Зерттеу тобының құрамы: АҒҚ Крылова В.С., ҒҚ Тулетаев А.Б., КҒҚ Кудерин А.А., КҒҚ Омаров А.Н., КҒҚ Алдажанова Г.Б.
Сапар уақыты: 01 мамырдан 31 мамырға дейін 2019 жыл
Мақсаты: Жамбыл облысының жер және су ресурстарын бағалау үшін далалық зерттеулер жүргізу
Міндеттер:
- пайдаланылатын және өңделетін ауыл шаруашылық алқаптарының кескіндеріне түзетулер жүргізу;
- ауыл шаруашылық игеру жерлері үшін суландыру көздерін тұрақтандыру және олардың жағдайына баға беру;
- Жамбыл облысының суармалы және жайылымдық жерлеріне деградациялану зерттеулерін жүргізу, бұзылған алқаптарды анықтау.
«География институты» ЖШС-нің ландшафттанушылар тобы 01 бастап 31 мамыр 2019 ж. аралығында Жамбыл облысының жер және су ресурстарына далалық зерттеулер жүргізді.
2019 жылдың бағдары өсімдік және мал шаруашылығында, облыстың орталық, солтүстік аудандарында пайдаланылатын жерлерді зерттеу және 2018 жылы оңтүстікте зерттелінген ауыл шаруашылық жерлерін бақылау мақсатында құрастырылған болатын. Осылай, зерттеулерге әртүрлі табиғи зоналарда – шөлейттердің ұсақ шоқылы жазықтарынан, өзен аңғарлары, тау бөктеріне дейін орналасқан ауыл шаруашылық жерлері алынды.
Дәстүрлі түрде жайылым ретінде пайдаланылатын тау алды жазықтары
(Хантау а. маңында, Мойынқұм ауданы)
Сексеуілдер тоғайы арасындағы жайылымдар
(Мойынқұм құмдарының солтүстік-шығыс төңірегі, Сексеуілдала даласы)
Шу ө. бойындағы табиғи шабындық жерлер
(орташа ағын, Кылышбай Ержанұлы а. маңы, Мойынқұм ауданы)
Шу ө. бойындағы табиғи шабындық жерлер
(өзеннің сағасы, Уланбель а. солтүстігі, Сарысу ауданы)
Мал өрісіне пайдаланылатын жартылай – бекіген құмдар
(Мойынқұм сілемі, Амангелді газ өңдеу зауытының вахталық қалашығы, Мойынқұм ауданы)
Шу ө. өзен аңғары, суат және мал өрісі
(Бірлік а. – орташа ағыны, Жайлаукөл а. – төменгі)
Далалық жұмыстарды жүргізу бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылық игеру жерлерінің (жайылымдар, егістіктер) кескіндері мен түрлері және олардың өңімділігі сипатталды және нақтыланды, суландыру көздері анықталды.
Бақшалық және жемшөп дақылдарын өсіру
(Мадимар а., Сарыкемер маңы, Байзақ ауданы)
Ірі қожалық шаруашылықтарында КҚМ және ІҚМ маусымдық ұстауы
(Қызылотау а. аймағы, Мойынқұм ауданы)
Ауылдар маңындағы әртүрлі мал түрлерінің өрісі
(Талас, Байзақ аудандары)
Ерекше назар суландыру көздеріне бөлінген болатын. Бұндайларға облыстың барлық ірі өзендерін, сондай-ақ суару мақсаттарына арналған каналдар торабын жатқызуға болады. Жұмыстар барысында өзендер мен каналдардың жағалық сызықтары, олардың аңғарлары, арықтардың алшақтау орындары және т.б. зерттелінді.
Зерттеудің жекелеген пункті болып Мойынқұм ауданының жерлерін суару үшін қарастырылған Фурманов су торабына және одан алшақтаған аттас магистральді каналына (МК) бару болды.
Канал бойынша судың бөлінуі толық көлемде іске асырылмайтыны, шлюзалар қызмет көрсетпейтіні, электр жабдығы техникалық түрде бұзылғандығы анықталды. Бәлкім, бұл Мойынқұм (бұрынғы Фурмановка) аудандық орталығының шаруа қожалықтарына судың апаттық жеткіліксіздігінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ бағдар бойынша жылжу уақытына қарай суды өткізудің жергілікті көздері зерттелінді (ұңғымалар, арықтар)
Жамбыл облысының іс жүзінде барлық аудандарында арықтық тораптарының көптеген құрылыстары қанағаттанбаушылық жағдайында жатқандығы анықталды, бұзылған және су беруді іске асырмайды. Облыстың солтүстігіндегі тау алды аудандарын қоспағанда – мұнда арықтық торап сақталған, жарамды, бірақ күрделі жөндеулерді қажетсінеді. Бүтін қалған арықтардың жөнсіз жағдайларының бір себебі ретінде, ешкіммен пайдаға асырылмайтын үйінді қоқыстарын айтуға болады. Егістікті 1 жылға жалға алатын қожалар, көбінесе, немқұрайлы түрде егіс алқаптарында пластикалық құбыршектерді, тұрмыстық қоқыстарды егінді жинап алудан кейін тастап кетеді
Дегенмен, шаруа қожалықтары үшін су каналдары бойынша бетондық жолмен, сол секілді жер аңғарлары, ал олардан – қарықтарда орналасқан арықтар бойынша жеткізіледі.
