Қазіргі уақытта География институты ҚР БҒМ ҒК келісім шарт бойынша 8 ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын орындайды, соның ішінде:
1 – бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде (2018-2020 жж.);
7-гранттық қаржыландыру шеңберінде (2018-2020 жж.)
және 8 шаруашылық келісім-шарт жұмыстары
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер
басымдық бойынша «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс»
«Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасының трансшекаралық өзен алаптары: 2050 жылға дейінгі мерзімде халықты және экономиканы климаттық өзгерістер мен шаруашылық әрекеттер жағдайында сумен тұрақты қамтамасыз етудің ғылыми-қолданбалы негіздері»
Ғылыми жетекшілері: ҚР ҰҒА академигі г.ғ.д., проф. А.Р. Медеу, г.ғ.д., проф. И.М. Мальковский
Гранттық қаржыландыру бойынша
басымдық бойынша: табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу.
- АР05132212 «Су ресурстарының шектеуі жағдайында Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқарудың географиялық негіздері» Ғылыми жетекшісі: г.ғ.к. В.С.Крылова
- АР05133353 «Алматы агломерация аумағының қар жамылғысындағы улы қоспалардың таралуы мен концентрациялар деңгейінің мониторингі және олардың табиғи нысандарға әсерін бағалау». Ғылыми жетекшісі: г.ғ.д.проф. Н.Ә.Әмірғалиев.
- АР05134437 «Алакөл көлінің жағалауаймағындағы қолайсыз экзогеодинамикалық үдерістерін зерттеу мониторингі –рекреациялық аймақты қарқынды игеру» Ғылыми жетекші: г.ғ.к А.Д.Абитбаева
- АР05131504 «Web-технологиялар негізінде туристік ресурстарды басқарудың ғылыми-қолданбалы негіздері (Солтүстік Қазақстан мысалында)». Ғылыми жетекші: г.ғ.к. К.Б. Егембердиева.
- АР05135407 « «Климаттың өзгеру жағдайында Есіл өзені алабындағы (Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы) қауіпті гидрологиялық құбылыстармен (су басу) күресу». Ғылыми жетекшісі: г.ғ.к., Плеханов П.А.
- АР05132214 «Қазақстан Республикасының сел қауіпсіздігі. Іле Алатауының таулы және тауалды аудандарындағы сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін ғылыми негіздеу» Ғылыми жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі г.ғ.д., проф.А.Р. Медеу
- АР05133077 «Су қауіпсіздігі мен тұрақты даму факторы ретінде өзгеретін климат жағдайында Балқаш-Алакөл алаптарындағы өзен ағындарын қалыптастыру зоналарының қарлылық эволюциясы» Ғылыми жетекшісі: ҚР ҰҒА академигі г.ғ.д., проф. И.В.Северский
Шаруашылық келісім шарт жұмыстары:
1 – жоба келісімшарт бойынша – «Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы алаптары бойынша суару мақсаттары үшін пайдалануға болатын жыл сайынғы жаңартылатын су ресурстарын бағалау және болжау" жобасы бойынша ҚР АШМ АШҒЗИ-менжасалған.
1 жоба келісімшарт бойынша – «Метеорологиялық сипаттамалардың кеңістіктік және уақытша өзгермелілігін ескере отырып, Шығыс Балқаштың су ресурстарын бағалау» жобасы бойынша «Қазақстандық қолданбалы экология агенттігі» ЖШС-мен жасалған.
1 – жоба келісімшарт бойынша – «Оңтүстік Қазақстан облысындағы ландшафтық зерттеулер, экологиялық-географиялық карта құру, өсімдіктің шикізат қорын анықтау, эфир майын алу және биология саласындағы қолданбалы зерттеулер» атты тақырыптарды іске асыру аясында Оңтүстік Қазақстан облысының эфир майлы өсімдіктерінің таралу аймағының картасын құру жоба бойынша Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетімен жасалған.
1 – жоба келісімшарт бойынша –«Рекреациялық әлеуетті тұрақты пайдалану мақсатында экологиялық жүктемені айқындай отырып, Шортанды-Бурабай курорттық аймағының экожүйелерін кешенді бағалау» бағдарламасы бойынша және «Қызылорда облысының атласын және ГАЖ-технологиялар негізінде интерактивті карталарды құру» ҒТП BR05236529 жобасы бойынша «Астана» Халықаралық ғылыми кешені» ЖМ-мен жасалған.
1 - Орталық Азия Университетімен келісім бойынша ЖМ-мен жасалған интерактивті этнографиялық карта
1 - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік келісім бойынша жасалған.