ИНСТИТУТТЫҢ  БАСШЫЛАРЫ

Қазақстанда география ғылымының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан Cектор, Бөлім және география Институтының ғалымдар - басшылары:
ҚАЗССР ҒА ГЕОГРАФИЯ СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІЛЕРІ

 

Симонов Петр Васильевич (1907-1942) - экономикалық географ, КСРО ҒА Қазақ филиалының география секторының бірінші басшысы. 1938 жылдың желтоқсан айдан 1941 жылдың қарашасына дейін география секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Баранский Николай Николаевич (1881-1963) - ірі экономикалық географ, көрнекті қоғам қайраткері, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, Социалистік Еңбек Ері. 1941-1943 жылдары сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Назаревский Олег Ростиславович (1910-1991) – күрделі географ, география ғылымдарының докторы, 1944-1945 жылдары сектор меңгерушісі болған.

Пальгов Николай Никитич (1889-1970) - географ және гляциолог, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА алғашқы академик-географы, Еңбек сіңірген ғалым (1945-1961).

Назаренко Иван Михайлович (1914-1994) - экономикалық географ, география ғылымдарының кандидаты. 1961-1963 жылдары Қазақ КСР ҒА география бөлімінің меңгерушісі болған.

Айталиев Жархан (1903-1970) – геолог, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі,
Қазақ КСР ҒА география секторының меңгерушісі (1963-1966) болған.

 

ҚР БҒМ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТТЫҢ БАСШЫЛАРЫ

(1983-2020)
Тоқмағамбетов Ғанибек Асқарұлы (1932-1992) - географ және гляциолог, география ғылымдарының кандидаты, 1966-1983 жылдары география секторының меңгерушісі болды, кейін География институтының Басшысы болды (1983-1985).

Турсунов Абай Абдрахманұлы (1933 т.ж.)  - географ-гидролог, гидротехник, профессор, Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясының академигі (Мәскеу, Рессей), Халықаралық ақпарат академиясының академигі, 1985-1986 жылдары Басшысы болған.

Мұқитанов Наурызбай Кшібайұлы (1941-1999 т.ж.)  - теория және география тарихы саласындағы белгілі ғалымдардың бірі. 1986 – 1987 және 1989-1994 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының География институтының Басшысы болды.

Голиков Николай Федорович - экономикалық географ, география ғылымдарының докторы, профессор. 1987-1988 жылдары География институтының директоры болды. Қазақ КСР Ғылым академиясының География институтының директоры болды.

Северский Игорь Васильевич - 1936 жылы туған, қар көшкіні жөніндегі маман, гляциолог, география ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. 1989-2001 жылдары География институтының Басшысы, 2001 жылғы мамырдан бастап - Құрметті Басшы.

Медеу Ахметқал Рахметуллаұлы - 1950 жылы туған, географ-геоморфолог, қауіпті процестер саласындағы маман, география ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі 2001 жылдың сәуірінен 2020 жылдың мамырына дейін. География институтының Басшысы, 2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма Төрағасы.