Кіші Алматы өзені алқабындағы қар көшкіндерін зерттеу

2022 жылғы 17-23 ақпан аралығында табиғи қауіп-қатерлер зертханасының қызметкерлері Благовещенский В.П және Гуляев Т. С 15 ақпандағы жауған қардан кейін Кіші Алматы өзенінің алқабында болған қар көшкіндеріне зерттеу жүргізді. Тексеру барысында қар жамылғысының тұрақтылығын тестілеу, қар көшкінінің көлемін картаға түсіру және бағалау жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша көшкін Бюллетені және көшкін қаупінің айтарлықтай деңгейі туралы ескерту шығарылды. Елеулі көшкін қаупінің дәлелі ретінде шаңғышының Ақбұлақ биік таулы курортында арнайы жүргізілген қар көшкініне түсу фактісі болды. Құтқару құралдарының болуы және қызметкерлердің сауатты іс-әрекеттерінің арқасында оны құтқаруға мүмкіндік болды.

 

1 Откапываение снежного шурфа

Қар шурфын қазу

Қар жамылғысының стратиграфиясын зерттеу

Қар жамылғысының стратиграфиясын зерттеу

Көшкін жағдайын зерттеу

Талғар асуындағы қар көшкіні

Шымбұлақ тау курортындағы қар көшкіні

Шымбұлақ тау курортындағы қар көшкіні