Зерттеу тобының құрамы: АҒҚ Крылова В.С., ҒҚ Тулетаев А.Б., КҒҚ Кудерин А.А., КҒҚ Омаров А.Н., КҒҚ Алдажанова Г.Б.
Сапар уақыты: 13 тамыздан 12 қыркүйекке дейін 2020 жыл
Мақсаты: Жамбыл облысының жер және су ресурстарын бағалау үшін далалық зерттеулерді жүргізу
Міндеттер:
- табиғи белгілері және шаруашылықтық пайдалану сипаты бойынша біркелкі ауыл шаруашылық жерлерін су ресурстарының шектеулігі есебімен функционалды зоналарын бөлу үшін зерттеу;
- белгілі бір табиғатты қорғау іс-шаралары тобымен, онда деградациялық үрдістің туындауына байланысты шаруашылық игеру аумақтарының шекарасын орнату;
- ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқару сызбасын құру үшін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жинақтау;
«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ ландшафттанушылар тобы 2020 жылдың 13 тамызынан 12 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының жер және су ресурстарына далалық бақылау жүргізді.
2020 жылдың бағдары өсімдік және мал шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді зерттеу және облыстың барлық аудандарында, 2018 жылдан бері зерттелініп келген ауыл шаруашылық жерлерін бақылау мақсатында құрастырылған. Осылайша, зерттеуге әртүрлі табиғи зоналарда – шөлейттің ұсақ шоқылы жазықтықтарында, өзен аңғарларында, тау бөктерінде орналасқан ауыл шаруашылық игеру жерлері қамтылған болатын.
Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқаруды оңтайландыруға арналған құрал болып аумақтың функционалды зоналауы табылады, сәйкесінше, нақты функцияларды іске асыру үшін сандық және сапалық критериилердің негізінде белгілі бір мақсатпен таңдалған оның 3 зонасы бойынша дифференциациясы. Ландшафттардың ауыл шаруашылық әсерге тұрақтылықтың негізгі көрсеткіштері бойынша (агроклиматтық сипаттамалар, рельефтің сипаттамасы, топырақ кескінінің қуаттылығы, топырақтың тұздану деңгейі және т.б.) ауыл шаруашылық қызметін іске асыру кезінде үлкен жүктемеге шыдай алатын ландшафттар, сонымен қатар онда ауыл шаруашылығын пайдалану кезінде арнайы шараларды талап ететін, тұрақтылығы аз және тұрақсыз ландшафттар анықталды.
Салыстырмалы түрде үздік және жақсы сападағы тұрақты ландшафттар, экономикалық мақсатты пайдаланудың функционалды зоналарына кіретін ландшафттар келесі зона тармағын біріктіреді: а) үздік және жақсы сападағы қарқынды ауыл шаруашылық пайдалану режиміндегі ландшафттар; б) жақсы, сонымен қатар жақсы және орташа сападағы экстенсивті пайдалану режиміндегі ландшафттар.
Ауыл шаруашылықта пайдаланатын қарқынды режимдегі үздік және жақсы сападағы ландшафттар Жамбыл облысының оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде шоғырланған, Қаратау, Қырғыз Алатауы, Кіндіктас, Жетіжол және Қастек аласа таулы жоталары мен тау алды жазықтығына, сондай-ақ Шу және Талас өзен аңғарларына ыңғайластырылған.
Көкөністер және бақшалық дақылдарды өсіру (Жетыбай, Женис а. маңы, Байзақ ауданы)
Жеміс көшеттерін өсіру (Байзақ және Мерке аудандары)
Экстенсивті режиміндегі ландшафттарды пайдалану жаңа технологиялардың жеткіліксіз қолдануымен, өнімнің төмен мөлшерлігімен аумақ бірлігіне ешбір ерекше салымсыз жүргізілуде, олардың өсімі пайдаланылатын алқаптардың кеңейтілуі есебінде туындауы мүмкін.