Суы мол каналдар және жыл сайын орнатылатын арықтар
Егістерге және мал өрісіне өздігінен су беруді ұйымдастыру
(Байзақ ауданы және Мойынқұм ауданы шаруалығының суармалы егістіктері)
Сонымен қатар, өлшемдердің нәтижесінде жайылымдар өнімдері, жемшөп сыйымдылығы, жемшөп қоры бойынша мәліметтер нақтыланды. Бұның барлығы, жиынтықта, өсімдік жамылғысының бұзылу сипатын және деградациялану деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.
Раменский торабын тау алды, ұсақ шоқылы жазықтарда, құмды сілемдерде өсімдік жамылғысының өнімділігін анықтау үшін пайдаланудың мысалы
(Мойынқұм, Байзақ аудандары)
Жамбыл облысының ауыл шаруашылық игеру жерлерін зерттеу барысында Шу және Талас ө. судың сынамалары алынды, аумақты түрде жоғары (солтүстікке қарай) және төменгі (оңтүстікке қарай) өнделетін суармалы сілемдерде, сондай-ақ Байзақ және Қордай аудандарының егіс алқаптарында топырақ сынамалары алынды. Су және топырақ сынамаларын алудың негізгі мақсаты болып ауыр металлдарды анықтау және минералдану ерекшеліктері – зерттелініп алынған ауыл шаруашылық игеру жерлерінің экологиялық жағдайының маңызды көрсеткіштері ретінде.
Нүкте №1. 44º05′43.03″, 73º27′13.81″
Шу ө. судың алынуы (Бірлік а. маңы, Шу ауданы)
Нүкте №2. 43º48′16.70″, 70º58′02.31″
Талас ө. судың алынуы суармалы сілемдерден төмен тандалды, Ойық а. 500 м қашықтықта, Талас ауданы
Нүкте №3. 42º56′1.52″, 71º27′2.47″
Нүкте 3 Талас ө. ағыны бойынша жоғары алынды, Тараз қ. солтүстік төңірегінде, қала маңының суармалы алқаптарында
Нүкте №4. 42º52′52.84″, 71º24′48.15″
Нүкте 4 Талас ө. алынды, Тараз қ. 1 км м онтүстікке қарай
Нүкте №5. 43º16′28.90″, 74º13′50.30″
Шу ө. алынатын судың нүктесі ағын бойынша жоғары анықталды, іс жүзінде Қырғыз шекарасынан 200 м қашықтықта, Қайнар а. (бұрынғы Благовещенка) оңтүстікке қарай. Осылайша, сынаманың алу орны аумақты түрде Шу ауданының барлық суландыру сілемдерінде, Шу ө. ағынының қазақстандық жағында орналасқан
Топырақ сынамасын алу жалпы мақұлданған сынама және сынаманы химикалық талдау үшін дайындау әдістеріне сәйкес жүргізілді. Тандалған аумақтан конверт әдісімен (аумақтың бұрыштары бойынша және ортасынан) алынған 5 сынамадан тұратын аралас үлгі алынды. Сынамалар күрекпен 0-20 см және 20-40 см қабатта 5 қайталаныммен жиналған болатын. Жиналған таза материалдың салмағы – 1 кг. Орташа сынаманы ширектеу әдісімен жинақтады.
Нүкте № 1. 42º56′04.45″, 71º26′48.50″
Егістікте топырақ сынамасын алу (Сарыкемер а., Байзақ ауданы)
Нүкте № 2. 43º19′46.67″, 71º26′44.65″
Сорланған алқаптарда, Тегістік а. маңы, Байзақ ауданының суармалы сілемдерінде
Нүкте № 3. 43º16′28.85″, 74º13′49.74″
Суармалаусыз егістікте топырақ сынамасын алу
(Қайнар а., Қордай ауданы)
Үшінші сынама суармалаусыз егістік телімдерінде Қордай ауданының Қайнар а. маңында алынды.
Барлығы жалпы жуықта 106 нүкте зерттелген болатын. Жұмыс барысында бланкілер толтырылды: егінді алқаптарға арналған геоботаникалық сипаттамалар, сол секілді жайылымдар үшін суармалы бекеттер және суармалау көздері сипатталды, геоботаникалық анықтамалығы жасалды.
Экспедициялық зерттеулердің нәтижесі бойынша қойылған мақсат және міндеттер толық көлемде «Су ресурстарының шектеуі жағдайында Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқарудың географиялық негіздері» жобасының далалық жұмыстар Бағдарламасына сәйкес орындалды:
- пайдаланылатын және өңделетін ауыл шаруашылық алқаптарының кескіндері түзетілді;
- ауыл шаруашылық игеру жерлері үшін суландыру көздері тұрақтандырылды (жайылымдық және суармалы егіндік алқаптар) және олардың жағдайына түйіндес баға берілді;
- Жамбыл облысының суармалы және жайылымдық жерлеріне деградациялану зерттеулері бойынша кешенді жұмыстар іске асырылды және бұзылған алқаптарды зерттеу анықталды.
Далалық материалдарды өңдеу барысында алынған нәтижелер жобаның тақырыбы бойынша ағымдық есептемеде көрсетілген болатын.