ТАБИҒИ-ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҮЛГІЛЕУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ДАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКСПЕДИЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ ТУРАЛЫ 2018 ЖЫЛҒЫ
ҚЫСҚАША АҚПАРАТ
Трансшекаралық Ертіс өзені алабының су нысандарында далалық зерттеулер «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы өзендерінің трансшекаралық алаптары: 2050 жылға дейінгі кезеңге климаттық өзгерістер мен шаруашылық қызмет жағдайларында халықты және экономиканы тұрақты сумен қамтамасыз етудің ғылыми-қолданбалы негіздері» бағдарламасы шеңберінде, «Климаттық өзгерістер мен шаруашылық қызмет жағдайларында Іле және Ертіс өзендерінің трансшекаралық алаптары аумағын және халықты тұрақты сумен қамтамасыз етудің ғылыми-қолданбалы негіздері» 9 ішкі бағдарламасы бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес 2018 жылы жүргізілді
Далалық зерттеулердің мақсаты: келешектегі зерттеулерді ұйымдастыру үшін "Бұқтырма – Балқаш" каналы бойынша ағысты бұрудың болжамды трассасының учаскесін таңдау және қарастыру.
Дала зерттеулерінің міндеттері: 1) "Бұқтырма – Балкаш" каналының болжамды трассасының учаскелерін алдын ала тексеру; 2) "Бұқтырма – Балкаш" каналының бас тоғаны үшін учаскені тексеру және таңдау; 3) Ертіс өзені алабының зерттелмеген сол жағалаудағы су шығынын өлшеу.
Далалық жұмыстардың мерзімдері және оларды орындау. Далалық зерттеу жұмыстарының мерзімдері 2018 жылғы 5 - 29 шілде айлары аралығында бекітілген.
Зерттеу жүргізу бағыттары су нысандарын зерттеу үшін барынша тығыз қамту есебінен жасалды.
Далалық зерттеулер белгіленген мерзімде басталды және аяқталды. Техника және өлшеу жабдықтары штаттық режимінде жұмыс істеді. Белгілі бір маршруттардың бағыттары мен ұзақтығы жолдардың қиын болуы мен өтпеуіне байланысты өзгерді.
Экспедициялық топтың жатақ тұруы далалық шатырлы жағдайда өтті (1 сурет).
Далалық зерттеудің негізгі нәтижелері. Далалық алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізу барысында болжамды арнаның бас су жинағышының учаскесі (I нұсқа), Маңырақ жотасынан солтүстік-батысқа қарай, 400 м абс белгісінде екені анықталды (2 сурет).
Көл шұңқырына іргелес су бөлу кеңістігінің бір бөлігі ең тар жолақта 10 м-ден, ал ең кең жерде 50 м-ге дейін қашықтықта өтеді (3 сурет).
Болжамды су тоғаны Жайсан көлі шығыс бөлігінің сол жағалауында, Қара Ертіс өзені сағасынан 30 шақырымды қашықтықта орналасқан.
Су көтерілу биіктігі 600 м. болжанған бас тоғаннан 166 шақырымға Тарбағатай жотасының сілемінен 1000 м абс белгісінде өтеді., ол шартты су айрығы болып табылады. Балхашқа дейінгі арна ұзындығының қалған 636 шақырымды су ағыны өздігінен ағатын тәртібінде қашықтықты өтеді.
Бұқтырма суын Балкаш көліне үлестіруінің екінші нұсқасы бойынша каналдың бас бөлігінің болжамды бас тоғаны Көкпекті өзені сағасының оң жағалауы ауданында орналасқан (4 сурет). Су көтерілу биіктігі 416 м абс құрайды, арна ұзындығы 86 шаұырым қашықтыққа. Одан әрі арнаның трассасы I нұсқадағы арнаның трассасымен сәйкес келеді.
Ертіс өзені алабының сол жағалауындағы гидрологиялық жұмыстардың жұмыс сәттері (5 сурет).
Ертіс өзені алабының сол жағалауындағы кейбір өзендердің су режимінің жай-күйі (6,7 суреттер).