«География және геоэкология мәселелері» журналы

Журналдың сайты

«География және геоэкология мәселелері» ғылыми мерзімді журналы 2007 жылдан бастап басылымға шығады,  халықаралық  ISSN 1998 – 7838 және 24155Қазпошта жызылу индексіне ие.

 

Журналдың баспаға шығуының мерзімділігі –  тоқсанына 1 нөмер, жылына 4 нөмер.

 

Ұйымдастырушы және баспаға шығарушы «География институты» ЖШС, Алматы қ, Қазақстан Республикасы.

Импакт-фактор – 0,016 (Қазақстандық «ҰО ҒТА» АҚ дәйек сөз базасы бойынша).

 Мақалалардың мәтіні және басқа да материалдар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде беріледі.

 Журналдың басты міндеті - география мен геоэкологияның Қазақстандағы және шет елдегі теориялық және әдістемелік жетістіктерін жан-жақты баяндау, оларды экономикадағы және қоғамдағы өмірлік тәжірибеде пайдалану, сондай-ақ, географиялық және геоэкологиялық ғылымдардың өзекті сұрақтарын кең ауқымда талқылау.

Журналда география және геоэкология ғылымдарының проблемалық сұрақтарына арналған мақалалар және де теориялық, әдістемелік, эксперименттік және қолданбалы сипаттағы ғылыми жаңалықтар, тақырыптық шолулар, сыни мақалалар мен сын пікірлер, сондай-ақ, редакцияға келетін хаттар түріндегі география және геоэкология саласының отандық және халықаралық ұйымдарының қызметтері жайлы ақпараттар, ғылыми өмірдің хроникасы, библиографиялық мәліметтер жарияланады.

Журнал жоғары және орта кәсіби оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамына, магистранттарға, PhD докторларға, ғылыми-зерттеу институттардың, министрлік пен ведомствалардың, кәсіби салалық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлеріне арналған.

Журналдың редакциялар алқасы, шетелдік ғалымдар қатысатындықтан және де география мен геоэкология ғылымдарының әртүрлі салаларының мамандарынан тұратындықтан ауқымы кең. Журналға тапсырылатын мақалаларға рецензия беру үшін, география және геоэкология саласының барлық салалары бойынша, отандық және шетелдік мамандар тартылады.