2023 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласында осы құрылымның 30 жылдығына және Қазақстанда ЮНЕСКО-ның Орта мерзімді стратегиясын іске асыруды бағалауға арналған Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының мерейтойлық отырысы өтті.
Қазақстандағы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е. Т. Карин бұл отырыс Ұлттық комиссияның 2021-2022 жылдарға арналған қызметі бойынша есепті отырыс екендігін, сонымен қатар еліміздің аумағында ЮНЕСКО нысандарының сақталу проблемасына ерекше назар аударғанын, сондай-ақ барлық қатысушыларға Қазақстан үшін маңызды оқиға, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ханымның жоспарланып отырған елімізге сапары жайлы айтып, Ұлттық комиссияның қызметін жақсарту бойынша бірқатар іс-шараларды ұсынды.
Ұлттық комиссияның қызметі туралы құттықтау сөз және қысқаша баяндамамен Қазақстандағы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының бас хатшысы және отырыс модераторы Байсабаева Әлия Ғазизқызы сөз сөйледі.
Отырыста ҚР ҒжЖБМ Вице – министрі К.А. Ерғалиев сөз сөйлеп, отырысқа қатысушыларды ҚР жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған министрлік әзірлеген тұжырымдамасы туралы хабардар етті және жұмыстың негізгі нәтижесі жайлы айтып өтті.
Вице-Министр қатысушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі келісіміне (ЮНЕСКО) сәйкес география және су қауіпсіздігі институты жанынан 2020 жылы Қазақстан Республикасында ЮНЕСКО қамқорлығымен әлемдегі жалғыз Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (2-санат) құрылғанын айтты, кейінірек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 636 Қаулысымен ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетіне тікелей бағынуға берілді.
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі вице-министрден ҚР Президенті Қ.Ж Тоқаевтың еліміздің озық ғылыми институты география және су қауіпсіздігі институтын ғимаратпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы сұрады, бірақ Қ. А. Ерғалиевтің бұл мәселе әлі де қарастырылуда деген жауабы ҚР Мемлекеттік хатшысын қанағаттандырмады және ол осы мәселені шешуді жеделдетуді, яғни институт пен гляциологиялық орталықты өз ғимараттарымен қамтамасыз ету қажеттігі туралы атап өтті.
Отырысқа ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия гидрологиялық комитетінің Ұлттық Төрағасы, "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, география ғылымдарының докторы Медеу Ахметқал Рахметоллаұлы және ЮНЕСКО жанындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының директоры, профессор Балықбаев Такир Оспанұлы қатысты.
Отырысқа қатысушылар Жер климатының антропогендік өзгеруі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін сақтау, дүниежүзілік мәдени мұраны сақтау және басқа да көптеген тақырыптарға қатысты мәселелерді қозғап, талқыланды.