2019 жылдың қазан айының 3 - 10 күндері 2019 жылғы шаруашылық келісім-шарт жұмыстары мен мақсатты бағдарламалар, гранттық қаржыландыру жөніндегі есептерді қорғауға арналған «География институты» ЖШС Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.
«Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының трансшекаралық өзен алаптары: 2050 жылға дейінгі мерзімде халықты және экономиканы климаттық өзгерістер мен шаруашылық әрекеттер жағдайында сумен тұрақты қамтамасыз етудің ғылыми-қолданбалы негіздері»МБҚ бағдарламасы қарастырылған (2018-2020 жж.) (Ғылыми жетекшілері: ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, г.ғ.д. А.Р. Медеу, г.ғ.д., профессор И.М. Мальковский), тоғыз кіші бағдарламаның жетекшілерінің баяндамалары тыңдалды.
7 гранттық жоба бойынша есептер қаралды (2018-2020 жж.):
- №АР05132212 «Су ресурстарының шектеуі жағдайында Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқарудың географиялық негіздері»Ғылыми жетекшісі г.ғ.к. В.С Крылова.
- №АР05133353 «Алматы агломерация аумағының қар жамылғысындағы улы қоспалардың таралуы мен концентрациялар деңгейінің мониторингі және олардың табиғи нысандарға әсерін бағалау». Ғылыми жетекшісі г.ғ.д. Н.Ә.Әмірғалиев
- №АР05134437 «Алакөл көлінің жағалауаймағындағы қолайсыз экзогеодинамикалық үдерістерін зерттеу мониторингі –рекреациялық аймақты қарқынды игеру». Ғылыми жетекшісі г.ғ.к. А.Д Абитбаева.
- №АР05131504 «Web-технологиялар негізінде туристік ресурстарды басқарудың ғылыми-қолданбалы негіздері (Солтүстік Қазақстан мысалында)». Ғылыми жетекшісі г.ғ.к. К.Б.Егембердиева
- №АР05135407 «Климаттың өзгеру жағдайында Есіл өзені алабындағы (Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы) қауіпті гидрологиялық құбылыстармен (су басу) күресу». Ғылыми жетекшісі г.ғ.к. П.А.Плеханов.
- №АР05132214 «Қазақстан Республикасының сел қауіпсіздігі. Іле Алатауының таулы және тауалды аудандарындағы сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін ғылыми негіздеу» Ғылыми жетекшісі : ҚР ҰҒА акад., г.ғ.д. А.Р. Медеу
- №АР05133077 «Су қауіпсіздігі мен тұрақты даму факторы ретінде өзгеретін климат жағдайында Балқаш-Алакөл алаптарындағы өзен ағындарын қалыптастыру зоналарының қарлылық эволюциясы». Ғылыми жетекшісі : ҚР ҰҒА акад., г.ғ.д. И.В.Северский