2019 жылғы 29 қарашада «География институты» ЖШС-не Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов пен Су ресурстары комитетінің төрағасы Тұрлыбек Арман Алашұлы іс-сапармен келді.
С. Н. Громов және А. А. Тұрлубек География Институтының жетекші ғалымдарымен кездесу барысында зертханаларға барып, институт қызметінің негізгі ғылыми бағыттарымен танысты. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министр мен су ресурстары комитеті Төрағасының су тақырыбы бойынша және бірінші кезекте су қауіпсіздігі бойынша география институтының әзірлемелері ерекше қызығушылық тудырды. Жұмыстар ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі мен су ресурстары комитетінің төрағасы тарапынан қолдау тапты.
Кездесу қорытындысы бойынша Сергей Николаевич ғалымдарға сындарлы әңгімесі үшін алғысын білдірді.