“География институты” ЖШС Гляциология зертханасының КҒҚ, З. Р. Сайдалиеваның Тәжікстандағы (Душанбе қ .) іссапары туралы ЕСЕБІ

"География институты" ЖШС Гляциология зертханасының КҒҚ, З. Р. Сайдалиеваның Тәжікстандағы (Душанбе қ .) іссапары туралы ЕСЕБІ

Гляциология зертханасының кіші ғылыми қызметкері З. Р. Сайдалиева Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) бағдарламасы аясында "су саясатын зерттеудегі Орталық Азия мен Ауғанстаннан жас зерттеушілердің әлеуетін арттыру" атты 3-ші семинарға 2019 ж. 20-28 тамыз аралығында іссапарға жіберілді.

Screenshot_1

20.08.19 Душанбе қаласына келуі. "ATLAS" қонақ үйіне орналасуы.

Screenshot_2

21.08.19 Семинарға қатысушылардың презентациялары. The use of remotely-sensed soil moisture, snow and vegetation indices as predictor of in Kazakhstan (Қазақстандағы предиктор ретінде топырақ ылғалдылығын, қар жамылғысы мен вегетация индексін қашықтықтан зондылауды пайдалану) тақырыбында баяндама тыңдалды. Презентацияларды талқылау, топтартағы жұмыс.

22.08.19 ЕҚЫҰ семинарының ұйымдастырушылары Тахмина Жұмабаева мен доктор Кая Вегерихтің құттықтау сөзі. Семинар дәріскері доктор Ильхом Солиев (Германия Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университеті) және профессор Бьерна Клове (Оулу университеті, Финляндия).

23.08.19 Топта жұмыс істеу. Ғылыми мақаламен жұмыс жоспарын жазу. Мақаланың құрылымын, зерттеудің негізгі нәтижелерін таныстыру және талқылау.

24.08.19 Дәріскер профессор Бьерн Кловамен жеке жұмыс. Әзірленген ғылыми зерттеу құрылымына түзетулер енгізу.

25.08.19 "Ғылыми мақаланы беру, қарау және қайта қарау процесі"тақырыбына дәріс.

26.08.19 Мақаламен жұмыс.

Screenshot_3

27.08.19 Жабылу рәсімі және сертификаттарды тапсыру. Түйіндемелер және келесі қадамдар: курс барысында қозғалған мәселелер бойынша ой-пікірлер. ЕҚЫҰ семинарына баға беру.

28.08.19 Алматыға ұшу.