ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ (ЕҚЫҰ) «SCIENTIFIC COURSE FOR RESEARCHERS FROM CENTRAL ASIA АND AFGHANISTAN ON WATER POLICY STUDIES» СЕМИНАРЫНА (ТӘЖІКСТАН, ДУШАНБЕ Қ., 2018 Ж. 25-29 ҚАЗАН) ҚАТЫСУ ҮШІН ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ PHD СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА КОНКУРС

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) «Scientific Course for Researchers from Central Asia аnd Afghanistan on Water Policy Studies» семинарына (Тәжікстан, Душанбе қ., 2018 ж. 25-29 қазан) қатысу үшін Орталық Азияның PhD студенттері арасында конкурс ұйымдастырған болатын, оған геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының ғылыми қызметкері Ә.Ғ. Валеев қатысты.

Семинарда келесі елдердің ғылыми қызметкерлерінің өкілдері болды: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан.

Тренингтің мақсаты болып аймақтағы су ресурстарына, су ресурстарын басқару мәселелеріне байланысты ғылыми мақалаларды жазуда Орталық Азия мен Ауғанстанда ғылыми қоғамдастықты дамыту табылады. Оқытудың тікелей нәтижесі ретінде алынған дағдылар негізінде Су ресурстарын зерттеудің Орталық-азиялық журналының Арнайы шығарылымына қатысушылар өздерінің ағымдағы зерттеулеріне байланысты мақала дайындап, жариялауы жоспарланды. Сонымен қатар, қатысушылардың тұрақты трансшекаралық су қатынастарын құру мен аймақтық су ынтымақтастығына өз үлестерін қосатындығы күтіледі.

DSC00347

Семинарды келесі лекторлар жүргізді:

  • Dr. Ilkhom Soliev, Martin Luther University Halle-Wittenberg, Department of Agricultural, Environmental and Food Policy, Germany;
  • Prof. Bjorn Klove, University of Oulu, Faculty of Technology, Water

Resources and Environmental Engineering Research Unit, Finland.

Адилет сертификат