Кіші бағдарлама бойынша далалық зерттеу жұмыстары: «Ертіс және Іле өзендері трансшекаралық бассейндерінде халық пен экономика үшін тұрақты су ресурстарымен қамтамасыздандыру» геопарталын құру

Экспедициялық зерттеу қыркүйектің 21-і мен қазанның 9-ы аралығында «Трансграничные бассейны рек Республики Казахстан и Китайской Народной Республики: научно-прикладные основы устойчивого водообеспечения населения и экономики в условиях климатических изменений и хозяйственной деятельности на период до 2050 г.» жобасының «Создание геопортала «Устойчивое водно-ресурсное обеспечение населения и экономики в трансграничных бассейнах рек Иле и Ертис» ішкі бағдарламасы бойынша жүргізілді.

Далалық зерттеуге қатысушылардың құрамы. Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасы: ҒҚ Халыков Е.Е., ҒҚ Калита Р.Ш., КҒҚ Тоғыс М.М., КҒҚ Шарапханова Ж.М. Географиялық ақпараттық жүйелер зертханасы: Нұрқиса А.С.

Мақсаты: Іле өзені жайылмасының шекарасын және оның су басу жағдайларын нақтылау.

Далалық зерттеулер Іле өзені жайылмасының шекарасын нақтылауға және таңдамалы телімдерде өзен жайылмасының су басу аумақтарының көпжылдық динамикасы нәтижелерін нақтылауға мүмкіндік берді. Бедердің сандық үлгісін өңдеу мәліметтері (ажыратымдығы 30 м) бойынша алынған морфометриялық көрсеткіштерді анықтау, сонымен қатар жергілікті жердегі жоғарғы және төменгі жайылманың көрсеткіштерін анықтау үшін тура және жанама дешифрлеу өлшемдерін салыстыру жүргізілді.

Келесі міндеттер атқарылды: Іле өзені жайылмасына далалық зерттеу жүргізілді және ЖҚЗ мәліметтерін өңдеуден алынған Іле өзені жайылмасының су басу аумақтарының динамикасын зерттеудің нәтижелері, өзеннің таңдамалы телімдерінде БСҮ деректері бойынша тұрғызылған өзен жайылмасының көлденең қимасы нақтыланды.

Жүргізілген жұмыс түрлерінің мазмұны: таңдамалы телімдерде индикаторлар (өсімдік жамылғысы, шөгінді қабат және т.б.) бойынша төменгі және жоғарғы жайылманың шекараларын анықтау; маршруттық далалық зерттеулер жүргізілді; мониторингтік үлескілер таңдалды және сипатталды; таңдамалы телімдер шегінде қималар тұрғызылды; арақашықтықтық мониторинг үшін жайылманың шекаралары нақтыланды;  Іле өзені экожүйесіне ылғалдылықтың ықпалы және  таңдамалы телімдерде натуралық зерттеулер барысында экожүйелердің өзгеруі қарастырылды; фотофиксация жасалды.

Далалық зерттеулер нәтижесінде алынған материалдар: таңдамалы телімдерде өзеннің жайылмасының морфометриясы бойынша мәліметтер; аспаптық өлшеулер мәліметтері (координаталар, сандық көрсеткіштер және т.б.); физикалық қасиетінің нәтижелерімен грунт сынамалары; мониторингтік үлескілердің сипаттамасы; таңдамалы телімдерде Іле өзені жайылмасының фотоматериалдары; жер үсті 3D лазерлік сканерімен өзен жайылмасын түсіру нәтижесінде нүктелер бұлты түріндегі мәліметтер; әрі қарай қашықтықтан зондтау үшін жайылымдардың таңдамалы телімдерінің нақтыланған шекаралары. далалық зерттеу жұмыстарынан алынған мәліметтерді зертханалық жағдайда әрі қарай талдау үшін  электрондық мәліметтер базасына енгізілді; далалық зерттеу күнделігі; таңдалалы телімдердің фотоматериалдары.

IMG_6830

Іле өзенінің жайылма үсті террасаларының биіктігін нақтылау

IMG_7019

IMG_6954

Ілі өзені жайылмасын үшөлшемді RIEGLVZ-4000 лазерлік сканерімен түсіру

IMG_6853