Жоба жетекшісі: география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алимкулов С.К.
Мақсаты: Сыртқы су алмасудың өзгеруінің әртүрлі сценарийлері бойынша Балқаш көлінің су деңгейін тұрақтандыру бойынша ұсыныстар жасау
Күтілетін нәтижелер:
- Балқаш көлінің су деңгейін оның көп жылдық динамикасының климаттық және антропогендік факторларын анықтай отырып талдау.
- Балқаш көлі топографиясының далалық деректері және өлшенген гидрологиялық сипаттамалар
- Нақтыланған батиграфиялық қисық және су ресурстарының динамикасын бағалайтын батиметриялық карта
- Балқаш көлінің су балансының элементтерін және олардың климаттық және антропогендік факторларға тәуелділігін бағалау және талдау.
- Батыс және Шығыс Балқаш арасындағы су алмасудың мөлшерін бағалау және талдау
- Көлдің деңгейлік режимінің болашақта өзгеруін бағалау және талдау.
- Балқаш көлінің тепе-теңдік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында су ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі ұсынымдар.
Алынған нәтижелер:
- Балқаш көлінің су деңгейінің көпжылдық динамикасының климаттық және антропогендік факторларын анықтай отырып талдау жасалынды
- Балқаш көлі топографиясының далалық деректері және өлшенген гидрологиялық сипаттамалары алынды
- Көлдің су ресурстарының динамикасын бағалайтын батиграфиялық қисығы мен батиметриялық картасы нақтыланды.
- Климаттық және антропогендік факторларды ескере отырып, Балқаш көлінің су теңдестігі элементтері есептелді және талдау жүргізілді
- Батыс және Шығыс Балқаш арасындағы су алмасудың мөлшерін бағалау және талдау жүргізілді.
- Келешекке су деңгейіне бағалау және талдау жасалынды.
Жарияланды:
- Alimkulov S., Makhmudova L., Talipova E. K., Baspakova G., Tigkas D., Isakan G. Response of the water level of the Balkash Lake to the distribution of meteorological and hydrological droughts under the conditions of climate change. // Journal of Water and Climate Change. – 2024. – 15 (7). – 3395. percentile - 66, Q2. https://doi.org/10.2166/wcc.2024.271
- Alimkulov S., Makhmudova L., Talipova E., Baspakova G., Monkayeva G. Assessment of the impacts of climate change on drought intensity and frequency using SPI and SPEI in the Southern Pre-Balkash region, Kazakhstan // Watershed Ecology and the Environment. – 2025. – Volume 7. – P. 11-22. percentile - 55, Q2. https://doi.org/10.1016/j.wsee.2024.12.001
Алимкулов С.К., Мырзахметов А.Б., Талипова Э.К., Баспакова Г.Р., Қанай М.Ә., Рүстем Д.Ә. Заманауи климата өзгерістері мен алаптағы сушаруашылық іс-әрекеттерді ескере отырып, Балқаш көлінің су теңдестігін зерттеу // География және су ресурстары. – 2025. – № 1. – С. 41-55. https://doi.org/10.55764/2957-9856/2025-1-41-55.5
Далалық зерттеулер:
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Балқаш көлінің акваториясында экспедициялық жұмыстар жүргізілді, олар морфометриялық ерекшеліктерді зерттеу және көл алабының топографиясын нақтылау бойынша арнайы аспаптық зерттеуден тұрды. Сондай-ақ Балқаштың жекелеген бөліктері арасындағы Ұзынарал бұғазында су ағындысының өлшемдері жүргізілді. Экспедициялық зерттеулер "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ су ресурстары зертханасының қызметкерлері ұйымдастырылды, ол Балқаш көлінде барлау және батиметриялық жұмыстарды (жоғары және төмен су деңгейлерін анықтау, су тереңдігін өлшеу және т.б.) жүргізуді көздеді.










Әлеуметтік желілерге ссылка