2019 жылдың 29-30 сәуірінде «Рахат Палас» қонақ үйінде Алматыдағы Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) Орталық Азия елдеріндегі су қауіпсіздігі саласындағы Еуропалық Одақтың (ЕО) "Су қауіпсіздігі" бағдарламасының аясында семинар өткізді. География институтының ұжымы сарапшы ретінде қатысты: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, г.ғ.д. Медеу А.Р., г.ғ.д., профессор И.М. Мальковский, г.ғ.к. Төлеубаева Л.С., г.ғ.к. Турсунова А.А., г.ғ.к. Мадибеков А.С., кіші ғылыми қызметкер Сайдалиева З.Р.
Талқылауға арналған тақырыптар:
Суды ауыр металдармен ластанудан тазарту, «Орталық Азия елдеріндегі уран қалдықтарының» салдары;
Амудария мен Сырдария алаптарындағы трансшекаралық су ресурстарына ғарыш құрылғылары арқылы бақылау жүргізу.