Құрметті Ахметқал Рахметоллаұлы!

Құрметті Ахметқал Рахметоллаұлы!
Сізді Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Ғылым – ғасырлар бойғы инновация мен прогрестің ең негізгі қозғаушы күші. Қазір ғылым саласына адамзат қауіпсіздігі мен әлемнің тұрақты дамуы секілді зор жауапкершілік қоса жүктеліп отыр.
Отандық ғылымды нәтижелі дамыту мақсаты бүгінде мемлекеттің басты назарында. Ғылымға бөлінетін қаржы жылдан жылға артып, зерттеубағыттарыкөбейіп, ғылыми институттар жаңартылып келеді. Ғалымдарымыздың шығармашылық әлеуетін арттырып, үздік ғылыми орталықтарда тағылымдамалардан өтіп, халықаралық ғылыми қорлардағы ең қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі үшін көптеген шаралар іске асырылуда. Жас ғалымдардың болашақтары жарқын болып, өз Отанымызға нәтижелі қызмет етуі үшін барлық жағдай жасалып отыр. Әрине, қордаланған мәселелер де аз емес. Сондықтан бүгінде ғылымды дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны қабылдау және Ғылым туралы заңды жетілдіру жұмыстары қолға алынды. Олар ғылым саласына үлкен өзгерістер әкеледі деп сенеміз. Бұл жұмысты Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бүкіл ғылыми қоғамдастықпен бірлесе отырып іске асырамыз. Сондықтан Сіздің мол тәжірибеңіз және құнды ұсыныстарыңыз біз үшін әрдайым маңызды.
Сіздің ғылымға жасаған адал қызметіңізді жоғары бағалаймыз және құрметтейміз!
Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт және зор шығармашылық табыстар тілеймін!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
А.Аймағамбетов