ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКА САЛАСЫНДАҒЫ 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН

"Ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі Қазақстан Республикасының табиғи-шаруашылық жүйелерін тұрақты сумен қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстар циклі" тақырыбындағы жұмыстардың циклдары үшін::

Медеу Ахметқал - "География институты" ЖШС директоры, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;

Әлімқұлов Саят Құрбанбайұлы - "География институты" ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары, география ғылымдарының кандидаты;

Есполов Тілектес Исабайұлы - "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес АҚ Басқарма төрағасы-ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі;

Мальковский Игорь Михайлович - "География институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор;

Северский Игорь Васильевич - «География институты» ЖШС бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;

Төлеубаева Лидия Серғазықызы - «География институты» ЖШС табиғи-экономикалық жүйелерді сумен жабдықтау және математикалық үлгілеу зертханасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы;

Тұрсынова Айсұлу Алашқызы - «География институты» ЖШС суды бағалау зертханасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты.

 

География институтының ұжымы