«Су ресурстарының шектеуі жағдайында Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқарудың географиялық негіздері» жобасы бойынша далалық зерттеулер

«Су ресурстарының шектеуі жағдайында Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқарудың географиялық негіздері» жобасы бойынша далалық зерттеулер

 

Зерттеу тобының құрамы: АҒҚ Крылова В.С., БҒҚ Басова Т.А., АҒҚ Маканова А.У., КҒҚ Кудерин А.А., КҒҚ Омаров А.Н.

 

Сапар күні: 10  шілдеден 11 тамыз 2018 жыл аралығы

 

Мақсат: Жамбыл облысының жер және су ресурстарын бағалау үшін далалық зерттеулерді жүргізу

 

Міндеттер:

- пайдаланылатын және өңделетін ауыл шаруашылығы алқаптарының кескіндеріне түзетулер жүргізу;

- ауыл шаруашылықта игеру жерлері үшін суландыру көздерін анықтау және олардың ахуалын бағалау;

- Жамбыл облысының суармалы және жайылым жерлерінің деградациялануына зерттеулер жүргізу, бүлінген алқаптарды анықтау.

 

«География институты» ЖШС ландшафттанушылар тобы 10 шілдеден 11 тамыз 2018 жыл аралығында Жамбыл облысының жер және су ресурстарына далалық бақылаулар жүргізді.

 

Маршруттар облыстың әртүрлі аудандарында мал және өсімдік шаруашылығында пайдаланылатын жерлерді бақылау мақсатында жасалған болатын. Осылайша, әртүрлі табиғи жағдайларда – өзендік кешендерде, құмды массивтерде және тау беткейлерінде орналасқан, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер қамтылды.

Предгорные равнины, традиционно используемые как пастбища (близ п. Талдыбулак Меркинский район)

Дәстүрлі түрде жайылым ретінде пайдаланылатын тау беткейі жазықтықтары (Мерке ауданының Талдыбұлақ ауылы маңы)

Предпесковая зона массива Мойынкум, используемая для выпаса скота (близ п. Акыртобе, район им.Т.Рыскулова)

Мал өрісіне пайдаланылатын Мойынқұм массивінің құмды бөктері зонасы (Ақыртөбе ауылы маңы, Т.Рысқұлов ауданы)

Естественные сенокосные угодья вдоль р. Курагатты (Меркинский район)

Құрағатты өз. бойындағы табиғи шабындық жерлері (Мерке ауданы)

Речная долина р.Ассы, используемая для выпаса скота (близ п. Бирлесу–Енбек, Жамбылский район)

Мал өрісіне пайдаланылатын Ассы өз. өзен аңғары (Бірлесу-Еңбек ауылы маңы, Жамбыл ауданы)

Далалық жұмыстарды жүргізу бағдарламасына сәйкес, ауыл шаруашылығын игеру жерлерінің (жайылым, егіндік) кескіндері мен түрлері және олардың өнімділіктері сипатталды және нақтыланды, олардың суландыру көздері анықталды.

Выращивание кукурузы и бахчевых (орошение бороздами, прорытыми вручную)

Жүгері және бақша дақылдарын өсіру (қолмен қазылған сайлар бойымен суармалау)

Выращивание свеклы и лука (капельное орошение)

Қызылша және пияз өсіру (тамшылатып суармалау)

Возделывание садов (слева - по современной технологии «сад под ключ», справа - традиционно)

Бау-бақшаларды егу (сол жақта - заманауи «интенсивті технология» бойынша, оң жақта – дәстүрлі түрде)

Выпас КРС на убранном злаковом поле с подвозом воды для водопоя (Шуский район)

Жиналған астық алқабында, суатқа арналған су тасымалдаумен ІҚМ өрісі (Шу ауданы)

Ерекше назар суландыру жүйелеріне бөлінген. Бұндайларға облыстың барлық ірі өзендерін, сондай-ақ суармалау мақсаттарына бөлінген каналдар желісін жатқызуға болады. Жұмыстар барысында өзендер мен арналардың жағалық сызықтарының жағдайы, олардың арналары, арналар бұрылған жерлері бақыланған болатын

2018-12-19_121850

Бақылаудың жеке тармағы болып Тасөткел су қоймасына бару және одан бөлінген Шу ауданының суармалау массивтерін суарып жатқан магистральді канал (МК) саналады.

