілді. Курсты «АртГео» компаниясының (Ресей мен ТМД елдеріндегі RIEGL компаниясының ресми эксклюзивті дистрибуторы) жер үсті лазерлік сканерлеу бойынша жетекші инженері Алексей Лебедев жүргізді. Курсты География институтының келесі ғылыми қызметкерлері өтті: Халықов Е.Е., Касаткин Н.Е., Капица В.П., Смағұлов Ж.Ж., Тоғыс М.М., Бектұрсынова А.А. Курста үш өлшемді RIEGL VZ-4000 жер үсті лазерлік сканерін пайдалану бойынша теориялық сабақтар, далалық жағдайда Қаскелең шатқалындағы (Қаскелең өзенінің сол жағалауы) жылжымада үш өлшемді RIEGL VZ-4000 жер үсті лазерлік сканері арқылы практикалық сабақ өткізілді және алынған мәліметтермен RiSCAN PRO бағдарламалық жабдықталуында камералдық өңдеу жасалды. Курстың аяқталуы бойынша барлық қатысушыларға «АртГео» компаниясының сертификаттары табысталды.

1 каз

2 каз

сертификат каз

Слайд2