Мақсары алқаптары, өнімді жинау алдында және одан кейін (Тұрар Рысқұлов ауданы)
Орташа және орташадан төмен сападағы шөл және шөлейтті тау алды тұрақсыз ландшафттары экологиялық бейімделген ландшафттарды пайдалану зонасын біріктіреді. Оларды жайылымдар түрінде, жерлерде – суармалы массивтер, жағымсыз экологиялық зардаптарды болдырмау үшін жерлерді пайдалану жиілігіне міндетті шектеулер қою негізінде пайдалану ұсынылған;
Әртүрлі өріс түрлері бар жайылымдар (Тұрар Рысқұлов)
Мойынқұмның құмды және құм алды зонасы (Тұрар Рысқұлов және Мойынқұм аудандары)
Жамбыл облысының шабындықты аудандары Шу және Талас өзендер алқабында, көл қазан шұңқыры айналасында және рельефтің көптеген табиғи бедерлерінде шоғырланған және батпақты топырақта қамысты және шөпті жамылғысында, шалғынды және шалғынды-батпақты топырақта дәнді және түрлі шөпті-дәнді және дәнді-миялы, шалғынды шөлденген топырақта тораңғы сирек ормандармен қабаттас бұталы, қарапайым сортаңдар және шалғындарда галофитті түрлі шөптесінді-дәнді, бір жылдық сораңды-бөріқарақатты және бөріқарақатты-саманды жамылғыларында толқынды жайылмалы және жайылмаүсті террасалар кешенімен көрсетілген.
Табиғи шабындықтарда пішендерді дайындау (Шу және Байзақ аудандары)
Өнімді жинаудан кейін алқаптарда сабанды дайындау (Малдыбай м. солтүстікке қарай, Тұрар Рысқұлов ауданы)
Сақтау режимінде ландшафттарды пайдалану зонасы Жамбыл облысы аумағының басым бөлігін қамтып отыр және тұғырлық, қабатты және эолдық жазықтықтағы шөлді тұрақсыз және тіптен тұрақсыз, агроөндірістік сапасының төмен және өте төмен ландшафттары қамтылған. Бұл зона айтарлықтай Мойынқұм және Сарысу аудандарында, облыстың солтүстігінде, Бетпақдала маңында және Мойынқұм құмдарында орналасқан, тұғырлық, қабатты және эолдық жазықтықтардағы шөлді ландшафттарымен бейнеленген. Сұр-қоңыр сортаңдау топырақтар мен сорлар кешені табиғи болмысында ауыл шаруашылық өндірісте аз жарамды келеді. Аталмыш жерлерді азықты жайылымды алқаптар ретінде таңдамалы пайдалану ұйғарынды. Бірқатар жағдайларда осы зона аумағын шаруашылық айналымнан шығару ұсынылуда.
Қатты деградациялануға ұшыраған ауыл шаруашылық алқаптар телімін, қалпына келу режимі бар аумақ ретінде жекелей бөліп қарастыру тиіс. Бұндай телімдерді, сондай-ақ, ландшафттардың антропогендік шаруашылықпен байланысты функциясының жойылуының оңалтуын құру үшін уақытша а/ш айналымынан бөліп шығару ұсынылуда. Қатты деградацияға ұшыраған телімдер облыстың суармалы массвитер шегінде, Шу, Тараз қ. маңайында шоғырланған, онда жерлердің ұшыққан экологиялық ахуалы 314,4 мың га аумағында бақыланған. Бұл телімдер аумақтың жоғары деңгейдегі тілкемдеулігімен сипатталады, ол өз кезегінде ирригациялық тораптардың қанағаттанарлықсыз (тозған) жағдайымен және тұрақсыз су қамтамасыздығымен байланысты, ол топырақтың екінші мәрте тұздануына және олардың өнімділігінің азаюына алып келді.
