2019 жылдың 22 маусымында "География институты" ЖШС-не Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев іс-сапармен келді.
География институтының жетекші ғалымдарымен кездесу барысында Мырзағалиев М.М. негізгі ғылыми іс-шаралармен танысып, Институттың зертханаларында болды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің су тақырыбы бойынша және бірінші кезекте су қауіпсіздігі бойынша География Институтының дайындаған жұмыстары ерекше қызығушылық тудырды. Ғылыми жұмыстар ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі тарапынан қолдау тапты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мағзум Маратұлы ғалымдарға сындарлы сұхбаты үшін алғысын білдірді.