ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АТЛАСЫ
3 томнан тұрады:
- Табиғи жағдайлары мен ресурстары
- Әлеуметтік-экономикалық дамуы
- Қоршаған ортасы және экологиясы
Атласты құрастырудың тұжырымдық негіздері
- Атлас тақырыптық карталардың иерархиялық ұйымдастырылған жүйесі болып табылады, атластағы кешенді бағалау (жоғары деңгейлі карталар) компоненттік сипаттамаларды (төменгі деңгейлі карталарды) біріктіру процедурасын қамти отырып, яғни көптеген жеке көрсеткіштерден бір жалпы көрсеткішке өте отырып жасалған.
- Экологиялық көрсеткіштердің (уақыттық, аумақтық, ингредиентаралық, компонентаралық, фактораралық) жинақталуы негізіне сапаның кез-келген қасиеті екі сандық параметр, яғни салыстырмалы шамасы және оның маңызымен анықталатын квалиметрия принциптері алынған.
- Атлас тақырыптық карталардың 3 түрін қамтиды:
- инвентаризациялық, олар табиғи орта элементтері мен оған әсер ететін антропогендік көздерді көрсетеді;
- инвентаризациялық-бағалау, олар антропогендік әсерге табиғи ортаның реакциясын сипаттайды;
- кешенді-бағалау, жеке компоненттер мен тұтас ортаның жағдайын сипаттайтын экологиялық жағдайлардың бағалануын көрсетеді.
- Картографиялаудың аумақтық бірлігі ретінде мыналар алынды:
- саяси-әкімшілік бөліну;
- ландшафттық-географиялық бөліну;
- алаптық аудандастыру;
- таңдамалы аумақтық бөліну;
- аумақтық бөлінудің болмауы (изосызықтар әдісі).
Атлас қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.
1-том. Табиғи жағдайлары мен ресурстары (117 карта)
Бөлімдері
1. | Кіріспе - | 4 карта |
2. | Геофизикалық жағдайлары, тектоника, сейсмика | 14 карта |
3. | Геологиялық құрылысы, минералдық ресурстары | 5 карта |
4. | Гидрогеологиялық жағдайлары, жерасты суларының ресурстары | 9 карта |
5. | Жер бедері | 3 карта |
6. | Климат, агроклиматтық ресурстар | 27 карта |
7. | Гидрологиялық жағдайлары мен жерүсті су ресурстары | 17 карта |
8. | Мұзбасу, геокриология | 2 карта |
9. | Топырақ жамылғысы | 3 карта |
10. | Жануарлар дүниесі | 9 карта |
11. | Өсімдіктері, орман қоры | 7 карта |
12. | Ландшафтылар, физикалық-географиялық аудандау | 17 карта |
2-ТОМ. Әлеуметтік-экономикалық дамуы (142 карта)
Бөлімдері
1. | Кіріспе бөлім | 1 карта |
2. | Халқы | 13 карта |
3. | Әлеуметтік сала | 15 карта |
4. | Индустрия | 15 карта |
5. | Ауыл шаруашылығы | 33 карта |
6. | Көлік | 7 карта |
7. | Туризм | 3 карта |
8. | Тарих, археология | 36 карта |
9. | Облыстардың экономикалық және әлеуметтік саласы | 15 карта |
10. | Сыртқы экономикалық байланыстар | 4 карта |
3-ТОМ. Қоршаған ортасы және экологиясы (125 карта)
Бөлімдері
1. | Кіріспе бөлім | 1 карта |
2. | Табиғи ортаға жасалатын антропогендік әсердің факторлары | 7 карта |
3. | Табиғи жүйелердің экологиялық жағдайы | 35 карта |
4. | Қауіпті табиғи үдерістер және төтенше жағдайлар | 20 карта |
5. | Шөлдену және жердің азып-тозуы | 13 карта |
6. | Адам экологиясы | 11 карта |
7. | Аймақтардың экологиялық жағдайы | 15 карта |
8. | Табиғатты қорғау | 14 карта |
9. | Экологиялық қауіпсіздік | 9 карта |