УДК 91:81'373.21(574)
ББК 26.2+81.2-3
Қ 18
Баспадан шығаруды ұсынған «Парасат» ҰҒТХ» АҚ
География институтының Ғылыми Кеңесі
Қ 18 Қазақстанның тарихи географиялық атауларының каталогы/ С. Ә. Әбдірахманов, С.Б. Қуанышбаев, Ж.М. Шарапханова
– Алматы, 2016. - 552 б.
ISBN 978-601-06-2906-6
Қазақстанның тарихи географиялық атауларының каталогын құрастыру үшін ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресейдің егін шаруашылығы мен жерді пайдалану бас басқармасына қарайтын Қоныс аудару басқармасының Қазақстанды зерттеген көптеген статистикалық экспедицияларының материалдары пайдаланылды. Уездер бойынша қазақ халқының жер пайдалануын зерттеудің негізгі мақсаты артық жерлері болса оны отарлау және Ресейдің түпкі губернияларынан жері жоқ шаруаларды бос жатқан жерлерге көшіру еді. Зерттеу нәтижесінде әр уезд бойынша қазақтың жерді пайдалануы туралы бір-екі том шығарып, онда табиғи жағдайлары, қоныстану тарихы, халқының саны, жерді пайдалануы, жалпы шаруашылығы, мал мен егін шаруашылығы, су көздері, жер суару, кәсібі және тағы басқа мәселелер баяндалады.
Топонимика үшін ең маңызды дерегі жеке ауылдардың статистикалық ақпарат кестесі. Онда әрбір болыс пен әкімшілік ауыл бойынша шаруашылық ауылдың (қыстаудың) ақсақалдарының аты мен тегі, қыстау орналасқан қоныстың географиялық атауы және тағы басқа көптеген деректер келтірілген. Каталог жасау үшін тек қоныстың атауы ғана таңдап алынды. Олар географиялық объектілердің эндонимі және өте құнды топонимикалық дереккөз болып саналады.
Каталогта облыстар, уездер, болыстар, қыстаулар атаулары пайдалануды жеңілдету үшін өте мұқиятты түрде алфавит бойынша орналастырылды. Қазақ атауларының қазақ тілінде дұрыс жазылуымен қатар орыс тіліндегі формасының дұрыс транслитерациясы берілді. Каталог топонимика және онымен байланысты география, картография, геодезия, тіл білімі, тарих және басқа ғылым мамандарына, сонымен қатар тарихи атауларды қалпына келтірумен шұғылданатын ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық орындаушы және өкілетті органдар қызметкерлері мен ономастикалық комиссиялар мүшелеріне және топонимика ғылымына қызығатын әрі оған қатысы бар оқушыларға арналған.
ББК 26.2+81.2-3 © Абдрахманов С. А.,2014