Плотина Тасуткольского водохранилища и схема оросительных сетей

Тасөткел су қоймасының тоғаны. Суландыру желілерінің сызбасы

 Вид с плотины на Тасуткельский МК и насосные установки вдоль Тасуткельского МК

Тасөткел МК тоғаннан көрініс. Тасөткел МК бойындағы сорғы құрылғылары.

Сонымен қатар жергілікті су көздері зерттелінді (ұңғымалар, арықтар)

Типичная организация водопоя в фермерских хозяйствах области

Облыстың фермерлік шаруашылықтарында суатты әдеттегідей ұйымдастыру

Фермерская усадьба, в прошлом организованная близ скважины зимовка, с местом водопоя скота (Байзакский район)

Фермерлік шаруашылық, бұрында ұңғыма маңында ұйымдастырылған, мал суаты бар қыстау (Байзақ ауданы)

Облыстың арықтар жағдайы көбінесе қолайлы, олар суға толы келеді. Дегенмен, бұзылған күтімсіз қалған арықтар да орын алады (үйінді арналар)

2018-12-19_121936

Сонымен қатар, өлшеулер жүргізу нәтижесінде жайылымдар өнімділігі, азық сыйымдылығы, азық қоры бойынша мәліметтер нақтыланды. Оның барлығы жиынтық түрінде өсімдік жамылғысының бүліну сипатын және деградациялану деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

Пример использования сетки Раменского для определения урожайности растительности песчаных массивов и предгорий

Құмды массивтер мен тау беткейлеріндегі өсімдік жамылғысының өнімділігін анықтау үшін Раменский торын пайдаланудың мысалы

Тұтас алып қарағанда, барлығы 51 нүкте зерттелінді. Жұмыстар барысында бланкілер толтырылды: егін салатын жерлерге арнайы геоботаникалық сипаттамалар, сондай-ақ жайылымдар үшін суландыру пунктері мен суармалау көздері сипатталды.

Также фиксировались случаи антропогенного загрязнения, негативно сказывающиеся на экологическом состоянии земельных и водных ресурсов.

Сонымен қатар, жер және су ресурстарының экологиялық жағдайына теріс әсер қалдыратын антропогендік ластану оқиғалары бекітілген болатын.

Пластиковые шланги оросительных систем. Нарушение правил хранения и внесения удобрений

Суландыру жүйесінің пластикалық құбыршектері. Тыңайтқыштарды сақтау және ендіру ережелерінің бұзылуы

Заиление оросительных каналов и несвоевременная очистка

Суландыру каналдарының тұнбалануы және уақытылы тазартылмауы

Экспедициялық зерттеулердің нәтижелері бойынша, қойылған мақсаттар мен міндеттер «Су ресурстарының шектеуі жағдайында Жамбыл облысының ауыл шаруашылықта игеру жерлерін басқарудың географиялық негіздері» жобасының далалық жұмыстар Бағдарламасына сәйкес, толық көлемде орындалды:

- пайдаланылатын және өңделетін ауыл шаруашылығы алқаптарының кескіндері түзетілді;

- ауыл шаруашылықта игеру жерлері үшін суландыру көздері анықталды (жайылым және суландырылатын егін алқаптары) және олардың жағдайларының түйінді бағалануы жүргізілді;

-  Жамбыл облысының суармалы және жайылым жерлерінің деградациялануын зерттеу және бүлінген алқаптарды анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.

Далалық мәліметтерді өндеу кезінде, алынған нәтижелер жоба бойынша ағымдық және қорытынды есептерде көрсетілген болатын.