Көшкін қауіпсіздігі туралы дәріс

Табиғи қауіп-қатерлер зертханасының қызметкерлері, география ғылымдарының докторы В.П. Благовещенский және техника ғылымдарының кандидаты В. В. Жданов 2022 жылғы 15 сәуірде Алматы қаласының туристері мен шаңғышылары үшін көшкін қауіпсіздігі бойынша тегін дәріс өткізді. Дәріс барысында тыңдаушылар көшкіндер туралы, олардың пайда болу себептері, көшкін қаупін бағалау әдістері, көшкін қауіпсіздігінің ережелері туралы түсінік алды. На лекции присутствовали 19 человек. В комментариях социальной сети многие выразили благодарность организаторам и отметили ее актуальность. Дәріске 19 адам қатысты. Әлеуметтік желіде пікір білдірушілер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, бұндай дәрістің өзектілігін атап өтті.

Дәрісті тыңдаушылар
В. В. Жданов көшкіннің түрлері туралы түсінік беруде
В. В. Благовещенский құтқару құралдарын көрсетіп тұр
Қатысушылармен сурет