Ұшыққан экологиялық ахуалдағы аумақтар (Білікөл және Ақкөл көлдері)
Ауыл шаруашылық өндірісінде іске қосылған Жамбыл облысының табиғи кешендері су ресурстарының шектеулігі жағдайында меңгерілуде. Зерттелініп алынған аумақтың ірі су артериялары, Шу, Талас өз. және магистралды каналдар трансшекаралық болып келеді, ондағы су берілісі табиғи факторлардан ғана емес, келісілген су бөліну режиміне де тәуелді.
Алдынғы кезеңдерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Жамбыл облысының ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне кететін су тоғандар көлемі, оның ішінде тұрақты суару, шабындықтарды сауару және ауылдық елді-мекендер мен өнеркәсіпті сумен қамту, 2008 ж. бастап 225,26 млн. м3 немесе 11,8 % төмендегені орнатылды. Бұл су тапшы кезеңдермен, Қырғызстаннан келетін су көлемінің қысқартылуымен, сурау инфрақұрылымның техникалық жағдайының нашарлауымен түсіндіріледі. Табиғи кешендерді су ресурстарымен қамтамасыз етудің бірқалыпсыздығы, су берілісінің төмендеуі агроландшафттардың тұрақты дамуына жағымсыз әсер тигізуде.
Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ су қоймалары 2020 ж. зерттеу кезеңіне қарай.
Ауыл шаруашылық алқаптарының тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін су қоймалары – Тасөткел с.қ. және Теріс-Ащыбұлақ с.қ. (2020 ж. тамыз-қыркүйегіне қарай көлемдері төмен)
Жамбыл облысы аумағындағы ауыл шаруашылық әрекет бірнеше жағымсыз үрдістердің дамуына алып келді, ол өз кезегінде ауыл шаруашылық алқаптардың экологиялық жағдайына және олардың өнімділігіне әсерін тигізді. Оларды болдырмаудың негізгі ғылыми қамтамасыздандырылуы ретінде, олардың жағдайын жақсарту үшін нақты табиғаттты қорғау іс-шаралары саналуы тиіс.
Далалық зерттеулер барысында ерекше көңіл ҚР Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерінің деградациялануын болдырмау бойынша табиғатты қорғау ұсыныстар кешенін құруда аса қажетсінетін белгілі бір аумаққа бөлінген болатын (тәлімдік және суармалы егіндіктер, жайылымдық, шабындықты алқаптар, орман көшеттері үшін).
Құм алды зона егістіктеріндегі қорғаныс орман сызықтарын ұйымдастыру (Юбилейное а. солтүстікке қарай, Тұрар Рысқұлов ауданы)
Табиғатты қорғау іс-шаралары-(жабынды қолдану (сабан), қалпына келтіру, сидерация және егістік аумақтары құрылымының өзгеруі егіншілік пайдаланудағы егістіктердің деградациялануын болдырмау үшін пайдаланылады)
Сонымен қатар бағдар бойынша қозғалыс ретімен су берілісінің жергілікті көздері зерттелді (ұңғымалар, арықтар). Алдынғы жылдары (2018-2019 жж.) Жамбыл облысының іс жүзінде барлық аудандарында арық желісінің көпшілік құрылымдары қанағаттанарлықсыз жағдайда болған, бұзылған және су берілісі іске асырылмауда.
2020 ж. зерттеу кезеңіне қарай су қоректендіргіш инфрақұрылымында жақсартулар орын алғаны жағмыды әсер қалдырды. Атап айтқанда, Талас ауданында су берілісі үшін жаңа каналдар желісі салынуда, жолдарды жөндеу жүргізілуде.
Егістіктерді суландыру үшін жаңа гидротехникалық құрылымдар мен каналдарды салу және жаңғырту (Талас және Шу аудандары)
Жағымсыз үрдістердің алдын алу принципі жайылымдарды қорғау бойынша іс-шаралардың ішінен маңызды орын жайылымдардың өнімді, экологиялық тұрғыдан әлеуетін сақтауға, олардың қалпына келуі және көп жылдық пайдалануына бағытталған технологиялық үрдістердің жетілдіруіне тиесілі болатындығына көрініс табады.
