Ынтымақтастық

Институт дүниежүзілік география ғылымының орталықтарымен тығыз байланыста, Алманияның, Францияның, Швейцарияның, Швецияның, Финляндияның, Италияның, Жапонияның, Қытайдың ғалымдарымен бірлесе ортырып 20-дан аса халықаралық жобалар жасауға  қатысты және қазіргі заманғы географиялық ғылымның маңызды орталығы ретінде дүниежүзілік ғылыми қауымдастық лайықты деп қабылдайды. Институт қазіргі уақытта төрт халықаралық жобалар  жасауға қатысады. Оның екеуі азық-түлік қауіпсіздігі  мен су мәселелері бойынша Ньютон-әл-Фараби бағдарламасы аясында орындалуда (серіктестер - Рэдинг және Абериствит-Ұлыбритания университеттері), үшіншісі – «Greta” Ташкент маңындағы трансшекаралық сулы қабаттардың су ресурстарын пайдалану және бағалау жөніндегі Колорадо Университетімен, АҚШ және ЮНЕСКО-ның жобасы. ЮНЕСКО мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы қол қойылған келісімге сәйкес « Су бағалаудың халықаралық орталығы»(СБХО) ЕҚЫҰ-ның аймақтық құрылымдары ретінде Институтының базасында құру жөніндегі келіссөздерге бастама жасалды және ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Орталық Азия аймақтық гляциология орталығын біздің институттың базасында құру қездейсоқ емес.

География институты елдік және аймақтық деңгейде мемлекеттік басқару органдарымен белсенді және нақты өзара іс-қимыл жасайды. Институт олардың тапсырысы бойынша бірқатар қолданбалы бағыттағы ірі ғылыми жобаларды орындады.

Институт ірі ғылыми форумдарды   ұйымдастыруға белсенді түрде қатысады.  Ағымдағы жылдың 22-23 қыркүйегінде АШМ, ҚР БҒМ қамқорлығымен География институты бірлескен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ЮНЕСКО-мен ұйымдастырылуымен «Орталық Азияның су ресурстары және оларды пайдалану» ірі ғылыми-практикалық конференциясы табысты өткізілді. Орталық Азия елдерінің бес секторындағы су экономикасы басшылықтары,  СІМ өкілдері, Швейцария, халықаралық ұйымдарды (ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, БҰҰ ЕЭК, Дүниежүзілік банк және т. б.) және, алыс және жақын шет елдердің жетекші ғалымдар конференция жұмысына қатысуды қабыл алды.