Жайылымдарды қорғау бойынша іс-шаралар кешені өзіне басқаруды, жайылымдардың күтімін, жайылымдарды тұмшалау, жасанды жайылымдық шектелімдерді құруды қосады.
Өрісті тұрақтандыру (ауыспалы жайылым, жүктемелерді нормалау, мәдени жайылым (өрістік) аумағын ұйымдастыру және жайылымдарды суландыру – жайылымдардың деградациялану үрдістерін болдырмау ретінде (Мойынқұм, Мерке және Шу аудандары)
2018-2020 жж. кезеңі аралығындағы зерттеу нәтижелері бойынша елеулі түрде ауыл шаруашылық құрылымдардың материалдық-техникалық жабдықтануы ұлғайды. Ірі бірлестіктер табысты ауыл шаруашылық өндірісі үшін заманауи тракторларға, жаңбыр жаудырғыш қондырғыларға ие.
Жамбыл облысының ауыл шаруашылық құрылымдарының материалдық-техникалық жабдықтануы (суреттер Жамбыл облысының барлық аймақтары бойынша жасалды)
Топырақты өңдеуде, су берілісінде, бақша және көкөністер алқабында өнімді сорттарын шығаруда заманауи сақтаушы технологияларын қолдану (Қайнар а. маңы, Шу ауданы)
Жеміс көшеттердің және дәнді дақылдардың өнімді сорттарын шығарумен жаңа сақтаушы технологияларын қолдану (Белбасар а., Шу ауданы)
Материалдық-техникалық қажеттіліктерге қаржыландыру көздерінің қолжетімділігі сұрақтары бойынша мемлекеттік қолдауды облыстың ауыл шаруашылық аудандарында әлеуметтік-экономикалық дамуды оңтайландыру үшін негіз ретінде қарастыруға мүмкін. Осы тұрғыда Жамбыл облысының оңтүстік бөлігіндегі фермерлері ауыл шаруашылық өндірісін арнайы химиялық тыңайтқыштармен қаражаттандыру бойынша бағдарламаға қатысқан болатын (оның ішінде қант қызылшасының табысты өнімділігі үшін).
Тыңайтқыштарды үйлестіріп ендіруді іске асыру ауыл шаруашылық өндірісін нормалау және регламенттеуді, ауыл шаруашылық алқаптарының және бөлімдерінің ішкі шаруашылық экономикалық бағалануын, оларда ауыл шаруашылық мәдениетін егу тиімділігі бойынша реттеуді көздейді. Далалық зерттеулер барысында тікелей егістіктерде тыңайтқыштардың қалдықтарын салғырт тастап кету жағдайлары орын алды (Шу ауданы).
Суармалы егістікте қолданылатын химиялық тыңайтқыштар (Сарыкемер а., Байзақ ауданы)
Далалық жұмыстарда ландшафттанушылардың тобы
«География және су қауіпсізідігі институты» АҚ
Барлығы тұтас алып қарағанда 100 нүкте зерттелінді. Жұмыс барысында бланкілер толтырылды: табиғи-ауыл шаруашылықтық және әлеуметтік-экономикалық есептер.
Экспедициялық зерттеулердің нәтижелері бойынша қойылған мақсат және міндеттер толық көлемде «Су ресурстарының шектеуі жағдайында Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқарудың географиялық негіздері» жобасының далалық жұмыстар Бағдарламасына сәйкес орындалды:
- табиғи белгілері және шаруашылықтық пайдалану сипаты бойынша біркелкі ауыл шаруашылық жерлерін су ресурстарының шектеулігі есебімен функционалды зоналарын бөлу үшін зерттелінді;
- белгілі бір табиғатты қорғау іс-шаралары тобымен, онда деградациялық үрдістің туындауына байланысты шаруашылық игеру аумақтарының шекарасы орнатылды және бақыланды;
- ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқару сызбасын құру үшін әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің есебі жүргізілді.
Далалық материалдарды өңдеу барысында алынған нәтижелер жобаның тақырыбы бойынша қорытынды есептемеде көрсетілген болатын.